Оқулық. Алматы: жшс рпбк


-сызба. Физиологиялық белсенді заттардың жіктелуі



Pdf көрінісі
бет266/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   542
14-сызба. Физиологиялық белсенді заттардың жіктелуі


341

кездеседі. Гормондық реттеу тетігі ішкі секреция бездері дамыған 

жануарларға тəн.

11.2. Гормондар, олардың қасиеттері мен ұлпаларға 

əсерінің механизмі

Гормон деген терминді 1902 жылы ағылшын ғалымдары 

В. Бейлис пен Э. Старлинг ұйқы безі сөлінің бөлінуін реттейтін 

секретин деген затқа байланысты енгізген. Табиғатына қарай 

гормондарды: стероидтық гормондар, полипептидтік гормондар, 

амин қышқылдарының туындылары, белок тектес гормондар деп 

төрт топқа бөледі.

Стероидтық гормондар холестериннің туындылары болып 

табылады. Оларға бүйрек үсті безінің қыртысты бөлігінің жəне 

жыныс бездерінің гормондары жатады. Полипептидтік гормон-

дарға окситоцин, вазопрессин, амин қышқылдары туындыла-

рына – тироксин, бүйрек үсті бездерінің боз затының гормонда-

ры (катехоламиндер), ал белок тектес гормондарға гипофиздің 

алдыңғы жəне ортаңғы бөліктері мен аралшық без (ұйқы безі) 

гормондары жатады.

Организмдегі əсер сипатына қарай гормондар метаболиттік, 

морфогенездік жəне үйлесімдік гормондар болып үш топқа 

бөлінеді.

Метаболиттік гормондар организмдегі зат алмасу процесінің 

қарқынын реттейді. Мысалы, инсулин, глюкагон, адреналин гор-

мондары көмірсулар алмасуын реттейді; гипофиздің соматотроп-

ты гормоны белоктардың түзілуін жандандырып, көмірсулар мен 

майлардың алмасу қарқынын күшейтеді; қалқанша бездің гормон-

дары организмдегі қуат алмасуын жандандырып, белоктардың, 

көмірсулардың, майлардың тотығуын жақсартады.

Морфогенездік гормондар торшалардың генетикалық аппа-

ратына əсер ету арқылы синтездеу процестерін жандандырып, 

торшалардың өсуін, көбеюін, жіктелуін, өзіне тəн əрекеттерін 

реттеп отырады. Олар организм құрылымдарының, мүшелерінің, 

белгілерінің дамуындағы реттілікті қамтамасыз етеді.

Үйлесімдік гормондар жеке мүшелердің қызмет-əрекеттерін 

өзгертіп, оларды организм жағдайына сəйкестендіреді. Мысалы, 

адреналин жүрекке əсер етіп, оның жиырылу күшін арттырады, 

жүрек жұмысының жиілігін шапшаңдатып, ішек-қарын қимылын 

баяулатады. Гормондардың бұл тобының əрекеті организмде 

жүретін процестерді оның физиологиялық күйіне үйлестіруге 

бағытталады.

Əсер бағытына қарай гормондарды үш топқа бөледі:



342

1. Нысана мүшелерге əсер ететін эффекторлық гормондар

2. Эффекторлық гормондардың түзілуі мен бөлінуін жандан-

дыратын троптық гормондар

3. Гипофиздің троптық гормондарының бөлінуін реттейтін ре-

лизинг гормондар. Өз ретінде соңғылар либериндер жəне статин-

дер болып жіктеледі. 

Гормондар құрылымдық материал да, қуат көзі де болып 

табылмайды. Олар ерекше реттегіш заттар. Гормондар қанда 

еркін немесе белоктармен қосылыс түрінде болады. Белоктар-

мен байланысу нəтижесінде гормондар белсенділігін жоғалтады. 

Осыған сəйкес бездердің функционалдық күйін тексергенде 

тек гормондардың концентрациясын ғана анықтаумен шектел-

мей, олардың қандай жағдайда (еркін не байланысқан түрде) 

анықталғанына көңіл бөлу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет