мен байланыста болады. Түрлі органдар мен ұлпаларда судың
мөл шері əртүрлі. Мидың сұр затында, бүйректе, өкпеде, бау-
йыз. Қанның құрамының 82 пайызы, тердің, сілекейдің, несептің,
организмдегі су мөлшерінің 49 пайызға жуығы сақталады. Одан
кейінгі орынды тері шелі алады. Денеде су не торша құрамында,
не одан тыс орналасады. Қан плазмасы, ұлпалық сұйық жəне
түзеді. Денедегі судың жалпы мөлшерінің (сақа малда) шамамен,
70 пайызы торша ішінде, 30 пайызы одан тыс орналасады.
289
Организмде су бірде көбейіп, бірде азайып отырады. Соған
қарамастан қанның осмостық қысымы əр уақытта тұрақты
деңгейде сақталады, себебі торша мен торша аралық сұйық
құрамындағы су үздіксіз алмасып, оның мөлшері үнемі реттеліп
отырады. Мал көп су ішсе, ол қанға өтіп, қанның қысымын
арттыруға тиісті. Бірақ қалыпты жағдайда мұндай ауытқулар
байқалмайды. Өйткені судың артық мөлшері қаннан су мен
тұздардың қоймасы болып табылатын тері шеліне, оның дəнекер
ұлпаларына өтіп кетіп, ал шектен артық мөлшері тер мен не-
сеп құрамында сыртқа бөлінеді. Су тапшы болған жағдайда су
қоймаларындағы судың есебінен оның қандағы деңгейі қалыпты
жағдайда сақталады. Денедегі судың жалпы мөлшерін қанға
«таңбаланған су» (дейтерий тотығын) егу арқылы анықтайды.
Организмге су ауыз сумен жəне азықпен келеді. Қабылданған
су мөлшері ауа райының жағдайына, азық сипатына, малдың жа-
сына, күтіміне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, жас төл
сақа малмен салыстырғанда, суды 3-4 есе көп ішеді. Құрғақ азық
балғын азықпен салыстырғанда, суды көбірек ішкізеді. Желінген
азықтың құрғақ затының əрбір килограмына шаққанда, жылқы
мен қой - 2-3 л, сиыр - 4-6 л, шошқа - 7-8 л су ішеді. Денедегі судың
біраз мөлшері қоректік заттардың - белок, май, көмірсулардың
тотығуы кезінде бөлінеді. Денеде 100 г белок тотыққанда, 41 г,
ал дəл осындай мөлшерде көмірсулар мен майлар тотыққанда
тиісінше, 55 жəне 107 г су бөлінеді.
Организм қабылдаған су қанға оңай сіңеді де, бауырдан өтіп,
бүкіл денеге тарап, алдымен торша аралық қуысқа, одан кейін
торшаларға өтеді. Торшалардан бөлінген су ұлпалық сұйық,
лимфа арқылы қанға өтіп, бөлу ағзалары əрекетімен сыртқа
шығарылады. Организмде су онкостық жəне осмостық қысым
деңгейіне байланысты алмасып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: