Қозу нəтижесінде əртүрлі энергия бөлінеді. Солардың ара-
сында электрлік өзгерістер маңызды орын алады. Оларды зерт-
логия негізі XVІІІ-ғасырдың соңғы он жылында қаланды. Осы
нында электр зарядтары орын алатыны белгілі болған. Бұл «жану-
арлар электрі» болары жайлы жалғыз ғана дəлел болатын. Ал Ита-
471
себебін ұлпаларда туындайтын элек-
тр тоғының əсерімен түсіндіріп,
1791 жылы Гальвани «Ет əрекеті
кезіндегі электрлік күш жайлы трак-
тат» деген еңбегін жариялаған.
Гальванидің бұл тəжірибесі оның от-
андасы физик А. Вольта тұрғысынан
пікірталас туғызады. Вольта бұл
құбылыстың себебін қасиеті əртүрлі
екі металдан (темір мен мыстан)
құралған тізбекте тұрақты токтың
пайда болуымен түсіндірді. Оның
пікірінше бұл тəжірибеде препарат
тек өткізгіш - электролит қызметін
атқарған. Бұл пікірсайыста физик
жеңіп шыққан.
Кейінірек (1794 жылы) Гальвани
тəжірибені металдарсыз қайталаған. Бұл нұсқада бұлшық еттің
бір жері жарақаттанып, оған шонданай жүйкесі шыны түтікше
көмегімен препараттың зақымдалмаған жəне зақымдалған жеріне
тиетіндей етіп асыра тасталған (158-сурет,
А). Жүйке етпен
жанасқан кезде ет ді рілдеп, жиырылып отырған. Бірақ ғалымның
бұл тəжірибесіне көңіл онша бөлінбеді де, оның жануарлар
электрі жайлы идеясы ұмыт қалды.
Тарихи шындық бұл екі ғалымның да пікірінің дұрыстығын
көрсетті. Л. Гальвани тірі ұлпаға электрлік белсенділік тəн екенін
дəлелдеп, биоэлектрлік құбылыс жайлы ілімнің негізін салушы
ретінде танылса, А. Вольта «метал электрін» зерттеу үстінде
дүниежүзінде алғаш рет тұрақты ток көзін тауып, электротехника
ғылымы дамуының жаңа дəуірін ашты.
Тек 1837 жылы Л. Гальванидің шəкірті К. Матеуччи ұстазы-
ның екінші тəжірибесін сіңірсіз бұлшық етпен қайталап, физик
Вольтаның қарсы пікірлерінің негізсіз екенін нақтылы түрде
дəлелдеп шықты. Оның 1838 жылы қозу кезінде электр потен-
циалы туындайтынын дəлелдейтін екінші тəжірибесі (қайталай
жы рылу) тіпті, үлкен əсер тудырды. Бұл тəжірибеде екі жүйке-ет
препараты дайындалады да, олардың біріншісінің жүйкесі электр
тогы көзімен жалғасқан электродтар үстіне орналастырылады, ал
екіншісінің жүйкесі - бірінші препарат етінің үстіне тасталынады
(158-сурет,
Б). Бірінші препарат жүйкесін тітіркендіргенде екі
бұлшық ет те жиырылады. Бұл құбылысты ғалым бірінші препа-
ратта пайда болған əрекет тогының əсерімен түсіндірген.
Достарыңызбен бөлісу: