110-сурет. РР дəрмендəрісінің торайларға əсері:
А-пелла грамен ауырған то-
рай, Ə-сол торай никотин қышқылымен емдегеннен кейін
Никотин қышқылының нормасы азықтың құрғақ затының
əр кг-на шаққанда: тауық балапандарына 20 мг, күрке тауық пен
үйрек балапандарына - 30, тауық, мегежіндер мен 4-10 айлық
торайларға əр азық өлшеміне - 10 мг.
В
6
дəрмендəрісі (пиридоксин) өсімдік құрамында да, жануар-
лар организмдерінде де кеңінен тараған. Ол амин қышқылдарын
карбоксилсіздендіретін, көмір қышқыл газын ажырата отырып
ыдырататын, қайта аминдеу реакцияларын өршітетін фермент-
тер құрамына енеді. Сондықтан пиридоксин жетіспегенде бе-
лок синтезі бұзылып, малдың өсуі баяулайды, қан плазмасы
құрамындағы кейбір белоктар мен гемоглобиннің түзілуі нашар-
лайды.
Пиридоксинге ашытқылар, күріш кебегі, бидай дəндері, бау ыр
өте бай. Ол күйіс малында мес қарын, ал басқа үй жануарларын да -
ішек микроорганизмдерінің əрекетімен синтезделеді. Торай
лар
мен құстардың пиридоксинге деген тəуліктік сұранысы - 1-2 мг
шамасында.
Р дəрмендəрісі (цитрин) өсімдік əлемінде кең таралған глю-
козидтер - рутин мен гесперидин, шай жапырағы мен жүзім
құрамындағы таннин сияқты заттардың кешені. Қара қарақаттан
алынатын концентратта да Р дəрмендəрісі мол болады. Цитрин
капиллярлар қабырғасын нығайтады.
Н дəрмендəрісі (биотин) орталық жүйке жүйесінің қызме-
тін реттеуге, белок, көмірсу жəне май алмасуларына қатысады.
Ол ферменттердің белсенді тобының құрамына еніп, аспарагин
303
қышқылы, серин, треонин өзгерісіне, май қышқылдарын кар-
боксилдеу процесіне қатысады. Биотин жетіспеген жағдайда
тері ауруға шалдығып, жүн түсіп қалады (дəрмендəрі немістің
Науt - тері деген сөзінен алынып Н əрпімен белгіленген). Бұл
дəрмендəріні ас қорыту жолының микроорганизмдері жақсы
синтездейді, сондықтан қалыпты жағдайда оған мұқтаждық
байқалмайды.
В
с
дəрмендəрісі (фоли қышқылы) антианемиялық жəне өсу
факторы болып табылады. Ол жапырақтан бөлініп алынған (ла-
тынша - folіum- жапырақ), сондықтан оны осылай атаған.
Фоли қышқылы тиамин мен метионин, қан түйіршіктері
мен метил топтарын түзуге қатысады, бауырды шырланудан
сақтайды. Сонымен қатар ол тимин мен тимидин, пуриндер түзу,
глициннің серинге айналу процестеріне, гистидиннің ыдырауына
қатысады. Ол жанама жолмен ас қорыту ағзаларының кілегейлі
қабығының қалыпты қызметі үшін қажет пантотен жəне никотин
қышқылдары ферменттерінің түзілуін жандандырады.
Рационда фоли қышқылы жетіспегенде, жас балапандардың
өсіп-дамуы тежеледі, қаны азаяды, қауырсыны жақсы жетілмейді.
Бұл дəрмендəрінің негізгі көзі жас жапырақтар, жануарлар ба-
уыры, ашытқылар болып табылады. Сонымен қатар ол ас қорыту
жолының микроорганизмдерінің əрекетімен синтезделеді.
В
12
дəрмендəрісі (цианкобаламин) молекулалық құрамында
ме талл бар жалғыз дəрмендəрі. Оның құрамында 4,5 % ко-
бальт болады. Цианкобаламин қанның түзілуін реттейді, орга-
низмде өсімдік белоктарының пайдаланылу деңгейін арттыра-
ды. Ол жетіспеген жағдайда сүйек кемігінде дамып жетілмеген
қан түйіршіктерінің саны көбейеді, олар қан айналымына
қосылмайды, организмде қан азаяды (организм қатерлі анемияға
шалдығады). Бұл дəрмендəріні қанға еккенде қан түйіршіктері
тез жетіліп, қанға өте бастайды. Оны ас қорыту жолымен бер-
генде мұндай əсер болмайды. Мұның себебі қарынның пилорус
бөлігінде цианкобаламиннің организмге сіңуін реттеп отыратын
ерекше фермент - аминополипептидаза түзіледі. Қатерлі анемия
осы ферменттің болмауынан туындайды.
Мал рационында кобальт болмаған жағдайда цианкобаламин-
нің синтезі тоқталады. Осының салдарынан гемоглобиннің, эри-
тро циттердің түзілуі бұзылып, азотты заттар толық сіңбей, қан
плазмасы мен бұлшық еттегі белоктардың синтезі нашарлайды,
зат алмасу қарқыны төмендеп, кальций мен фосфор алмасуы
бұзылады, организмнің түрлі ауруға төзімділігі нашарлайды.
Мал кобальтпен қамтамасыз етілсе, мес қарын мен ішекте микро-
304
организмдер əрекетімен В
12
дəрмендəрісі синтезделіп, малдың
мұқтаждығы толығымен қамтамасыз етіледі.
Парабензой қышқылы жануарлар мен өсімдіктер өнімінде кең
тараған. Азық құрамында бұл қышқыл жетіспесе, малдың өсуі
тоқтап, жүні ағарып кетеді.
В
15
дəрмендəрісі (пангам қышқылы) липотроптық əсер ете-
ді, тотығу процестерін жандандырады, бауырды май басудан
сақтайды, бұлшық ет үшін қуат көзі болып табылатын креа-
тинфосфаттың түзілуін жақсартады.
С дəрмендəрісі (аскорбин қышқылы) аргиназа, амилаза, торша
протеоазасы əрекетін жандандырып, бүйрек үсті безінің стероид-
ты гормондарын, ДНК-ны түзуге қатысады, дəнекер ұлпаларда
коллагеннің, бауырда гликогеннің түзілуін жақсартып, қарын
сөлінің бөлінуін күшейтеді, тирозиннің тотығуын шапшаңдатады.
Азықта ұзақ уақыт С дəрмендəрісі болмаса организм құрқұлақ
(цинга) дертіне шалдығады: қызыл иек ісініп, қанайды, тері мен
ет қанталайды, буындар ісінеді, мал берген азықтан бас тартып,
өліп те кетеді.
Мал үшін аскорбин қышқылының көзі көк шөп, түйнек тамыр-
лар болып табылады. Əрбір кг-ға шаққанда жас жоңышқада 360
мг, картопта - 115, сəбізде - 380, қызылшада - 80, сүтте - 7-26 мг
аскорбин қышқылы болады. Үй жануарлары мен құстар аскорбин
қышқылын синтездей алады, сондықтан олар бұл дəрмендəріге
мұқтаж болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |