жү рек шеге баратын тамыр. Нұсқамалар –
рін есептеп шығаруға болады. Белок құрамында орта есеппен 16
263
қабылдаған жəне бөлген азот айырмасын 6,25 коэффициентіне
көбейту арқылы денеде жинақталған белок мөлшерін анықтайды.
Денеде бұзылған белоктың мөлшерін зəр мен тер құрамында
бөлінген азот мөлшерін 6,25 коэффицентіне көбейту арқылы
біледі. Дегенмен, бұл əдіс зат алмасу процесінің сапалық жағын
көрсетпейді, жеке ағзалар мен ұлпалардағы күрделі құбылыстар
жайлы мағлұмат бере алмайды, ол тек зат алмасудың қарқынын
ғана көрсетеді.
Жеке ағзалар мен ұлпадағы зат алмасу процесін зерттеу үшін
органдарды оқшаулау, тамыр көбектеу, тамыр сүңгілеу (кате-
терлеу) əдістері кеңінен қолданылады.
Қазіргі кезде зат алмасу процесін зерттеу мақсатында
таңбаланған атомдар да кеңінен қолданылады. Бұл əдіс
бойын-
ша алмасу жолы зерттелетін заттар арнаулы өңдеуден өткізіледі
де, олардың құрамындағы жеке элементтердің массасы мен
радиоактивтік қасиеттері өзгеріп, изотоптар пайда болады. Осы
тəсілмен құрамына қалыпты азот, көміртегі, фосфор, күкірт орны-
на олардың радиоактивті изотоптары енген (мысалы, массасы 35-
ке тең азот атомы (N
35
) немесе массасы 14-ке тең көміртегі атомы
(C
14
), массасы 35-ке тең күкірт атомы (S
35
), массасы 32-ге тең фос-
фор атомы (Р
32
), т.б. амин қышқылдары мен басқа да органикалық
жəне минералды қосылыстар алынады. Бұл заттардың ағзалар
мен ұлпаларға таралуына қарап, олардың зат алмасудағы рөлін
анықтайды. Аталған радиоактивті изотоптарды бақылау үшін
ұлпаларды радиометриялық немесе масс-спектрометриялық
тек серулерден (атомдар мен молекулаларды массасына сəйкес
жіктеу) өткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: