Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Тараудың қысқаша сөздігі



Pdf көрінісі
бет343/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   339   340   341   342   343   344   345   346   ...   542
459

Тараудың қысқаша сөздігі

Альвеола қуысы – альвеолярная полость

Альвеолалық сүт – альвеолярное молоко

Аралық артериясы – промежностная артерия

Аспа байлам – подвешивающая связка

Ем үрпі – сосковый канал

Жағынды – мазок

Жазық эпителий – плоский эпителий

Желін бөліктері – доли вымени

Желін бөлімшелері – дольки вымени

Желін қуысы – цистерна вымени

Желіннің кері дамуы – инволюция вымени

Желіннің өсіп-дамуы – маммогенез

Желіннің сыйымдылық жүйесі – емкостная система вымени

Жыныстық артерия – срамная артерия

Идіру, ию – пропуск, молоковыведение

Исіну – торможение молокоотдачи

Қалдық сүт – остаточное молоко

Қуыстық сүт – цистернальное молоко

Мықын-құрсақтық жүйке – подвздошно-подчревный жүйке

Мықын-шаптық жүйке – подвздошно-паховый жүйке

Серпімді тері – эластичная кожа

Суалу – запуск

Суалған кезең – сухостойный период

Сүт арнасы – молочный канал

Сүт беру – молокоотдача

Сүт бөлу – молоковыведение

Сүт жолдары – молочные ходы

Сүт өзектері – молочные протоки

Сүт өзектерінің семуі – атрофия молочных протоков

Сүт желісі – молочные тяжи

Сүттену – лактогенез

Сүттілік – молочность

Сүттің алғы заттары – предшественники молока

Сүттің майлылығы – жирность молока

Тармақты жүйке ұштары – кистевидные нервные окончания

Түймеше жүйке ұштары – пуговчатые нервные окончания

Уыз – молозиво

Уыздану – лактопоэз 

Ұрықтық жүйке – семенной нерв

Үйек (реу сызығы) – белая линия живота


460

14-т а р а у. 

ҚОЗҒЫШ ҰЛПАЛАР, ОЛАРДЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

14.1. Қозу физиологиясының негізгі түсініктері. Қозу белгілері.

Эволюциялық даму кезеңінде түрлі ұлпалар терең жіктеліп, 

жеке органдар белгілі бір қызмет атқаруға машықтанады. Осы-

ның нəтижесінде биологияның негізгі талабының бірі - орга-

низм мен сыртқы ортаның біртұтастығын сақтау заңдылығы 

жүзеге асады. Сыртқы орта жағдайлары үздіксіз өзгеріп отырады, 

сондықтан бұл зандылықты сақтау үшін организм қоршаған орта 

жағдайларына бейімделуге мəжбүр болады. Мұндай бейімде-

лу процестері тірі құрылымдардың физиологиялық қасиеттері 

мен əрекеттерінің өзгеруі нəтижесінде жүзеге асады. Өз ретінде 

организмде жүретін құбылыстар негізінде қозу жəне тежелу 

процестері жатады. Бұл екі физиологиялық процестің ұлпалар 

мен органдардағы арақатынасынан бүкіл организмнің тіршілік 

əрекеті қалыптасады.

Филогенездік даму үстінде тірі құрылымдардың қоршаған 

орта жағдайларына бейімделуінің нəтижесі ретінде ерекше 



қозғыш ұлпалар - жүйкеет жəне без ұлпалары пайда болады. Бұл 

қозғыш ұлпалар үш түрлі физиологиялық күйде: физиологиялық 

тыныштық, қозу жəне тежелу жағдайларында болуы мүмкін. 

Қозғыш ұлпалар бір күйден екінші күйге баяу өрбіген сандық 

өзгерістер əсерінен күрт, шапшаң өтіп отырады (151-сурет).

Физиологиялық тыныштық деп жеке ұлпалар мен органдардың 

өзіне тəн əрекетін атқармаған күйін айтады. Мысалы, ет жиы-

рылмаса, оны тыныштық күйде деп есептейді. Əрине, бұл тек 

151-сурет. Қозғыш ұлпалардың физиологиялық күйлері:

 

 1 - физиологиялық тыныштық; 2 - қозу; 3 - тежелу




461

шартты тыныштық, оның себебі кез келген əрекетсіз органдарда 

күрделі зат алмасу процесі жүріп, оның қарқыны өзгеріп отыра-

ды. Ал, зат алмасу - əртүрлі органикалық жəне бейорганикалық 

қосылыстардың күрделі өзгерістері, ерекше қимылы.

Органдар əрекеті екі түрде - қозу немесе тежелу түрінде бай-

қалады.  Қозу деп тітіркендіру салдарынан тірі ұлпалардың əре-

кетті, белсенді, белгілі бір қызмет атқара алатындай жағдайға 

келуін айтады. Қозу түрлі физикалық-химиялық, функционалдық 

өзгерістер жиынтығынан тұратын күрделі биологиялық реакция. 

Қозу тек тірі ұлпаларға, тірі организмге тəн қасиет. Организм-

де қозғыштық қасиет жойылса, торшалардың қызметі бұзылып, 

тіршілік тоқтайды.

Қозу процесіне əртүрлі өзіндік жəне жалпылама белгілер 

тəн. Қозған ұлпаларда алдымен, жалпылама белгілер сезіледі. 

Мысалы, зат алмасу процесі күшейеді, оның химиялық құрамы 

мен физикалық-химиялық қасиеттерінде сандық жəне сапалық 

өзгерістер пайда болады. 

Бұлшық ет пен жүйкелер қозғанда мембрана бетімен жайыла 

таралатын электр тогы пайда болады. Осымен байланысты мем-

брана беткейінің электрлік зарядының өзгеруі қозу процесінің бір 

белгісі болып табылады.

Қозудың телімді белгісі əрбір органның өзіне тəн қызмет 

əрекетімен бейнеледі. Мысалы, қозған ет талшықтары жиырыла-

ды, без ұлпасы - секрет бөледі, жүйке талшықтарында тітіркеніс 

(импульс) пайда болады.

Қозу - толқын сипатта таралатын процесс. Ұлпаның бір же-

рінде пайда болған қозу оның басқа бөліктеріне жайыла тарала-

ды. Ет пен жүйке ұлпаларында қозу электрлік жолмен, əрекет по-

тенциалы түрінде таралады. Ұлпаның бір торшасында немесе бір 

жерінде пайда болған əрекет потенциалы оның басқа бөліктерін 

тітіркендіреді.

Тежелу - тірі құрылымдардың ерекше биологиялық күйі. Те-

желу процесі де тірі ұлпаның тітіркендіргіштерге белсенді реак-

циясы нəтижесінде қалыптасады. Тежелу кезінде ұлпалар мен 

ағзаларға тəн əрекеттер толастайды. 

Тежелу процесі өзінің сыртқы белгілері жағынан физио 

ло-


гиялық тыныштыққа ұқсас. Бұл екі жағдайда да органдардың 

əрекеті байқалмайды, тоқтайды. Бірақ бұл екі күйдің арасын-

да күшті ішкі айырмашылық бар: тежелу кезінде органдардың 

қозғыштығы, лабильділігі күрт төмендейді, теріс шыңды потен-

циал тіркеледі. Тежелу процесі қозу процесімен бірлесе отырып, 



462

тірі құрылымдардың сыртқы орта жағдайларына бейімделуін 

қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   339   340   341   342   343   344   345   346   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет