ұл па ның қоз ғыштығына байланысты. Ұлпаның қозғыштығы не-
күші жеткілікті. Сондықтан бұл күшті қозу табалдырығы деп те
атайды. Қозу табалдырығын реобоза деген атаумен сипаттайды.
тиімді мерзім деп атайды. Тітіркендіргіш күші мен оның əсер
469
мерзімі арасында белгілі тəуелділік болады. Тітіркендіргіш кү ші
неғұрлым зор болса, соғұрлым əсер мерзімі қысқарады.
Егер абсцисс осі бойына тұрақты токтың əсер мерзімін,
ал ординат осі бойына оның күшін салсақ, онда күш мерзім
сызығы деп аталатын қисық сызық шығады (156-сурет). Бұл
сызық заңдылықтарын Л. Гоорвег, Г. Вейсс, Л. Лапик зерттеген.
Осы қисық сызықтан күші табалдырықтан төмен тітіркендіргіш
қаншама ұзақ əсер етсе де, қозу процесі туындамайтынын
байқауға болады. Ал, тітіркендіргіш күші артқан сайын қозу
процесі туындауға қажет мерзім қысқара түседі, бірақ оның
белгілі шегі болады. Өте қысқа мерзімді тітіркендірулер кезінде
күш-мерзім сызығы ординат осіне параллель жағдайға келеді.
Демек, тітіркендіргіш күші қаншама зор болса да, оның əсер
мерзімі жеткіліксіз, өте қысқа болса, қозу процесі туындамай-
ды. Сонымен қатар бұл сызықтан тиімді мерзімді бейнелейтін
В нүктесінің сызықтың абсцисс осіне параллель күйге көшкен
тұсында орналасқанын көруге болады. Осы себепті бұл нүктені
өте сезімтал құралдармен де дəл анықтау қиын. Сондықтан
күш-мерзім қисық сызығын математикалық талдаудан өткізіп,
француз ғалымы Л.Лапик 1909 жылы тиімді мерзімнің орнына
басқа шартты шама - хронаксияны анықтауды ұсынды. Хронак-
сия деп екі еселенген реобаза əсерімен қозу процесі пайда болу
үшін қажет уақытты айтады. Хронаксияны арнаулы құралмен
өлшеп, секундтың мыңнан бір бөлшегімен (миллисекунд
пен)
белгілейді. Хронаксия мөлшері ұлпа құрылымына, органдар мен
бүкіл организмнің физиологиялық күйіне байланысты өзгереді.
Қозғалтқыш жүйкелер хронаксиясы етпен салыстырғанда қысқа.
Достарыңызбен бөлісу: