468
күші бар ток тізбегі тұйықталған кезде қозу катодта, ал ажыраған
кезде анодта пайда болады. Бұл құбылыс «тітіркендірудің
өрістік заңы» деп аталады (153-сурет).
Əсер күшіне қарай тітіркендіргіштер табалдырықты, табал-
дырықтан төмен жəне табалдырықтан жоғары болып бөлінеді.
Тітіркендіру табалдырығы (бастау күш) деп
қозу процесін
тудыратын тітіркендіргіштің ең аз шамасын айтады. Əсер күші
бұл шамадан төмен тітіркендіргіштерді та балдырықтан төмен,
ал ар тық тарын - табалдырықтан жоғары ті тір кендіргіштер деп
айтады.
Ұлпалар физиологиялық тыныш тық күйінен қозу жағдайына
көшу үшін тітіркендіргіштің белгілі деңгейде кү ші, əсер мерзімі
(уақыты) жəне əсер күшінің өсу шапшаңдығы (градиенті) болуы
шарт. Осы тəуелділікті үш заңмен бейнелейді.
Күш заңы - тітіркендіргіш не ғұр лым күшті болса, соғұрлым,
(бел гілі бір шекке дейін) ұлпаның жауап реакциясы да күшті бо-
лады (154-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: