Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Организмде күрделі белоктардың алмасуы



Pdf көрінісі
бет209/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

Организмде күрделі белоктардың алмасуы. Күрделі бе-

лок 


тардың арасында құрамына белоксыз зат ретінде нуклеин 

қышқылдары енетін нуклеопротеидтердің маңызы зор. Нуклео-



протеидтер торшалар ядросының, цитоплазмасының құрамына 

кіреді, олар торша белоктарын түзуде зор рөл атқарады. 

Торшалардың дамуы, өсуі, көбеюі сияқты күрделі процестерді 

атқаруда дезоксирибонуклеин (ДНК) жəне рибонуклеин қыш-

қылдарының (РНК) маңызы зор. ДНК ядро, ал РНК цитоплазма 

құрамында болады. ДНК РНК-ның құрылымын, ал РНК түзілетін 

белок молекуласының құрылысын анықтайды.

Нуклеин қышқылдары нуклеотидтер деп аталатын төрт ком-

поненттен құрылады. Əрбір нуклеотид азотты негізден, қанттан 

(пентозадан) жəне фосфор қышқылынан түзіледі. Мысалы, ДНК 

аденин, гуанин, цитозин жəне тимин атты азотты негіздерден

дезоксирибозадан жəне фосфор қышқылынан құралады. РНК 

құрамында аденин, гуанин, цитозин, урацил жəне рибоза мен 

фосфор қышқылы болады.

Ішек қуысында нуклеопротеидтер нуклеаза ферменттерінің 

əрекетімен қарапайым белоктар (протаминдер мен гистондар) 

мен нуклеин қышқылдарына ыдырайды. Нуклеин қышқылдары 

ұйқы безінің рибонуклеаза жəне дезоксирибонуклеаза  фер мен-

терінің əсерімен нуклеотидтерге ажырайды. Нуклеотидтер фос-

фор қышқылын бөлгеннен соң нуклеозидтерге айналып, қанға 

сіңеді де, органдар мен ұлпаларға тарайды. Олардан торша-

лар нуклеопротеидтері түзіледі немесе ұлпаларда нуклеозида-

за ферменттерінің əсерімен нуклеозидтер азотты негіздер мен 

қантқа ыдырайды. Осы процестердің нəтижесінде пурин (аденин, 



гуанин) жəне пиримидин (цитозин, урацил, тимин) негіздері мен 

пептозалар түзіледі. Одан əрі пуринді қатардағы азотты негіздер 

гидролиздік аминсіздеу процесіне ұшырап, несеп қышқылы 

түзіледі. Өз ретінде несеп қышқылы уриказа ферментінің 

əсерімен аллантоинға айналып, зəрмен бөлінеді. Ал нуклеин 

қышқылдары құрамындағы қанттар тотығып, көмір қышқыл газы 

мен су бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет