470
Мысалы, хронаксия жылқы мен сиырдың қозғалтқыш жүй-
кесінде 0,09–0,2 мс, вегетативтік жүйкелерде 5 мс, ал қаңқа
еттерінде 0,2–0,4 мс. Бүккіш еттер хронаксиясы жазғыш еттер-
мен салыстырғанда, 1,5–2 есе аз болады. Ең ұзақ хронаксия ішек-
қарын мен жатырдың бірыңғай салалы еттеріне тəн, ол секундтың
оннан немесе жүзден бір бөліктерімен өлшенеді.
Градиент заңы. Қозу процесі туындау үшін тітіркендіргіш
кү шінің өсу шапшаңдығының - градиентінің маңызы зор. Тітір-
кендіру градиенті неғұрлым күрт, шапшаң болса, соғұрлым
(белгілі бір шекке дейін) тірі ұлпа реакциясы күшті болады.
Тітір кендіру градиенті баяуласа, қозғыштық табалдырығы жо-
ғарылайды. Тітіркендіргіш күші баяу өссе, қозу процесі туын-
дамай да қалады. Оған ұлпаларда жүретін өзгерістер əсерінен
қо зу табалдырығының өсуі себеп болады. Күші баяу өскен
тітір кендіргішке ұлпалардың бейімделуін аккомодация деп
атай
ды. Аккомадация неғұрлым тез жүретін болса, соғұрлым
тітіркендіргіш күші тез өсу керек.
Əртүрлі ұлпаларда аккомадация түрлі шапшандықпен жү-
реді. Мысалы, қозғағыш жүйкелерде ол сезімтал жүйкелермен
салыстырғанда жоғары болады. Жүрек еттерінің, ішек-қарын
жəне зəр түтікшелері бірыңғай салалы еттерінің аккомадациясы
өте баяу жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: