келеді. Бірақ бұл кезде сүт бездерінде секрециялық процесс əлі
қалыптаса қоймайды. Ол тек мал төлдегеннен соң басталып,
Сүттену кезеңінде екі процесті ажырату керек. Олар - уызда-
сүт бездерінде секрециялық процестің басталуын айтады. Осы
дейді. Аталған күрделі физиологиялық құбылыстар желінде
фо-функционалдық бірлестігі болып табылады. Бұл орталық ас
449
қорыту, тыныс алу, тамыр қозғағыш, жыныстық, т.б. орталықтармен
тығыз байланысты. Сүттену орталығының құрамына енетін əр
құрылым өзіне тəн қызмет атқарады. Жұлынның қатысуымен
желіннен сүт бөлуді қамтамасыз ететін кұрылымдардың əрекеті
реттелсе, сопақша ми олардың қанмен жабдықталуын үйлестіреді.
Аралық ми құрылымдары (гипоталамустың супраоптикалық жəне
паравентрикулярлық ядролары) желіндегі күрделі процестерді
нейрогуморальдық реттеуде маңызды рөл атқарады.
Аталған физиологиялық процестерді сыртқы ұрықтық, мы-
қын-құрсақтық, мықын-шаптық, жыныстық жəне аралықтық
жүй ке құрамындағы орталықтан тепкіш жүйке талшықтарынан
құ рал ған эфференттік буын қамтамасыз етеді.
Желінді жүйкелейтін жүйке талшықтары желінде дəнекер
ұлпалар қабатында орналасқан беткей жəне желін бөлімдері ара-
сында орналасқан ішкі торламалар құрады. Соңғы құрылымнан
жүйке талшықтары қан тамырларына, сүт өзектеріне, без парен-
химасына, желін бөлімшелері арасындағы дəнекер ұлпаларға
тарамдалады. Жүйке торламалары альвеолалардың негіздік мем-
браналары арқылы без торшаларына өтеді де, олардың беткейінде
түймеше немесе
тармақты рецепторлар құра аяқталады. Тор-
ламалар сүт өзектері сыртында, желін қуысының кілегейлі
қабығында да рецепторлар түзеді. Ем мен оның кілегейлі қа-
бығында, ем терісінде де рецепторлар көп болады.
Уыздану жəне сүттену процестерін реттеуде пролактин, со-
матотроптық, тиреотроптық, адренокортикотроптық гормондар,
окситоцин, тироксин, үшйодты тиронин, тиреокальцитонин, глю-
кокортикоидтар, минералокортикоидтар, адреналин, норадрена-
лин, паратгормон, инсулин, глюкагон, эстрогендер, прогестерон
Достарыңызбен бөлісу: