Су мен минералды заттар алмасуының реттелуі. Су мен
тұздардың алмасуын реттейтін орталық та гипоталамуста орна-
ласқан. Бұл жерде денедегі электролиттер концентрациясының
өзгерістерін сезінетін ерекше осморецепторлық торшалар бола-
ды. Осы торшалардың қозуы салдарынан жүйкелі-рефлекстік не-
месе гуморальдық жолмен бөлу органдарының қызметі өзгеріп,
ауытқыған осмостық қысым қалпына келтіріледі.
Аталған орталыққа денедегі су мөлшерінің ауытқуларын төрт
түрлі рецепторлар хабарлап отырады. Олар - ауыз қуысының
кілегейлі қабығындағы рецепторлар (кебірсінуден қозып, сусау
түйсігін тудырады), қарынның кілегейлі қабығындағы бароре-
цепторлар (қарын қабырғасының семуін сезініп, шөлдеу түйсігін
тудырады); ұлпалардағы осмостық қысымының өзгерістерін ха-
барлайтын осморецепторлар; тамырлар арнасындағы қан мөл-
шерінің өзгерістерін сезінетін волюм-рецепторлар.
Денедегі су мен минералды тұздардың алмасуын реттеуде
вазопрессин құрамына енетін антидиурездік гормон (АДГ) ма-
ңызды рөл атқарады. Қазіргі деректерге сəйкес бұл гормон ги-
поталамустың паравентрикулярлық жəне супраоптикалық ядро-
ларында синтезделеді де, одан əрі гипофиздің артқы бөлігіне
ке ліп жиналады. АДГ бүйрек түтікшелерінің қабырғаларындағы
гиалуронидазаны белсендіреді. Осының салдарынан бүйрек
тү
тікшелері эпителийінің торшаларын бекемдеуші гиалурон
қышқылы үйексізденеді де, бүйрек түтікшелерінің суды өт
кіз-
гіштік қабілеті жоғарылап, реабсорбция (кері сору) процесі кү-
шейеді, организмнен су бөлу азаяды.
Су мен минералды заттардың алмасуын реттеуде бүйрек үсті
безінің қыртысты қабатында түзілетін альдосторон гормонының
да маңызы зор. Ол бүйрек түтікшелерінің эпителийіндегі янтарь
қышқылының дегидрогеназасын белсендіріп, натрийдің кері
сорылуын күшейтеді. Ұлпаларда натрий концентрациясының
жоғарылауынан ондағы осморецепторлар тітіркенеді де, вазо-
прессиннің синтезделуін күшейтіп, судың денеде сақталуын
жақ сартады. Ал альдостеронның бөлінуін реттейтін бірнеше
ме ханизм бар. Оның бөлінуін гипофиздің адренокортикотропты
гор моны (АКТГ), гипоталамуста түзілетін адреногломерулотро-
пин, бүйректе синтезделетін ренин күшейтеді. Вазопрессиннің
əсерінен несеп түзілу баяуласа, минералды кортикоидтар
296
организмдегі ұлпалық сұйықтықты көбейтіп, сыртқа натрийдің
бөлінуін азайтады, калийдің бөлінуін арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: |