дан тұратын дисахарид. Лактоза альвеолалардың без торшала-
мен қосылуы сияқты екі кезеңде өтеді. Оны сызба түрінде былай
бейнелеуге болады. Глюкоза
т.б. ферменттермен жанданады. Ал лактоза биосинтезінің соңғы
447
кезеңін лактатсинтетаза өршітеді. Сонымен, лактоза Гольджи
ап
па
ратының құрылымдарында лактатсинтетазаның əсерімен
глюкозадан түзіледі. Бұл ферменттің құрамында түйіршікті эн-
доплазмалық торда түзіліп, Гольджи аппаратына өтетін аль фа-
лактоальбумин болады. Осы аппарат мембранасымен лактат-
син те тазаның екінші құрамасы - галактозилтрансфераза да
бай
ланысқан. Аталған екі құраманың қосылуымен лактозаның
син тезі аяқталады да, түзілген қант белок түйіршіктерімен бірге
аль веола қуысына бөлінеді.
Секрециялық процестің цитофизиологиясы өте күрделі. Ци-
тофизиологиялық процесс деп жеке субторшалық құры лым дар-
дың сүт құрамаларын түзу, оларды торша ішінде жылжыту жəне
альвеолалар қуысына бөлу процесіне қатысуын қамтитын құбы-
лыстарды айтады.
Сүт түзу - əрі ұзақ, əрі күрделі процесс. Орта есеппен желін
безінің əр грамы тəулігіне 1 мл сүт түзеді.
Желін альвеолалары торшаларында түзілген белоктар, май-
лар, көмірсулар альвеолалар қуысына голокриндік, апокриндік,
мерокриндік, леммокриндік (секрет тамшыларының плазмалық
мембрана жарқыншақтарымен бөлінуі - экстурзия) жолдармен
бөлінеді. Желінде негізінен мерокриндік жəне леммокриндік сек-
реция типтері басымырақ.
Секрециялық торшалардан синтезделген заттарды бөлу
үшін мол қуат қажет. Оны торшалардың апикальдық бөлігінде
көп мөлшерде жинақталатын митохондрий мен фосфатазалар
қамтамасыз етеді.
Желіннің сыйымдылық (жинақтау) жүйесі. Толассыз түзілген
сүт алдымен альвеолалар мен майда сүт өзектеріне, содан кейін
орташа жəне
үлкен өзектерге, ең соңында,
қуыстарға жинала-
ды. Жоғарыда аталған құрылымдарды желіннің сыйымдылық
(жинақтау) жүйесі деп атайды. Ол тола келе желіндегі қысым с.б.
50-70 мм-ге дейін көтеріледі де, бірыңғай салалы еттердің тону-
сы төмендейді. Төл емген немесе мал сауылған кезде рефлекстік
жолмен бірыңғай салалы ет талшықтары жиырылып, желіннің
ішіндегі қысым жоғарылайды.
Мал сауылып болғаннан соң қысым нөлге дейін төмендейді
де, сүт жинала келе ол қайта көтеріледі. Сауыны келген мама бие-
лерде желіндегі қысым 40-60 мм-ден артып кетсе, сүт үрпіден ал-
дымен тамшылап, соңынан сорғалап ағады. Желіндегі қысымның
тым жоғарылап кетуі, сүттің түзілуін тежейді.
Малдың сүттілігі желіннің сыйымдылығына байланысты.
448
Биелер үшін желін сыйымдылығының тиімді мөлшері 1-1,5 л, ал
оның ең үлкен мөлшері - 2,5 л. Сиырларда желін сыйымдылығы
18-25 л, ал өте сүтті сиырларда - 40-50 л жетеді.
Желін сыйымдылығы желін қуыстарының көлеміне, альвео-
лалар мен сүт жолдарының, өзектерінің даму деңгейіне байла-
нысты. Желіннің сыйымдық жүйесі күрделі тонустық рефлекс
нəтижесінде белгілі ретпен толады. Альвеола қуысында жиналған
сүт желіннің интеро- жəне барорецепторларын тітіркендіреді де,
тітіркеніс сезімтал (сыртқы ұрықтық, мықын-шаптық) жүйкелер
арқылы ОЖЖ бағытталады. Осы тітіркеніске жауап ретінде сүт
өзектерінің бірыңғай салалы еттері жиырылып, қышқыш ет бо-
саңсиды да, сүт желін қуысына өтеді. Бұл процесті желіндегі
сезімтал жүйке ұштарының (уқалау, желінді жуу) тітіркенуі
шапшаңдатады. Сақа малда сүттің желіннің сыйымдылық жүйе-
сіне өтуі шартты рефлекс түрінде (сауыншының келуіне, сауу
процесімен қабаттасатын тітіркендіргіштерге, т.б.) де атқарылады.
Достарыңызбен бөлісу: