Оқулық. Алматы: жшс рпбк


13.7. Сүт бөлу жəне оның механизмі



Pdf көрінісі
бет339/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   542
452

13.7. Сүт бөлу жəне оның механизмі

Желіннің секрециялық қызметімен оның ию жəне сүт бөлу 

процестерін қамтамасыз ететін қимылдық (моторлық) əрекеттері 

тығыз байланысты. Желіннің қимыл əрекетін ондағы серпінді 

ұлпалар, альвеолалар мен майда сүт жолдары миоэпителийлері, 

сүт өзектері мен цистернадағы бірыңғай салалы ет талшықтары 

қамтамасыз етеді.

Сүт толассыз түзіледі де, сауын аралығында ол желіннің 

жинақтаушы жүйесінде жиналады. Сүтпен алдымен альвеолалар 

қуысы мен сүт жолдары, соңынан орташа жəне ірі сүт өзектері 

мен желін қуысы толады. Желін альвеолалары қуысының 60-

70% сүтке толған соң, сүт өзектері мен цистернаның бірыңғай 

салалы еттері босаңсып, сүт желін қуысына өтеді. Бұл сүт 

жолдарындағы біріңғай салалы ет талшықтары мен қысқыш ет-

тер тонусының өзгеруі нəтижесінде туындайтын рефлекстік про-

цесс жəне ол сауылғаннан соң, 5-6 сағаттан кейін басталады. Егер 

мал сауылмаса желіндегі қысым жоғарылап, сүт түзу процесі 

баяулайды. Желіннің сыйымдылық жүйесіндегі қысым капил-

ляр қысымы деңгейіне (с.б. 35-50 мм) көтерілген соң сүт түзу 

тежеледі. Бұл сауылудан 10-12 сағат өткен кезде, желін сүтпен 

85-90 %-ға толған жағдайда байқалады. Желіндегі қысым с.б. 50 

мм-ден асқанда, сүт түзу процесі тоқтайды. Оған альвеолаларға 

келетін капиллярлардың қысылуы, желін арқылы өтетін қан 

мөлшерінің азаюы, экструзия процесінің қиындауы себеп бола-

ды. Бұл кезде белоктар мен суда еритін қосындылар торшалар 

мембранасындағы жасушалар арқылы шығарылады да, май гло-

булалары торша ішінде қалып қояды. Осымен байланысты мал 

сирек сауылса, сүттің майлылығы төмендейді. Сауылған сүттің 

соңғы үлестерінде май мөлшері жоғарылайды.

Желіндегі сүт қуыстық жəне альвеолалық болып бөлінеді. 



Қуыстық сүтті желін қуысы мен ірі сүт өзектеріндегі сүт 

құрайды. Ол ем арнасына сүңгі түтік (катетр) еңгізгенде бөлінеді.

Альвеолалар қуысында, майда сүт жолдары мен сүт өзек-

терінде жиналған сүтті альвеолалық сүт деп атайды. Оны шығару 

үшін сүңгі түтік қойылған емді қуыстық сүт бөлінген соң сарқа 

сауу керек. Сиыр мен ешкіде бір сауында алынған сүттің 40-50 

пайызы қуыстық, ал 50-60 пайызы - альвеолалық үлес болып та-

былады. Бұл көрсеткіштер тиісінше, биеде 10 жəне 90%, түйеде 

- 5 жəне 95 % шамасында.

Малды дұрыс сауғанның өзінде желінде жиналған сүттің ша-

мамен, 15-20 пайызы қалып қояды. Сүттің бұл мөлшерін қалдық 



453

сүт деп атайды. Оның жалпы мөлшері көптеген факторларға бай-

ланысты. Қалдық сүт мөлшері кəрі, тұмса сиырларда көп болады. 

Əртүрлі тосын тітіркендіргіштер əсерінен исінген малда қалдық 

сүт мөлшері көбейеді.

Сүт беру - күрделі рефлекстік процесс. Ол жүйке жүйесі мен 

эндокриндік бездер əрекеті нəтижесінде желін мен организмнің 

басқа да мүшелерінде жүретін функционалдық өзгерістер 

жиынтығы түрінде атқарылады. Бұл процесс екі кезеңде - таза 

жүйкелік жəне жүйкелі - гуморальдық, өтеді.

Төл емгенде немесе мал сауыла бастағанда ем рецепторларын-

да пайда болған тітіркеніс сыртқы жыныстық жүйкенің сезімтал 

талшықтары арқылы жұлынға бағытталады. Жұлыннан тітірке-

ніс екі бағытта таралады. Біріншіден, жұлынның белдік бөлігін-

де тітіркеніс афференттік жолдан эфференттік жолға беріліп, 

желінге кері бағытталады. Осының нəтижесінде желіндегі миоэ-

пителий торшалары жиырылып, альвеолалар сығылады да, сүт 

өзектер мен желін қуысына ығысады. Бұл процесс кезінде сүт 

өзектерінің, желін қуысының, қан тамырларының бірыңғай са-

лалы ет талшықтары да жиырылады. Осы құбылысты - 

ию деп 

атайды. Бұл кезең 1-2 минутқа созылады.

Екіншіден, тітіркеніс жұлынның өрлеме жолымен сопақша 

ми арқылы гипоталамустың супраоптикалық ядросына беріледі. 

Бұл құрылымнан тітіркеніс ми қыртысына жəне нейрогипофиз-

ге бағытталады. Нейрогипофиз бөлген окситоциннің əрекетімен 

желін альвеолаларының миоэпителийлік торшалары жиырылады 

да, альвеолалық сүт бөлінеді.

Сонымен, сүт берудің бірінші - таза жүйкелік, кезеңінде же-

лін рецепторларының қозуынан туындаған тітіркеніс орталық 

буыны жұлынның бел омыртқалық бөлігінде орналасқан қысқа 

рефлекстік доға арқылы сүттің ірі сүт өзектері мен желін қуысына 

бөлінуін қамтамасыз етеді. Сүт берудің екінші - нейрогуморальдық 

кезеңінде желіннен келген тітіркеніске жауап ретінде гипофиз-

ден бөлінген окситоциннің əсерімен миоэпителий торшалары 

жиырылып, альвеолалар қуысы мен майда сүт жолдарындағы сүт 

бөлінеді. Сауынды малда гипофиз желінді жуған, уқалаған кезде, 

төл емгенде, мал сауылғанда рефлекстік жолмен қозады. 

Биенің сүт беру кезеңдерінің арасында 23-25 с. созылатын 

үзіліс орнайды. Шошқада сүт беру рефлексінің өзіне тəн ерек-

шеліктері болады. Сүттену кезеңінің басында сүт беру реф лексі 

кез келген емді тітіркендіргенде басталса, кейінірек бұл рефлек-

сте латенттік кезең пайда болып, сүт тек қана торайлар емген ем-

дерден ғана бөлінеді. 



454

Сүт беру механизмінде окситоцинмен қатар вазопрессин мен 

ацетилхолиннің де маңызы зор. Олар да миоэпителийді жиырыл-

та алады.

Күрделі сүт түзу жəне сүт беру процестері ми қыртысының 

бақылауында болады. Сүт беру рефлексі шартсыз рефлекстік 

жолмен де, шартты рефлекстік жолмен де жүреді. Дағдылы сауу 

жағдайларымен қабаттасатын əртүрлі тітіркендіргіштерге (ды-

быс, жанасу, бейне, иіс) малда шартты рефлекстер қалыптасады. 

Осымен байланысты сүт жолының қысқыш еттерінің босаңсуы

окситоциннің бөлінуі, желіндегі қысымның жоғарылауы шартты 

рефлекс түрінде малды саууға дайындай бастағанда-ақ байқалады. 

Əртүрлі кездейсоқ əсерлер, малдың дағдылы сауу жағдайының 

бұзылуы оны исіндіреді, сүт беру рефлексін тежейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет