анықтауға болады. Кестеде көрсетілгендей плазмада сульфат-
328
латын қосылыстар (қант, хлоридтер, фосфаттар, калий, каль-
ций, натрий, несеп қышқылы) жатады. Бұл заттар нағыз зəрде
тек қандағы концентрациясы шектен тыс жоғарылағанда ғана
байқалады. Мысалы, қоректік гипергликемия, диабет ауруы зəрде
қанттың пайда болуына соқтырады. Бүйрек түтікшелерінен қанға
қайта сорылмайтын заттар шығару табалдырығы төмен зат-
тар деп аталады. Оларға сульфаттар, креатинин, несепнəр жа-
тады. Бұл заттар организмнен толығымен нағыз зəр құрамында
шығарылады.
Зат алмасу өнімдерін (несепнəр, несеп қышқылы, индикан,
уробилин, т.б.) бөлумен қатар, бүйректе синтетикалық про-
цестер де жүреді. Мысалы, гиппур қышқылы қанда жоқ, ол
бүйрек ұлпасында түзіліп, зəр құрамына енеді. Зəр құрамындағы
аммиактың, креатининнің де көп мөлшері бүйректің өзінде
түзіледі. Демек, зəр түзу процесі тек қана сүзу жəне кері сору
негізінде жүрмейді, ол бүйрек торшаларының белсенді əре-
кетінің нəтижесінде атқарылады. Секрециялық қызметтің
арқа сында бүйрек арқылы организмге енген дəрі-дəрмектер
шығады. Белсенді секреция нəтижесінде түтікше маңындағы
капиллярлардағы қаннан нашар немесе тіпті сүзілмейтін заттар
шығарылады.
Бүйректің экскрециялау қызметін «клиренс» (тазарту) деген
түсінікпен сипаттайды. Бүйрек клиренсін бір минут ішінде белгілі
бір заттар тазарған плазма мөлшерімен (мл) анықтайды. Клиренсті
анықтау үшін белгіленген заттың зəр мен плазма құрамындағы
мөлшерін жəне минуттық диурезді (түзілген зəрді) біліп, мына
формуламен есептейді: С = Vv:Р, мұнда, С - клиренс (мл/мин);
V- заттың зəрдегі мөлшері; v- минуттық диурез (мл); Р - заттың
плазмадағы мөлшері.
Бүйректе төменде аталған биоло
гия
лық белсенді заттар да
түзіледі.
1. Ренин гормоны, оның секрециясы бүйрек артериясындағы
қан қысымы төмендесе, қандағы натрий иондарының мөлшері
азайса, күшейеді. Бұл зат қан тамырлары арнасын тарылтып, қан
қысымын жоғарылатады.
2. Эритрогенин, ол плазмадағы эритропоэтиногенді эритро-
поэтинге айналдырады.
3. Кининогенин, ол нефрон түтікшелерінің дистальдық бө-
лігіндегі қалың дақ аймағында түзіліп, кининогенді кининге ай-
налдырады.
4. Медуллин (простагландин А
2
), бүйректің бозғылт қабатында
түзіліп, бүйректегі қан айналымды жақсартады, қанның бүй-
329
ректегі қыртыстық жəне бозғылт заттардың арасында таралуын
реттейді, натрий иондарының бөлінуін арттырып, ангиотензин
ІІ-нің тамыр тарылтар əсерін төмендетеді, тамырларды кеңейтеді
(антигипертензивтік əсер етеді).
5. Урокиназа - плазминоген əрекетін жандандырады (фибри-
нолиздік фактор).
6. Д
3
дəрмендəрісі - бүйрек түтікшелерінде
кальций мен анор-
ганикалық фосфордың реабсорбциясын реттейді. Оның бүйректе
түзілетін туындылары кальцийдің ішектен сорылуын жақсартып,
сүйектің қатаюына ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: