450
маңызды рөл атқарады. Демек, аталған гормондарды бөлетін ішкі
секреция бездері де эфференттік буынға жатады.
Сүт түзу қарқынын реттеуде афференттік қайтарым жүйесін
құрайтын альвеолалар механо- жəне хеморецепторларының, сүт
өзектері, желін қуысы жəне ем рецепторларының да рөлі зор.
Олар желіннің физиологиялық күйіне байланысты туындаған ті-
тіркеністерді орталыққа тепкіш жүйкелер арқылы (мықын-құр-
сақтық, мықын-шаптық, жыныстық, аралықтық) жұлынға, гипо-
таламус нейрондарына бағыттайды.
Уыздану процесінің құпиясы толық ашылмаған, оны туды-
ратын негізгі фактор - буаз мал қанындағы прогестерон деңгейі
болуы мүмкін. Бұл гормон гипофиз бен плацента бөлген пролак-
тин гормонының əсерін тиып, уыздану процесін тежеп отыра-
ды. Буаздықтың соңында плацента көп мөлшерде эстрогендер
бөледі де, аденогипофизде пролактиннің түзілуін жанданды-
рады. Осының нəтижесінде уыздану процесіне түрткі болатын
пролактиннің бөлінуі үдейді де, оның белсенділігі жоғарылайды.
Желінді жүйкесіздендіру арқылы жүргізілген зерттеулер
(Г. Б. Тверской) сүттену процесінің басталуында эфференттік
жүйкелер онша үлкен рөл атқармайтынын көрсеткен. Желінді
толық жүйкесіздендіргеннен кейін, немесе оны организмнің
басқа бір бөлігіне аударып отырғызғаннан соң (ешкінің мойын
тұсына), сүт түзу процесі тоқтамаған. Дегенмен, афференттік
жүйкелерден тараған тітіркеністер гипоталамус-гипофиздік жү-
йе ні белсендіру, пролактиннің бөлінуін үдету арқылы уызда ну
жəне сүт түзу процестеріне үлкен ықпал етеді. Сүттену про цесі
басталғаннан кейін желіннен орталық жүйке жүйесіне бағыт-
талған афференттік тітіркеністер секрециялық процеске айтар-
лықтай зор ықпал етпейді. Егер желіні толық жүйкесізденген
сауынды сиырға окситоцин егу арқылы альвеолаларды сүттен
босатып отырса, онда оның сүттілігі онша өзгермейді. Ал альвео-
лалар сүттен босамаған жағдайда, сүттің түзілуі тежеледі. Демек,
желіннің сүт түзу қабілеті альвеола эпителийінің физиологиялық
жағдайына көп байланысты.
Жинақталған деректерге сүйене отырып, сүт түзу процесі
рефлекстік жолмен мына төмендегі сызба бойынша реттеледі
деп тұжырымдауға болады. Төл емгенде немесе малды сауғанда
тітіркеніс желіннен сезімтал жүйкелер арқылы жұлынға
бағытталады да, оның өрлеу жолдарымен сопақша ми арқылы
гипоталамусқа жетеді. Осы жерден тітіркеніс (импульс) үш
бағытта: 1) ми қыртысына; 2) гипофиз сабағы арқылы нейрогипо-
физге жəне 3) симпатикалық жүйке жүйесі арқылы желіннің өзіне
451
тарайды. Соңғы бағытпен тараған импульстер əсерімен желіндегі
қан айналым деңгейі өзгереді.
Сүт түзу процесін реттеуде екінші бағытта тараған им-
пульс
тердің маңызы зор. Олардың əсерімен гипоталамустың
суп
ра
оптикалық жəне паравентрикулярлық ядроларынан ней-
ро секреттер бөлініп, олар нейрогипофизге өтеді де, қанға ок си-
то цин бөлінеді. Өз кезегінде бұл гормон желіннің секре ция лық
бездерінің, қызметін күшейтетін пролактин, СТГ, ТТГ, АКТГ бө-
лі нуін үдетеді.
Пролактин - тек сүт түзу процесін күшейтіп қана қоймай, со-
нымен қатар желіннің секрециялық торшаларының өсуіне ықпал
жасайды. Ол белоктардың, майлардың, көмірсулардың синтезін
жандандырады.
Соматотропин - күйісті малдарда сүттің түзілуін реттеуде
маңызды рөл атқарады. Тəжірибе үстінде бұл гормонды жасан-
ды жолмен жойғанда, ешкінің сүттілігі күрт төмендеген. Сол
малға соматотропин ексе, оның сүт түзу қабілеті қалпына келеді.
Бұл гормон желіннің секрециялық бездеріне жанама жолмен -
белоктардың, көмірсулардың, майлардың алмасуын күшейту,
олардың қан құрамындағы өнімдерін арттыру арқылы əсер етеді.
Сүттің түзілу процесін қалқанша без гормондары да реттейді.
Тиреоидты гормондар желінде секрециялық торшалардың өсіп-
дамуын жандандырып, сүт түзу процесін күшейтеді. Тироксиннің
əсерімен сүт құрамында иммундық глобулиндер, фосфорлы
қосылыстар мен кальций мөлшері жоғарылайды. Тироксин негізгі
зат алмасу процесін күшейтіп, қанда сүттің алғы заттарының
(глюкоза, бета-оксимай қышқылы, ацетат) мөлшерін арттырады,
желін ұлпаларының оларды сіңіруін жақсартады. Қалқанша безді
сылып тастаса, малдың сүттілігі төмендеп, сүт құрамында липид-
тер мөлшері азаяды.
Сүт түзу процесіне бүйрек үсті бездері мен ұйқы безі де
əсер етеді. Бүйрек үсті безі гормондары (кортизол) организмде
гомеостазды сақтау арқылы сүт түзуді жақсартады. Бұл бездер
гормондары мРНК транскрипциясын шапшаңдатып, желіннің
секрециялық эпителийіне тікелей əсер етеді. Безді сылып тас-
тағанда желіннің қызметі бұзылып, сүт түзу процесі тоқтайды.
Инсулин гормоны кортизолмен бірлесе отырып, РНК транскрип-
циясына жəне альвеолалар эпителийінде белоктардың түзілуіне
ықпал етеді. Сүттену кезеңінде инсулин желіннің глюкозаны
сіңіруін жақсартып, сүт алғы заттарының желін мен басқа орган-
дар арасында таралуын реттейді.