сақталады. Су мен минералды заттар тірі протоплазманың
зор. Су - зат алмасу процесіне қатысатын əртүрлі органикалық
жəне бейорганикалық заттардың əмбебап еріткіші. Ол - бар лық
көп су болады. Төл өсе келе денедегі су мөлшері азаяды. Мыса-
288
лы, жаңа туған бұзаудың денесінде 75 пайыз су болса, алты айлық
торпақта ол - 62 пайыз, сақа бұқа денесінде 52-55 пайыз құрайды.
Егер организмге су жетіспесе, онда оның органдарының қалыпты
жұмысы бұзылады, тіпті, өлім қаупі де төнеді. Мысалы, малға
су бермей қойса, ол бар болғаны 4-5 күнде өледі, ал егер оны су
бере отырып ашықтырса, мал 40-45 күндік аштыққа шыдай ала-
ды. Су іше жүріп ашыққанда мал өз салмағының 40 пайызын
жоғалтқанның өзінде тіршілік əрекетін сақтайды. Шөлдеу кезінде
дене массасының 10 пайызын жоғалту қауіпті, ал 20-22 пайызын
жоғалту өлімге əкеп соқтырады.
Денедегі минералды заттар көптеген биохимиялық реакция-
лардың катализаторлары болып табылады. Тұздар иондары фи-
зио
логиялық процестерге, мысалы, жүйке жүйесінің қозғыш-
тығына өзіндік əсер етеді. Денедегі судың мөлшері өзгерсе, ішкі
ортадағы тұздың құрамы ауытқыса коллоидтардың тұрақтылығы
бұзылып, жеке торшалардың жəне бүкіл организмнің тіршілік
əрекеті тоқтайды. Малға минералды заттар бермей қойса, басқа
органикалық заттар мен судың жеткіліктігіне қарамай, мал
тəбеттен айырылып, арықтайды да, тіпті, өліп те қалады.
Достарыңызбен бөлісу: