Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет334/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   542
13.5. Сүттің түзілуі

Сүт күрделі процестер нəтижесінде пайда болатын биоло-

гиялық сұйық. Бұл процесс бірнеше сатыда өтеді:

1) Сүттің өзіне тəн құрамаларын түзу; 2) Сүт құрамына енетін 

заттарды қаннан сүзу; 3) Түзілген заттардың біраз мөлшерін кері 

сору.


Сүттің өзіне тəн құрамалары – белоктар, май, қант, төрт саты-

лы процесс нəтижесінде түзіледі: а) желін альвеолаларының безді 

торшаларының қан құрамындағы сүт құрамаларының алғы затта-

рын сіңіруі; б) альвеолалардың секрециялық торшаларында сүттің 

өзіне тəн заттардың түзілуі; в) түзілген заттардың сол торшаның 

апикальдық бөліктеріне ығысып, жинақталуы; г) олардың без 

торшаларынан желін альвеолалары қуысына шығарылуы.

Альвеолалар эпителийі торшаларының синтездеу қабілеті 

өте жоғары. Мысалы, сиыр əр минутта 0,6 г. белок, 0,82 г. қант 

жəне 0,7 г май түзе алады. Сүт түзу үстінде без торшалары қан 

құрамындағы кейбір заттарды сіңіріп, жинақтайды да, біраз зат-

тарды өзіне өткізбейді, демек, оларға талғамдылық қасиет тəн. 

Сондықтан сүт құрамалары қан құрамындағы алғы заттар-

дан түзілгенімен, қан мен сүт құрамында көп айырмашылық 

байқалады (15-сызба). Қан плазмасымен салыстырғанда, сүт 

құрамында қант 90-95 есе, май - 26, кальций - 14, калий - 9 есе 




444

көп те, белоктар - 2 есе, натрий - 7 есе аз. Қан құрамындағы алғы 

заттар без торшалары мембранасынан не сүзілу жолымен, не 

белсенді тасымалдану арқылы өтеді.

          



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет