301
үшін азықтың құрғақ затының əр кг-на тауық пен үйрек балапан-
дары - 3 мг, күрке тауық пен үйрек - 4 мг, торайлар - 0,5-5,3 мг,
меге жіндер - 2,1-3,2 мг рибофлавин қабылдау керек.
В
3
дəрмендəрісі (пантотен қышқылы) А коферментінің құ-
рамына енеді, оның қатысуымен организмде зат алмасу кезінде
пайда болатын сірке қышқылы мен басқа да қышқылдар
қалдықтары белсендіріліп, лимон қышқылы, стеролдар, глице-
ридтер жəне басқа көптеген қосылыстар синтезделеді. Жануар-
лар ұлпалары мен бактериялар денесінде пантотен қышқылы А
коферменті түрінде кездеседі. Ол бауырда, бүйрек үсті безде-
рінде, жүректе, жұмыртқаның сары уызында, бүйректе көп
жинақталады.
Пантотен қышқылы жеткіліксіз болған жағдайда малдың өсіп-
жетілуі баяулайды, терісі ауруға шалдығып, жүйке жүйесінің, ас
қорыту ағзаларының қызметі бұзылады. Бізде пантотен қыш-
қылының қабылдау нормасы азықтың құрғақ затының əр кило-
грамына тауық үшін 10 мг, ал торайлар үшін 10 мг, мегежіндер
үшін - 12 мг деңгейінде қабылданған.
В
4
дəрмендəрісі (холин) лецитиндер құрамында болады. Ол көп
мөлшерде жас жапырақтарда, ашытқыларда, дəнді дақылдарда,
күнжарада, бауырда, балық жəне ет ұнында кездеседі.
Холин бауырды май басудан сақтауда, майдың сіңімділігін
күшейтуде маңызды рөл атқарады, ацетилхолин медиаторын
синтездеуге қатысады. Бұл дəрмендəрі жетіспеген жағдайда
бүйректің құрылысы бұзылып (дегенерация), организмнің өсуі
баяулайды, жүйке жүйесінің қызметі нашарлайды.
Малдың холинге деген мұқтаждығы рацион құрамындағы ме-
тионин деңгейіне, организмнің фоли қышқылымен, цианкобала-
минмен қамтамасыз етілуіне байланысты өзгеріп отырады. Оның
нормасы əлі толық анықталмаған.
В
5
дəрмендəрісі (никотин қышқылы, РР дəрмендəрісі) тотығу-
тотықсыздану дегидрогеназасының құрамына еніп, тотығатын
органикалық заттардан сутегінің бөлінуін жандандырады. Ол
қарын сөлі мен ұйқы безі сөлінің бөлінуін өршітіп, жүрек жұмысын
жиілетіп, шеткі тамырлар арнасын кеңейтеді, эритроциттердің
түзілуін жақсартып, бауырдың қызметін реттейді, көмірсулар мен
майлардың алмасу процесіне əсер етеді.
Никотин қышқылы ашытқыларда, кебекте, бидай ұрығында
жəне жануарлардың ішкі ағзаларында (бүйректе, бауырда) көп
жинақталады. Кейбір жануарлар ұлпаларында ол триптофан амин
қышқылынан синтезделеді.
302
Никотин қышқылына көбінесе шошқа мен тауықтар зəру
болады. Оның тапшылығы рацион құрамында жүгерінің
үлесі көбейген, белоктар мен триптофан жетіспеген жағдайда
байқалады. Бұл дəрмендері тапшылығының салдарынан пелла-
гра деп аталатын ауру байқалады. Бұл ауруға шалдыққанда тері
зақымданады, іш өтеді, үлкен ми жарты шарларының қызметі
бұзылады, шартты рефлекстер өзгереді (110-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: