308
қарап энергия алмасуын анықтауға болады. Бұл үшін негізінен
екі түрлі əдіс: тікелей калориметрия жəне жанама калориметрия,
қолданылады.
Тікелей калориметрия - организмнен сыртқа бөлінетін жылу-
ды анықтауға негізделген əдіс. Ол үшін организм бөлген жылу-
ды өз бойына сіңіріп алатын күрделі аппарат - калориметриялық
камера қолданылады (112-сурет). Зерттелетін организм каме-
раның ішіне орналастырылады. Камераның қабырғасы жылу
өткізбейтін материалдармен қапталады да, оның төбесінде су
жүретін калориферлік құбырлар өтеді. Осы су жылу сіңіргіш
рөлін атқарады. Тəжірибе кезінде камераға келген жəне одан ағып
шыққан судың температурасы мен жалпы массасы өлшенеді.
Арнаулы термометр арқылы камераның ішкі бетінің темпера-
Достарыңызбен бөлісу: