Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет345/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

152-сурет. Жүйке талшығындағы əре-

кет жəне қозғыштықтың өзгеру саты-

лары (Ə): 

1 - шектелген үйексіздену по-

тенциалы; 2 - потенциал шыңы; 3 - іздік 

үйексіздену; 4 - іздік гиперүйексіздену; 

5 - қозғыштықтың орнықты жоғарылауы; 

6 - абсолюттік рефрактерлік; 7 - салыстыр-

малы рефрактерлік; 8 - экзальтация  саты-

сы; 9 - субнормалы саты; а - тыныштық 

тогы; б - қозғыштықтың бастапқы деңгейі  

(Л. Морган сызбасы).

Абсолюттік рефрактерліктен кейін ұлпалардың қозғышты ғы 

біртіндеп бастапқы қалпына оралады. Қозғыштықтың төмен де ген 

осы кезеңін салыстырмалы рефрактерлік кезең деп атайды. Ол 

кері үйектенумен - əрекет потенциалы шыңының төмендеп, оның 

іздік үйексізденуге айналған кезеңімен сəйкес келеді (152-сурет, 

3,7). Салыстырмалы рефрактерлік сатысы жүйке талшықтарын да 

1–10, ал ет талшықтарында 30 мс. дейін созылады.

Осыдан кейін экзальтация сатысы деп аталған қозғыштық-

тың жоғарылау сатысы басталады (латын тілінен аударғанда 

exsalta tіo – күшті қозған деген мағына береді). Мерзім жағынан 

бұл кезең іздік үйексізденудің соңымен сəйкес келеді. Экзальта-

ция сатысының ұзақтығы жүйкеде - 20, бұлшық етте - 50 мс ша-

масында.

Экзальтация сатысынан соң ұзақ субнормалы саты бастала-

ды. Бұл кезде ұлпалар қозғыштығы тыныштық сатысымен са-

лыс тырғанда, төменірек болады. Субнормалы кезең іздік ги-

перүйектенумен сəйкес келеді.

Қозудың табиғатын түсіндіретін мембраналық теорияға сəй-

кес  абсолюттік рефрактерлік саты натрий иондарының тор-



464

ша ішіне өтуінің тиылып, мембрананың калий иондарына өтім-

ділігінің жоғарылауымен байланысты. Осының нəтижесінде 

мембрананың қозғыштығы уақытша жоғалып, онда жаңа тітір-

кендіруге жауап ретінде əрекет потенциалы туындамайды. Са-

лыстырмалы рефрактерлік жағдайында натрий иондарының 

өтімділігін төмендететін, калий иондарының өтімділігін жоға-

рылататын жағдайлар жойылып, мембрананың тыныштық күйін-

дегі қасиеттері қалпына келеді. Осының нəтижесінде торшалар 

мембранасының қозғыштығы мен оның əрекет потенциалын 

тудыру қабілеті біртіндеп қалпына оралады. Зат алмасу процесі 

үшін қолайсыз жағдайлар туындаса, қалыптастыру процестері 

баяулап, салыстырмалы рефрактерлік мерзімі ұзарады. Деген-

мен, қозғыштықтың төменгі деңгейде сақталуымен байланысты, 

салыстырмалы рефрактерлік жағдайында қозу процесін тудыру 

үшін тітіркендіргіш күші зор болу керек.

Экзальтация сатысында торшаларда қалыптастыру про-

цестері толығымен аяқталады. Іздік үйексіздену шегіне жақын-

дап, торшаның қозғыштығы жоғарылайды (үйексіздену деп 

мембраналық потенциал деңгейінің төмендеуін атайды). Осы 

кезде торшаға ықпал еткен тітіркендіргіштің əсері күшейеді, 

сондықтан күші табалдырықтан төмен тітіркендіргіштің өзі 

табалдырықтан жоғары тітіркендіргіштей əсер етеді. Экзальта-

ция сатысында ұлпаларда келесі қозу тітіркенісінің пайда бо-

луына қолайлы жағдай қалыптасады, ұлпа қайта қозуға дайын 

күйге оралады. Экзальтация сатысы қозғыш ұлпалардың ырғақты 

əрекет атқаруында маңызды физиологиялық рөл атқарады. Егер 

тітіркендіргіш əсерінің ырғағы экзальтация сатысымен сəйкес 

келіп отырса, онда ұлпалар қызметі күшейіп, олар тиімді əрекет 

етеді.

Субнормалы кезең іздік гиперүйексіздену (мембраналық по-

тенциал деңгейінің жоғарылауы) өршіген кезде қалыпталады. 

Бұл мерзімде тыныштық потенциалы жоғарылайтындықтан 

үйексіздену процесін қажетті шекке жеткізіп, қозу тудыру үшін 

күшті тітіркендіргіш қолдану керек.

Қозғыш ұлпаларға қозғыштықпен қатар функционалды құ-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет