Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет202/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

Тараудың қысқаша сөздігі

Айналшық –

 анус, задний проход



Алқым без – подчелюстная железа

Аш ішек – тощая кишка

Ащы ішек – тонкая кишка

Бөтеге – зоб птицы

Бұғақ без – подъязычная железа

Бүйен – слепая кишка

Жиек ішек (қарта, қима) – ободочная кишка


259

Жіңішке ішек, ұлтабар ұшы – двенадцатиперстная кишка

Кекіру – отрыгивание

Кілегейлі (шырышты) қабық – слизистая оболочка

Кіріккі – крипты

Көмкерме торша – обкладочная клетка

Күйістеу – жевание

Күйістік – жвачка

Қосымша торша – добавочная клетка

Мықын ішек – подвзошная кишка

Негізгі торша – главная клетка

Өңеш науасы – пищеводный желоб

Өт бөлу – желчевыделение

Өт түзу – желчеобразование

Өт шығару – желчеотделение

Саңғуыр - клоака

Сілекей – слюна

Сілекей өзегі – слюнной проток

Сілемейлі қабық – слизистая ротовой полости

Сіңіру – всасывание

Сірқабық – кутикула

Сірнелі (серозалы) без – серозная железа

Ұлтабар – сычуг

Ұлтабар ұшы – двенадцатиперстная кишка

Шайнау – жевание

Шықшыт без – околоушная железа

Шырышты без – слизистая жел

еза



260

9-т а р а у 

ЗАТ ПЕН ЭНЕРГИЯНЫҢ АЛМАСУЫ

9.1. Зат алмасудың биологиялық мəні, процестері, кезеңдері

Тірі организм өлі табиғаттан өзінің химиялық құрамының са-

лыстырмалы тұрақтылығын сақтау мүмкіндігімен ерекшеленеді. 

Осының арқасында оның тітіркенгіштік, қозғыштық қасиеттері 

сақталып, өсу, даму, көбею сияқты қызметтері атқарылады.

Организмнің əрбір торшасының молекулалық құрамы үздіксіз 

жаңарып отырады. Олардың кейбіреуі толық бұзылады да, жаңа 

молекулалармен алмасады, ал кейбіреулері жартылай өзгерістерге 

ұшырайды. Осындай өзгерістер үстінде өзінің биологиялық 

құндылығын жоғалтқан заттар алмастырылады. Сол себепті кез 

келген организм өзінің тіршілік əрекетін сақтау үшін сыртқы 

ортадан құрылымдық материалдар қабылдап отыруға мəжбүр 

болады. Тіпті, организм сүйеніші болып табылатын сүйектің өзі 

құрамын үздіксіз жаңартып отырады. Тірі организмдегі осындай 



химиялық жəне физикалық өзгерістер жиынтығын зат алмасу 

деп атайды.

Жеке торшалар мен бүкіл организмдегі зат алмасу организм-

ге сыртқы ортадан азық құрамында келген қоректік заттардың 

өзгерістерімен, олардың цитоплазма құрамына енуімен байла-

нысты. Демек, зат алмасу дегеніміз - тіршілік процестерінің 

химиялық қозғалысы.

Тірі материяның химиялық жүйесіне тəн қасиеттің бірі – 

құрылымдық өзгерістер мен энергия алмасуының біртұтастығы. 

Торшалардың құрамындағы химиялық заттар бір жағынан 

құрамының тұрақтылығымен ерекшеленсе, екінші жағынан 

ферменттердің əсерімен ыдырап, энергия көзіне айнала береді. 

Бұл қасиеттер коллоидтар түрінде кездесетін ірі молекулалы 

қосылыстарға тəн. Демек, зат пен энергияның алмасуы біртұтас 

процестің екі беті, бірақ түсінуге жеңілірек болу үшін оларды 

жеке талқылаймыз.



Зат алмасу (метаболизм) - бір-бірімен тығыз байланысты 

екі процестің жиынтығы. Олар ассимиляция жəне диссимиля-

ция.  Ассимиляция нəтижесінде қарапайым заттардан торшалар 

құрамындағы күрделі органикалық қосылыстар түзіледі, тор-

шалардың құрылымы күрделіленеді. Бұл процесте химиялық 




261

бос энергиялар пайдаланылады, сондықтан ассимиляция эндо-

эргиялық құбылыс.

Диссимиляция нəтижесінде торшалардағы күрделі қосылыс-

тар қарапайым заттарға ыдырап, энергия босайды, бұл - 

экзоэргиялық құбылыс. Бұл энергияны организм өзінің тіршілік 

əрекетін сақтау, өсіп-өну үшін жұмсайды жəне энергияның басқа 

түрлеріне (механикалық, электр, жылу энергияларына) айнал-

дырады. Анаболизм əртүрлі межелерден басталып, бір мəреде - 

нақтылы өнім түзумен аяқталады. Катаболизм, керісінше, нақ-

тылы бір межеден - қосылыстан (белок, көмірсулар, майлар) ба-

сталып, əртүрліөнімдер түзумен аяқталады.

Зат алмасу процесі үш кезеңде өтеді. Оның алғашқы кезеңі 

сыртқы ортадан қабылданған қоректік заттардың организмде ме-

ханикалық, химиялық, биологиялық өңдеуден өтіп, қоры ты луы-

нан басталады. Сол себепті ас қорыту процесін зат алмасудың 

бастапқы кезеңі деп атайды.

Ас қорыту жолынан ыдырау өнімдерінің қан мен лимфаға 

сіңуімен екінші саты басталады. Бұл кезеңде əртүрлі органика-

лық заттар ыдырап, синтезделіп, көптеген аралық жəне ақырғы 

алмасу өнімдері пайда болады, қоректік заттар энергия көзі, 

құрылымдық материалдар ретінде пайдаланылады.

Зат алмасу процесінің соңғы, үшінші кезеңі организмде пайда 

болған ыдырау өнімдерін бөліп шығару болып табылады.

Организмде қалыпты жағдайда жүретін күрделі биохимия-

лық процестер жиынтығын жалпы зат алмасу деп атайды. Ол 

жо 


ғарыда баяндалған кезеңдер мен процестерден тұрады да, 

көп 


теген сыртқы жəне ішкі факторларға байланысты өзгеріп 

оты рады.

Организмдегі маңызды физиологиялық процестер (орга 

ни-


калық заттардың түзілуі, тыныс алу, қан айналым, ет тонусы, дене 

жылуын сақтау, т.б.) мен тіршіліктік мəні жоғары ағзалардың 

мұқтаждығын салыстырмалы тыныштық пен ашқарын жағдай-

ында қамтамасыз ететін зат алмасу деңгейін негізгі зат алмасу 

дейді.

Негізгі зат алмасу процесін зерттеу үшін үш шартты сақтау 



керек. Олар: 1) Салыстырмалы тыныштық; 2) Қоршаған орта ның 

бейтарап температурасы (мал үшін жағымды - оптималды деңгей); 

3) Ашқарын жағдайы (ас қорыту жолында азық қалдығының бол-

мауы). Аталған шарттардың соңғысын сақтау малды зерттегенде 

мүмкін емес. Осы себепті малда жалпы зат алмасуды зерттейді. 

Негізгі зат алмасуды тек ит пен мысықта ғана анықтауға болады.




262

Қоректік заттардың ас қорыту ағзаларынан сіңгеннен кейінгі 

күрделі химиялық өзгерістерінің жиынтығын аралық зат алма-

су деп атайды. Бұл процестің арқасында организм өзінің тіршілік 

əрекетін қамтамасыз ететін жəне əртүрлі өнімдерді өнді 

руге 

қа жетті заттар мен энергияны алады, пайдаланады. Қорек 



тік 

заттардың организмде түрленуін қамтамасыз ететін хи 

мия 

лық 


өзгерістер тіркесін алмасу (метаболизм) жолы, ал оның нəти-

жесінде түзілген заттарды - аралық не соңғы алмасу өнімдері не-

месе метаболиттер деп атайды.

Аралық зат алмасу белоктардың, көмірсулардың, майлардың, 

су мен минералды заттардың алмасуы болып бөлінеді. 

Белгілі бір өнім өндіру (сүт, ет, жұмыртқа, жүн) немесе жұмыс 

атқаруды қамтамасыз ететін зат алмасу процесінің деңгейін 

өнімдік зат алмасу деп атайды. Мысалы, 1 кг шөпті қорыту үшін 

сиыр 461 кДж энергия жұмсайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет