Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Мал сауудың физиологиялық негіздері



Pdf көрінісі
бет341/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

13.9. Мал сауудың физиологиялық негіздері

Сүт бөлу процесінің рефлекстік жолмен атқарылатынын ай-

тып өттік. Осыған байланысты малды қолмен де, арнаулы маши-

намен де саууға болады.

Малды сауғанда сүттің бөлінуімен қатар, оның түзілуі де 

күшейеді. Мұның сыры осы əрекет үстінде бір мезгілде желіннің 

экстеро- жəне интерорецепторларының қатар қозуында. Эксте-

рорецепторлар малды сауар алдында желінді жуып, уқалаудың 




456

салдарынан қозса, интерорецепторлар желіннің сыйымдылық 

жүйесіндегі қысымның төмендеуі нəтижесінде қозады. Мал 

сүттілігін арттыруда сиыр бұзаулағаннан кейін алғашқы 1-1,5 

ай бойына тəулігіне 4-5 рет жебей сауу əдісін қолданудың фи-

зиологиялық негізі бар. Ол желін альвеолаларының өсуіне, 

желіннің жаңа бөлімдерінің іске қосылуына ықпал етеді. Желінді 

малды сауар алдында жəне сауып болғаннан соң жақсылап уқа-

лау желіннің секрециялық элементтерінің дамуын күшейтеді. 

Желінді малды сауып болғаннан кейін уқалау нəтижесінде аль-

веолалар мен майда сүт жолдарындағы майлы сүт желін қуысы-

на өтеді. Сондықтан малды сарқа сауу сүттің майлылығын арт-

тырады. 

Қазіргі күнге дейін сиырды сауу жиілігі физиологиялық 

тұрғыдан нақты негізделмей отыр. Егер малды сирек сауса, 

онда желінде кері дамуға тəн өзгерістер байқалады. Мал си рек 

сауылғанда желіндегі қысым жоғарылап, көптеген альвео 

ла-


лардың, тіпті, желіннің жеке бөліктерінің қызметі толастайды. 

Қалыпты жағдайда желіннің сыйымдылық жүйесі альвеолалардың 

секрециялық қызметі уақытша тоқтайтындай деңгейге дейін то-

лып, содан соң ол босап отыруы керек. Сол себепті малды тым 

жиі де, өте сирек те сауу физиологиялық тұрғыдан дұрыс емес. 

Мал ерте суалмау, сүттену кезеңі ұзару, малдың сүттілігі арту 

үшін сауым аралығында желіннің сыйымдылық жүйесінің толық 

толғаны жөн. Сауым мерзімін сүттену кезеңінің сатысын, малдың 

сүттілігін, оның желінінің сыйымдылығын ескере отырып анық-

таған дұрыс. Желін сыйымдылығын екі сауым аралығында кер-

ней толған желінді сауу арқылы, ал сүт түзу қарқынын желін 

сыйымдылық жүйесінің толып, сүт бөлу процесінің толастайтын 

уақытымен анықтайды. Сүтті қарқынды түзетін сиырларды жиі 

сауған жөн. Малды уақытылы жəне дұрыс сауу желін инволюция-

сын тудырмай, малды ерте суалудан сақтап, сүттілікті арттырады.

Сауу процесін желін тырсиып, қатайып, ширығып, тамырлары 

қанға толғаннан соң, басқаша айтқанда, мал иіген кезде бастаған 

дұрыс. Осы белгілер жойылмай тұрғанда, малды тез сауып алған 

жөн. Бұл кезде қанда окситоцин мөлшері көтеріліп, альвеолалар 

мен сүт жолдары миоэпителийінің жиырылуы нəтижесінде сүт 

желін қуысына ығысады да, мал толық сауылады.

Малды қолмен сауғанда төл емгендегі қимыл-əрекеттер 

толығымен қайталанады, бірақ ем маңында вакуум тудырыл-

майды. Сауу кезінде ем түбі бас бармақ жəне сұқ саусақтармен 

сығылады да, сүт ем цистернасына өтеді. Осыдан кейін басқа 

сау сақтармен ем қысылып, сүт емнен сығылады. Осының нəти-

жесінде ем мезгіл-мезгіл сығымдалып, уқаланады. Қолмен сауған 

кезде минутына 65 қимыл жасалады.




457

Қолмен сауған жағдайда ем төл емген немесе машина қон-

дырғысымен сауған кездегіден күштірек тітіркенеді жəне же-

лін бөлімдері сарқыла сауылады. Сондықтан қолмен сауу əдісін 

сиырдың сүттілігін арттыру, малды сүтейту мақсатында пайдала-

нады.


Қолмен сауу əдісінің сүт беру рефлексінің табиғатымен онша 

сəйкес келмейтінін де айтқан жөн. Оның себебі бір мезгілде же-

ліннің тек екі бөлімінің сүті сауылады жəне ем қуысынан аль-

веолалар қуысымен салыстырғанда сүт баяуырақ шығарылады. 

Альвеолалардан сүт толық бөлініп үлгерместен миоэпителийлік 

торшалар босаңси бастайды.

Сүт беру рефлексінің табиғаты шаруашылықта сүт сауатын 

қондырғыларды кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді. Мал-

ды машинамен сауу еңбек өнімділігін арттырып, сауыншылар 

жұмысын жеңілдетеді, сүттің санитариялық сапасын жақсартады. 

Бұл əдістің тиімділігі - оның бір мезгілде сиырдың төрт емінен 

де сүт саууында. Бір ем рецепторлары тітіркенгенде сүт барлық 

емнен, желіннің барлық бөлімдерінен бөлінеді. Егер желіннің əр 

бөлімін жекелеп сауса, онда соңғы бөлімнен сүт аз шығады жəне 

оның майлылығы төмендейді. Сондықтан малды шапшаң жəне 

қарқынды сауу керек. Бұл сүттің бөліну механизміне негізделген. 

Сиырда окситоциннің бөліну жəне əрекет ету мерзімі 4-7, кейбір 

сиырларда 12 минутқа дейін созылады да, сүт беру рефлексінің 

мерзімі 5-7 минутпен шектеледі. Осымен байланысты сауу 

процесін окситоциннің альвеолалар аппараты миоэпителийіне 

əсер ететін мерзімі ішінде аяқтау керек. Сауылып болған желінде 

сауу тостағын артық ұстау да зиян.

Малды сауу жұмыстарын ұйымдастырғанда сүттену кезеңі-

нің алғашқы кездерінде сүттілік өсіп, келесі буаздықтың 2-4 ай-

лық мерзімінен бастап, ай сайын 5-8 пайызға кеми бастайты нын 

ескерген жөн.

Сауу қондырғылары мына төмендегі талаптарға сай болу 

керек: 1) желіннің рецепциялық аппаратына күші, жиілігі, сапа-

сы жағынан үйреншікті əсер етіп, қалыпты сүт беру рефлексін 

ту 


дыратындай; 2) қалыпты жұмыс режимінде желіндегі қан 

айналымын бұзбайтын, ауырсыну түйсігін тудырмайтындай; 

3) мүм  кіндігінше бұзаудың ему, сауыншының сауу қимылдарын 

қай талайтындай; 4) емге тигізетін механикалық əсерлері (сору, 

сы ғу, вакуум деңгейі, т.б.) малдың өзіндік ерекшелеріне сай жа-

ғымды деңгейде болатындай; 5) сауылған сүттің еркін ағып кетуін 

қамтамасыз ететіндей.

Жұмыс істеу принципіне қарай сауын машиналары екі жəне 

үш тактылы болып бөлінеді. Үш тактылы аппараттың ерекшелігі, 



458

оларда тыным сатысының болуында. Үш тактылы машина 

баяуырақ, ал екі тактылы - шапшаңырақ сауады, бірақ екі так-

тылы машиналар желінді сарқа саумайды. Үш тактылы машина 

тыным сатысының болуымен байланысты малды исіндірмейді.

Қазіргі кезде сүт беру қарқынына қарай вакуум деңгейін 

өзгертіп отыратын сауын аппараты шығарылған. Мал сауылып 

болғаннан соң, мұндай аппараттағы вакуум өздігінен төмендеп, 

сауынның біткені жөнінде белгі беріледі. Арнаулы тетік аппарат-

ты əртүрліваккумдік деңгейге (с.б. 150-250- ден 340-440 мм-ге 

дейін) өзгертіп отыруға мүмкіндік береді (Л.И.Тараканов).

Машинамен сауудың нəтижелілігі тек сауу қондырғыларының 

конструкциялары мен параметрлеріне ғана емес, малдың өзіндік 

ерекшеліктеріне де байланысты. Сондықтан сиыр мен биені ма-

шинамен саууға бірте-бірте үйретеді. Алғашқы 2-3 күн малды 

сауу станогында азықтандырып, қондырғы дыбысына, ал одан 

кейінгі 2-5 күн бойына машинамен сауу процесіне үйретеді. Са-

уын маусымы басталардан 1-2 ай бұрын малды желінді уқалап, 

жууға дағдыландырады. Уқалау нəтижесінде желіннің безді 

ұлпасы дамып, оның бөлімдері жақсы өсіп-жетіледі, ем пішіні 

дұрыс қалыптасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет