Оқулық. Алматы: жшс рпбк


-сызба. Қан құрамындағы сүттің алғы заттары



Pdf көрінісі
бет335/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   542
15-сызба. Қан құрамындағы сүттің алғы заттары

Сүт құрамына енетін белоктар, майлар, көмірсулар химиялық 

құрамы мен физикалық-химиялық қасиеттері жағынан қан плаз-

масы құрамаларымен бірдей емес. Мəселен, қан плазмасын-

да казеин, бета-лактоглобулин, альфа-лактоальбумин, лакто 

за 


кездеспейді, ал сүт майы қышқылдық құрамы жағынан плаз ма 

мен ұлпа липидтеріне ұқсамайды. Осы баяндалған жайлар сүт тің 

желін бездерінің талғамды əрекетінің нəтижесінде түзілетіні нің 

дəлелі. 


Сүт түзуде эндоплазмалық тор мен Гольджи торлы кешені 

маңызды рөл атқарады. Оларда түзілген аралық өнімдер ядро 

мебранасына ығысады. Бұл процестерді митохондриялар АТФ-ті 

АТФ-аза ферментімен ыдырату арқылы энергиямен қамтамасыз 

етеді. АТФ-аза түзілген сүтті альвеола қуысына шығару (экстру-

зиялау) процесіне де қатысады.

Без торшаларынан альвеолаларға өткен сүт ферменттер мен 

гормондар əсерімен альвеолалар қуысында жетіле түседі. Оның 

құрамындағы кейбір элементтер ферменттер əсерімен ыдырап, 

қанға кері сорылады. Бұл құбылыс сүттің əрі қарай түзілуін жан-

дандыра түседі. Малды сауған кезде окситоцин əсерімен реаб-

сорбция үдейді. Желіндегі реабсорбция жəне секреция процестері 

бірін-бірі жандандырып отырады. Реабсорбция бұзылса, секре-




445

ция да жүрмей қалады. Реабсорбция торшалардың апикальдық 

бөлігіндегі микробүрлер, қуыстар мен шығару өзектерінің 

кілегейлі қабығындағы бүрлер мен қатпарлар арқылы жүреді.

Сүттің əрбір құрамасының түзілу ерекшеліктері бар.

Сүт белоктарының түзілуі. Желінде альфа- жəне бета-казеин, 

альфа- жəне бета-лактоглобулин түзіледі. Белоктарды түзу үшін 

қан құрамындағы еркін амин қышқылдар, пептидтер, плазма бе-

локтары пайдаланылады. Сүт құрамындағы белоктардың негізгі 

бөлігі (76-86%) казеиннен тұрады. Белоктар рибосомаларда, ядро-

да, митохондрияларда жəне басқа субторшалық құрылымдарда 

көптеген ферменттердің қатысуымен синтезделеді. Сүт бело-

гы құрамында барлық алмастырылмайтын жəне алмастырыла-

тын амин қышқылдары болады. Амин қышқылдарының біраз 

мөлшері трансаминдеу реакциясы арқылы түзіледі.

Торшаның эндоплазмалық тор рибосомдарында (полисомда-

рында) түзілген белоктар секрет түйіршіктері түрінде Гольджи 

кешеніне түседі. Осы жерде түйіршіктер қабықпен қапталып, 

көпіршіктер түзіледі, олардың ішінде казеин фосфорланып, ми-

целлалар (жіпшумақтар) пайда болады. Одан əрі көпіршіктер 

ішіндегі заттарымен торша күмбезіне қарай ығысады да, мембра-

намен бірігіп кетеді. Осы жерде тесік пайда болады да, көпіршік 

ішіндегі заттар альвеола қуысына құйылады. Белоктардың түзілу 

жəне бөліну мерзімі бір сағатқа жуық уақыт алады.

Сүт липидтерін (майын) түзу. Сүт майларының түзілуі же-

лін нің альвеола аралық ұлпасында май қышқылдары мен гли-

цериннің пайда болуымен тығыз байланысты. Май түзу үшін 

қан құрамындағы май қышқылдары, липопротеидтер, үш-

глицерид тер, сірке қышқылы жəне бета-оксибутарат пайдаланы-

лады. Аль веолалар без торшаларының негіздік бөлігінде, же лін 

ұлпасында пайда болған май қышқылдары мен глицериннен, 

қаннан сіңірілген үшглицеридтердің май қышқылдарынан, сір-

ке қышқылы жəне бета-оксибутираттан ұсақ май түйіршіктері 

түрінде сүт майын түзеді. Желінде майдың түзілуі кезінде қан 

құрамындағы стеарин қышқылы олеин қышқылына, қаныққан май 

қышқылдары қанықпаған май қышқылдарына, сірке қышқылы 

мен бета-оксибутират кіші молекулалы май қышқылдарына ай-

налады. Ірі молекулалы (С

14



18



) май қышқылдары (миристин, 

стеарин, пальмитин, олеин) қандағы бета-липопротеидтерден 

түзіледі. Сүт майының құрамына аз мөлшерде фосфатидтер, фос-

фолипидтер, стериндер, холестерин мен оның эфирлері, еркін 

май қышқылдары, майда еритін дəрмендəрілер, т.б. енеді. Үш 

глицеридтер құрамында 30-дан астам май қышқылдары (жоғары 




446

молекулалы қаныққан қышқылдар - пальмитин, стеарин, мири-

стин, қаныққан төменгі молекулалы қышқылдар - майлы, капрон, 

каприл, каприн, лаурин, қанықпаған - олеин қышқылдары, т.б.) 

болады.

Қан құрамындағы үшглицеридтердің сүт майына айналу 

механизмі əлі толық анықталмаған. Үшглицеридтер алдымен ка-

пиллярлар эндотелийінде липаза ферментінің əсерімен ыдырап, 

май қышқылдары бөлінеді деген болжам бар. Одан əрі босанған 

май қышқылдарын альвеола эпителийі сіңіріп, оларды сүт 

үшглицеридтеріне айналдырады.

Альвеола торшаларының негіздік бөлігінде липидтік глобу-

лалар жинақталады. Олар да торшаның эндоплазмалық торында 

түзіледі. Торша мембранасына жанасқаннан кейін май тамшысы 

оны альвеола қуысына қарай томпайтады. Осы жерде мембрана 

қатпарлары жазылып, ол глобуланы толық қаптай керіледі де, тор-

ша бетінде мойнақ пайда болады. Бірте-бірте мойнақ қылталанып, 

мембранамен қапталған май тамшысы альвеола қуысына үзіліп 

түседі (149-сурет). Кейбір кезде онымен бірге альвеолалық тор-

ша цитоплазмасының біраз жарқыншағы да бөлінеді (экструзия).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет