Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Терінің экскрециялау қызметі



Pdf көрінісі
бет263/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

10.7. Терінің экскрециялау қызметі

Тері - денені сыртқы ортадан шектеп тұратын жабынды қа-

бық. Оған қорғағыштық, талдағыштық, секрециялау, экскреция-

лау, жылу реттеу сияқты физиологиялық қызметтер тəн. Аталған 

функциялар жайлы оқулықтық тиісті тарауларында мағлұматтар 

берілді. Бұл тарауда терінің экскрециялау қызметін талдаймыз.

Терінің бөлінділеу қызметі тер жəне май бездерінің əрекетіне 

байланысты. Тер құрамында су, тұз, несепнəр, т.б. зат алмасу 

өнімдері бөлінеді. 

123-сурет. Қуық қызметінің реттелу механизмі



335

Тер бездері көп торшалы қарапайым түтікше бездерге жа-

тады. Олар нағыз теріде (терінің дерма қабатында) орналасады 



(124-сурет). Тер бөлу ерекшеліктеріне қарай бездер екі топқа 

жіктеледі.  Эккриндік бездер, олар сұйық секрет бөледі жəне 

əрекет үстінде бұзылмайды, құрылым тұтастығын сақтайды. 

Бұл бездер жылқыға тəн. Тер бездерінің екінші түрі - эпокриндік 



бездер, олар құрамында май тектес заттары көп шайырлы тер 

бөледі. Бұл бездердің біраз торшалары əрекет үстінде бұзылады, 

олардың секретінің құрамында су аз, құрғақ зат көп болады. Тер 

бездерінің секрециялық бөлігі сиырларда аздап иірім, жылқы мен 

шошқада шумақ түзеді. Секрециялық бөліктің сыртқы қабаты 

миоэпителийлі торшалардан, ал ішкі қабаты текше торшалардан 

құралған. Бездің өзектері иректеле келіп түк қапшықтарына не-

месе түк шанақтарына, ал дененің түксіз жерінде - тері бетіндегі 

тер тесіктеріне ашылады.

Май бездері көбіне, түк 

қапшықтарының жанында 

ор наласады. Бұл бездер голо-



крин дік бездерге жатады (се-

крет бөлгеннен соң ыдырап 

кетеді), олардың өзектері түк 

қапшықтарына ашылады.

Тер бездері дененің бар-

лық бөлігінде бірдей тарал-

маған. Терінің жұқарған же-

рінде (мысалы, құрсақ пен 

кеуденің вен 

тральдық бөлі-

гінде, қолтық пен шатта, 

құлақ қалқанында, т.б.) олар 

көбірек. Жылқының сауы-

рында тер бездері аз болады. 

Сиыр мен шошқада олар 

терінің мойын бөлігінде, 

кейбір малдың тұм 

сығында 


тығыз орналасады. Ешкі мен қоянда тер бездері нашар дамыған, 

сондықтан олар терді аз бөледі. Ит пен мысықта тер бездері тек 

майтабанда ғана орналасады, ал құстарда тер бездері болмайды.

Жылқыда терінің əрбір шаршы см ауданында (сауырын есеп-

темегенде) 1500, сиырда - 700-1000 тер бездері болады. Малда 

тер адаммен салыстырғанда, 2-3 есе аз бөлінеді, оның себебі тер 

без 

дері қанмен нашарырақ жабдықталады (əсіресе, қойларда). 



Тəу лігіне жылқы 2,5-3 л, сиыр - 4-5 л тер бөледі.

124-сурет. Тері құрылысының сызбасы: 

І - эпидермис; ІІ - нағыз тері; ІІІ - шел; 1 - эпи -

дермистік қа 

саң қабат; 2 - эпидермистің 

төменгі қабаты; 3 - веналар; 4 - артериялар; 

5 - рецепторлар; 6 - тер бездері; 7 - түк; 8 - май

бездері; 9 - түкті көте ре тін бірыңғай салалы 

еттер; 10 - май торшаларының шоғыры




336

Жылқы тері түссіз, сəл лайлау сұйық. Оның тығыздығы 1,01–

1,020 шамасында, өзіне тəн хош иісі (окси-қышқылдардың болу-

ына байланысты) болады. Тердің əрекетшіл ортасы əлсіз сілтілік 

(рН 7,5-8,5), оның құрамында 5-6 пайыз құрғақ зат кездеседі 

(оның 4-5 пайызы тұздардан тұрады). Тер құрамында 0,7 пайыз 

белок, 0,15 пайыз несепнəр, аз мөлшерде аммиак, ҰМҚ, креатин, 

индикан, фосфатидтер, қант болады. Тұздар натрий (0,05%) мен 

кальций хлоридінен, натрий жəне кальций фосфаттары мен суль-

фаттарынан құралады. Тер құрамында бөлінген белок пен хлорлы 

натрий тері беткейінде ақ көпіршік түзеді.

Ірі қара терінің құрамы жайлы деректер аз. Тер құрамында 

құрғақ зат мөлшері 2 пайыздан аспайды, белок пен хлорлы на-

трий аз мөлшерде кездеседі.

 Қойларда тер май бездері секретімен қосылып, шайыр түзеді. 

Оның құрамында үш глицеридтер мен холестерин эфирі болады. 

Шайыр түрі мен консистенциясы жағынан шыжғырылған тоң 

майға ұқсайды. Қой жүнінің жалпы салмағының 20-30 пайызын 

шайыр құрайды. Шайыр жүнді ластанудан сақтайды, жабағы 

түзуге мүмкіндік жасап, жүнге биязылық, беріктік қасиет береді.

Тер жылулықты қабылдайтын сезімтал жүйке ұштарының 

тітіркенуіне жауап ретінде бөлінеді. Тер бөлуді реттейтін орталық 

жұлында орналасады. Бұл процесті реттеуге сопақша мида, ги-

поталамуста, үлкен ми сыңарларында орналасқан орталықтар да 

қатысады. Тер бездері үшін симпатикалық жүйке секрециялау 

жүйкесі болып есептеледі. Олардан бездерге қозу толқыны аце-

тилхолин бөлу арқылы беріледі. Демек, тер бездерінің қызметін 

холинэргиялық жүйкелер реттейді. Тер бездерінің секрециялау 

қызметін атропин тежейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет