Оқулық. Алматы: жшс рпбк


14.5. Биотоктардың туындауын түсіндіретін теориялар



Pdf көрінісі
бет353/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

473

14.5. Биотоктардың туындауын түсіндіретін теориялар

Биотоктар табиғатын түсіндіру мақсатында бірнеше теория-

лар ұсынылған. Солардың алғашқыларының бірі 1896 жылы 

Аррен ниустың 



электрлік диссоциация теориясы негізінде 

В. Ю. Ча 

 говец  ұсынған  альтерациялық немесе диффузиялық 

теория. В. Ю. Чаговец ұлпаның зақымданған немесе тітіркенген 

учас кесінде зат алмасу процесі күшейіп, көп мөлшерде Н

2

СО

3



 

бөлінетінін анықтаған. Бұл қышқыл Н

+

 жəне НСО



 иондары-

на ажырағаннан соң, оң зарядты сутегі иондары ұлпаның басқа 

учаскелеріне тез өтіп кетеді де, теріс зарядты НСО

3



 ионда-



ры зақымданған немесе қозған учаскеде қалып қояды. Осының 

нəтижесінде ұлпаның сау жəне зақымданған немесе қозған жəне 

қозбаған учаскелерінің арасында потенциалдар айырмасы пайда 

болады.


1902 жылы Ю. Бернштейн биотоктың пайда болуының мем-

браналық теориясын ұсынды. Бұл теорияға сəйкес торша лардың 

сыртында жартылай өтімді мембрана болады. Ол катиондарды 

өткізіп, аниондарды өткізбейді. Осының нəтижесінде торша мем-

бранасы сырт жағынан оң, ал іш жағынан - теріс зарядталады. Тор-

ша зақымданғанда немесе тітіркенгенде мембрана арқылы анион-

дар сыртқа шығады да, торша беткейі теріс зарядталып, ұлпаның 

зақымданған немесе тітіркенген учаскесі мен зақымданбаған, 

қозбаған учаскелері арасында потенциалдар айырмасы пайда бо-

лады.

Қазіргі электрофизиология өзінің негізіне осы мембраналық 



теорияны алған. А. Ходжкин, А. Хаксли жəне Б. Катц 1950-жыл-

дардың соңында биопотенциалдар туындауының жаңа теориясын 

ұсынды. Бұл теория мембрана-иондық немесе натрий-калийлік 

сорап (насос) теориясы деп аталады.

Электронды микроскопиялық зерттеулер, рентген-құры лым-

дық талдамалар əрбір торша сырт жағынан ерекше қабықпен - 

мембранамен қапталғанын анықтады. Бұл мембрана белоктар 

мен липидтерден тұратын күрделі құрылым болып табылады. 

Оның қалыңдығы 6-10 нм шамасында болады. Ғылыми дерек-

терге сүйене отырып, осы мембрананың өрнекті (мозаикалық) 

моделі жасалған. Бұл модельге сəйкес мембрана фосфолипидтер 

молекулаларының екі қабатынан құрылады. Осы фосфолипид-

тер қабаттарына белоктар молекулалары ене орналасады. Белок 

молекулаларының бір бөлігі фосфолипидтер қос қабатына бой-

лай ене орналасса, оның біраз бөлігі фосфолипидтерге тек жанаса 

орнығады (159-сурет).



474

Үшөлшемді бейнелеуде бе-

локтар ретсіз орналасқан ірі 

глобулалар болып көрінеді. 

Мембрананы ерекше бело-

ктар қиып өтеді де, олар майда 

арналар, немесе жасушалар 

(тар тесіктер) түзеді. Бұл ар-

налар өзіндік тасымалдаушы 

жүйеден жəне мембрананың 

электрлік өрісін реттеп тұратын 

механизм- «қақпақшалардан» 

құралған.  «Қақпақшалар» не 

ашық, не жабық күйде болады.

Əрбір ионның өзіндік өтер 

жолы – жасушалары болады. Жүйке жəне ет торшаларында на-

трий, калий, кальций жəне хлор жолдары болатыны анықталған. 

Олар белгілі бір заттардың əсерімен істен шығады, тығындалады. 

Мысалы, натрий арналарын тетродоксин, калий арналарын 

– верампил, нифедипин сияқты органикалық қосылыстар 

істен шығарады. Калийлік арналар диаметрі 0,3 нм, натрийлік 

арналарының диаметрі 0,5 нм шамасында.

Тыныштық жағдайында торша мембранасының өтімділігі 

əртекті иондар үшін əртүрлі. Калий иондары үшін оның өтімділігі 

өте жоғары. Олармен салыстырғанда натрий иондарының 

өтімділігі 25 есе, хлор иондарының өтімділігі 2 есе аз. Осының 

салдарынан жүйке мен ет торшаларының цитоплазмасында тор-

ша аралық сұйықпен салыстырғанда, калий иондары 30–50 есе 

көп, натрий иондары 8–10 есе, хлор 50 есе аз болады (160-сурет).

Мембрана катиондармен салыс-

тырғанда, аниондарды нашар өткі-

зеді. Бұл мембрана құрамында дис-

со циа цияланған 

фосфаттар 

жəне 

гидроксильдік топтардың болуы-



мен байланысты. Дегенмен, мем-

брана өтімділігі ұлпаның функцио-

налдық жағдайы 

на байланысты 

өз 

 

геріп отырады. Мысалы, тыныш-



тық жағдайын да мембранада калий 

иондары натрий иондарымен салыс-

тырған да, 20–100 есе жылдам өтсе, 

қозу кезінде мембрананың натрий 

иондарын өткізу қабілеті артады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет