Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Зəр шығару жəне оның реттелуі



Pdf көрінісі
бет262/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   542
10.6. Зəр шығару жəне оның реттелуі

Зəр үздіксіз түзіледі. Нағыз зəр жинағыш түтікшелермен 

бүйрек астаушасына құйылады да, ол жиырылғанда зəрағарға 

өтеді.  Зəрағар бойымен зəр секундына 2-3 см жылдамдықпен 

қуыққа айдалады. Жиырылу толқынының жиілігі зəр түзу 

қарқынына қарай өзгеріп, əрбір 10-20 секунд сайын қайталанып 

отырады.

Қуық - зəр уақытша жиналатын қуыс орган. Оның етті қабаты 

үш бағытта орналасқан ет талшықтарынан тұрады. Ортаңғы қабат 

сақина тəрізді оралып, көлденең бағытта орналасады да, ішкі 

жəне сыртқы қабаттары қуық осіне параллель, мүшені бойлай жа-

тады. Қуық бос кезде оның қабырғасының қалыңдығы 1,5 см-ге 

дейін жетсе, ол толып керілген кезде 2-3 мм-ге дейін жұқарады.

Бірыңғай салалы ет талшықтарына кернеуді өзгертпей жи-

ырылатын қасиет тəн, сондықтан зəр көп жиналып, қуықтың 

қабырғасы қатты керілсе де, оның ішіндегі қысым аса көте-

рілмейді. Сол себепті зəр қуықтан зəрағарға кері ақпайды, бүйрек 

астаушасында қысым бір деңгейде сақталады.

Қуықтан  зəр өзегі басталар жерде сақиналы ет талшықтары 

шоғырлана келіп, ішкі қысқыш құрайды да, шығар жолды жа-

уып жатады. Зəр өзегінің ұзына бойында көлденең жолақ ет 

талшықтары орналасады, ол сыртқы қысқыш қызметін атқарады.

Зəр рефлекстік жолмен шығарылады. Қуықта зəрдің жиналу-

ына байланысты ішкі қысқыш керіледі де, қысымның əсерімен 

қысқыш пен зəр өзегінің кілегейлі қабығында орналасқан көп-

теген рецепторлар тітіркенеді. Пайда болған тітіркеніс орта-

лыққа тебетін жүйкелер арқылы жұлынның құйымшақ бөлігінде 

орналасқан зəр шығару орталығына беріледі (123-сурет). Ор-

та 


лықтан тебілген жүйке импульстері симпатикалық немесе 

парасимпатикалық жүйкелер арқылы қуық етінің, қуық қыс-

қышының, зəр өзегі еттерінің жиырылуын реттейді.

Зəр шығару процесін реттейтін парасимпатикалық жүйке 

талшықтары жұлыннан басталатын жамбас жүйкесінің құрамына 



334

кіреді. Олар қозғанда қуық еттері жиырылып, қысқыш пен зəр 

өзегінің еттері босаңсиды, зəр шығарылады. Ал қуық қызметін 

реттейтін симпатикалық жүйке (құрсақ асты жүйке) артқы 

шажырқай түйінінен басталады. Ол қозғанда қуық еттері 

босаңсып, қысқыш пен зəр өзегінің еттері жиырылады да, зəр 

қуықта жиналады.

Зəр шығару процесіне қатысатын еттердің қызметі сопақша 

мида орналасқан орталықпен де реттеледі. Өз ретінде жұлын мен 

сопақша мида орналасқан орталықтарға үлкен ми сыңарларынан 

келетін импульстер əсер етеді. 

Тəулігіне жылқы 5-10 л, сиыр - 6-20 л, қой-ешкі - 0,5 л, 

шошқа - 2-5 л, ит - 0,5-2 л, мысық - 0,05-0,2 л, қоян - 0,04-0,1 л зəр 

шығарады. Организмнен шығарылған зəр мөлшері ішілген су мен 

қабылданған тұздардың, тері мен өкпе арқылы буланған сұйық 

мөлшеріне қарай өзгеріп отырады.

Құстарда қуық болмайды, зəрағар саңғуырға (ас қорыту, зəр 

шығару жəне жыныс жүйесі тоғысатын тік ішектің кеңейген же-

рі) ашылады да, зəр нəжіспен араласып, организмнен қоймал 

 

жың 



зат түрінде шығарылады. Құс зəрінің құрамында көп мөлшер де 

зəр қышқылы болады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет