9.9. Дəрмендəрілер (витаминдер) жəне олардың маңызы
Дəрмендəрілер төмен молекулалы органикалық қосылыстар,
ол өсімдіктен синтезделетін, адам мен жануарлар тіршілігі үшін
аса қажет зат. Маңызды қоректік заттар - белоктар, көмірсулар,
липидтермен салыстырғанда дəрмендəрілер организмге өте аз
мөлшерде ғана қажет, бірақ олар зат алмасуда катализаторлық
қызмет атқарады. Азық құрамында дəрмендəрілердің болмауы
немесе тапшылығы зат алмасу процесін бұзып, түрлі ауруларға
(рахит, полиневрит, ақшам соқыр, т.б.) шалдықтырады.
Дəрмендəрілер тек жануарлар мен адамдардың қалыпты қыз-
метіне ғана емес, жоғары сатыдағы өсімдіктер мен микроор-
ганизмдерге де аса қажет. Өсімдіктердің қалыпты дамуы, мик-
роорганизмдердің өсіп-жетілуі де дəрмендəрілерге байла нысты.
Дəрмендəрілер мен ферменттер арасында да тығыз байланыс
қалыптасқан. Көптеген дəрмендəрілер белокпен қосылып фер-
менттер түзеді. Демек, организмде дəрмендəрілер жетіспесе,
құ рамында осы дəрмендəрі болатын ферменттің белсенділігі
төмендейді, белгілі бір биохимиялық процесс бөгеледі, не
бұзылады.
Дəрмендəрілер ерігіштік қасиетіне қарай майда еритін жəне
суда еритін топтарға бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |