Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет235/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   542
108-сурет. Полиневритпен ауырған 

тауық: 


біреуі ғана жетіспегеннің өзін де 

организмдегі биохимиялық реак ция лар 

өзгеріп,  түрлі  аурулар:  те рі    нің  қабынуы, 

көз бен ас қорыту ағза ларының аурула-

ры, жүйке жүйесі қыз  метінің бұзылуы, 

көбею органдары қыз метінің нашарла-

уы, антиденелер түзі луінің

Индонезия, Үндіқытай халықтарының арасында кең етек алған.

В

1

 дəрмендəрісі бидай мен күріш кебегінде, дəнді дақылдар 



тұқымында, жұмыртқада, етте, бұршақ дақылдарында, ашытқыда 

өте көп кездеседі.

В

1

 дəрмендəрісі майды, өсімдік пен микроорганизмдерде 



көмірсуларды түрлендіру процесінде маңызды рөл атқарады. 

Оның себебі, ол көмірсулар диссимиляциясы кезінде пайда бо-

латын пирожүзім қышқылының ыдырауын жандандыратын пи-

ру 


ватдекарбоксилазаның құрамына кіреді. Пирожүзім қыш 

қы-


лының карбоксилсізденуі кезінде анаэробтық жағдайда тірі жүйе 

үшін энергия көзі болып табылатын лимон қышқылы түзіледі. 

Осы себепті тиамин тапшылығы кезінде торшалардың тіршілік 



300

əрекеті бұзылады. Тиамин ацетилхолинді ыдырататын холинэ-

страза ферментінің əсерін бөгейді.

Тиаминді өсімдіктер синтездей алады, ал жануарлар мен адам-

дарда ондай қабілет жоқ. Сондықтан жылқы, шошқа, қоян азық 

құрамында бұл дəрмендəріні қабылдап отыруы керек. Күйіс малы 

тиаминге мұқтаж болмайды, себебі мес қарын микроорганизмдері 

оларды жеткілікті мөлшерде синтездейді. Жылқы мен шошқаның 

тиаминге тəуліктік сұранысы массасының əрбір 100 кг шаққанда 

тиісінше, 3-5 жəне 2-4 мг.



В

2

 дəрмендəрісі (рибофлавин) кейбір сары түсті ферменттер-

дің құрамына кіретін флавин тектес заттарға жатады. Ол өсімдік 

құрамында, жануарлар мен микроорганизмдер денесінде кең 

тараған. Рибофлавин балғын азықтар мен капуста құрамында, 

ашытқыларда, бауырда, жұмыртқада, бүйректе, сүтте көп бола-

ды. Ол зат алмасу процесінде маңызды рөл атқарады, түрлі фер-

менттер, əсіресе, тыныс ферменттерін синтездеу үшін қажет.

Организмде рибофлавин жетіспесе көмірсулар алмасуы бұ-

зылып, бауырда гликогеннің түзілуі баяулайды, сүт жəне пи-

ро 


жүзім қышқылдарының тотығуы нашарлайды. Бұл дəр 

мен-


дəрі белоктың алмасу процесін дұрыс жүргізу үшін де қажет. 

Ол жетіспесе, белок пен амин қышқылдарының пайдаланылу 

деңгейі төмендейді, көптеген амин қышқылдары еш өзгеріссіз 

несеп арқылы бөлінеді. Рибофлавин көру органдарының, жы-

ныс бездерінің, жүйке жүйесінің қалыпты қызметі жəне ұрықтың 

құрсақта дұрыс дамуы үшін қажет. Ол гемоглобинді синтездеу 

процесін реттеуге де қатысады. Рибофлавиннің жетіспеуінен 

организм гипохромдық анемияға, жүйке жүйесінің ауруларына 

шалдығады, əсіресе, оның нəрлендіру қызметі бұзылады.

Рибофлавин тапшылығына шошқа мен құстар сезімтал. Ол 

жетіспеген жағдайда балапандардың 

өсуі баяулап (109-сурет), іші өтеді де, 

олар сал ауруға шалдығып, өле бастай-

ды, ал сақа құстардың жұмыртқалау 

қабілеті төмендейді. Шошқалардың 

өсіп-жетілуі, дамуы баяулап, көзі аға-

рады, əлжуаздық байқалады. Күйіс 

ма 


лында рибофлавинге мұқтаждық 

бай қалмайды, тек емі зулі төлдер ғана 

оған мұқтаж болады. Ол жетіспесе 

бұзаулардың тəбеті төмендеп, іші өтіп

жүні түсіп, аузынан сілекей сорға

-

лайды.



Организмнің қалыпты тіршілігі 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет