Оқулық. Алматы: жшс рпбк


15.2. Ет ұлпасының физиологиялық қасиеттері



Pdf көрінісі
бет369/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   365   366   367   368   369   370   371   372   ...   542
491

15.2. Ет ұлпасының физиологиялық қасиеттері

Ет талшықтарына қозғыш ұлпалар қасиеттерінің барлығы тəн. 

Дегенмен, қаңқа еттерінің қозғыштығы жүйке талшықтары мен 

салыстырғанда, төмен келеді. Оның себебі ет талшықтарын 

да 

тыныштық потенциалы жүйке талшықтарымен салыстыр ған да, 



жоғары (тиісінше, 90 мВ жəне - 70 мВ). Демек, əрекет потен циа-

лы туындау үшін ет талшықтары жүйкемен салыстырған да көп 

деңгейге үйексіздену керек. 

Бұлшық етте қозу толқыны дараланып өткізіледі, бір тал-

шықтан қатар жатқан талшыққа берілмейді. Ет талшықтары қо-

зуды тітіркенген жерден қос бағытта өткізеді. Қозудың таралу 

жылдамдығы бұлшық ет табиғатына қарай өзгеріп отырады. Ақ ет 

талшықтарында қозу секундына 12-15 м шапшандық пен өткізіл-

се, қызыл ет талшықтарында 3-4 м жылдамдықпен та райды.

Қозғыш ұлпаларда байқалатын жалпы қасиеттермен қатар 

эволюциялық даму үстінде ет талшықтарының өзіне ғана тəн 

қасиеттер пайда болған.

Қаңқа еттері серпінді құрылым. Серпінділік қасиеті белсенді 

жəне енжар жиырылғыш құрамалардың (компоненттердің) болуы-

на байланысты. Осы құрамалар ет талшықтарында созылғыштық, 

оралымдық, икемділік қасиеттерін де қалыптастырады.



Созылғыштық деп əртүрлі əсер ықпалымен ет талшықта-

рының ұзаруын айтады. Созылғыштық қасиет ет талшықта-

рының табиғатына, ет шоғырларының құрылым ерек шелік те ріне 

байланысты. Мысалы, қызыл ет талшықтары ақ тал  шық тардан 

созылғыш келеді. Талшықтары қатарласа (параллель) орналасқан 

еттер таранды (қауырсын тəрізді) талшықты еттер 

мен салыс-

тырғанда көбірек созылады. Тыныштық күйдегі бұл 

шық етті 

созғанда серпінділік қасиетіне байланысты ширығу құбы-

лысы байқалады. Ет талшығын созған сайын, ол арта түседі. 

Оқшауланған еттерде серпінді кернеу байқалмайды.



Оралымдық деп ет талшықтарының кергіш күш əсеріне 

ширығумен жауап беретін қасиетін айтады. Сондықтан белгілі 

бір күш əсерімен қалпы бұзылған бұлшық ет сол күш əсері 

тиылғаннан соң бастапқы күйіне оралады. Еттің оралымдығын 

оған жүк іліп анықтайды. Оралымдық қасиеттің арқасында жүкті 

алып тастағаннан соң ет бастапқы қалпына келеді. Көп жағдайда 

оралымдық қасиеттің жақсы жетілмеуіне байланысты ұзақ уақыт 

созылған ет бастапқы қалпына толық оралмайды. Айта кетер 

жайт, қаңқа етінің ақ талшығы қызыл талшықтардан оралымды 

келеді.



492

Икемділік - бұлшық еттің еріксіз, күшпен берілген пішінін 

сақтау қасиеті. Еттің икемділік қасиеті саркоплазмаға байла-

нысты. Ал, сарколемма мен миофибриллаларға əрі оралымдық 

əрі икемділік қасиеттер тəн. Сыртқы деформациялаушы əрекет 

неғұрлым күшті əрі ұзақ болса, соғұрлым икемділік күштірек 

байқалады. Бұлшық еттің қызыл талшықтарының икемділігі ақ 

талшықтармен салыстырғанда, жоғары болады. 

Тонус деп бұлшық ет талшықтарының қуатты аз шығындай 

оты 


рып, тұрақты табиғи ширығу жағдайында, əлсіз кернеулі 

күйде болуын айтады. Тыныштық кезінде бұлшық ет тонусын мо-

тонейрондар импульсі қамтамасыз етеді. Бұлшық ет тонусы енжар 

жəне белсенді болып бөлінеді. Бұлшық еттің енжар (пассивті) 



тонусын оның икемділік қасиеті, ал белсенді (активті) тону-

сын баяу нейрофункционалдық бірлестіктің асихронды əрекеті 

қамтамасыз етеді. Бұлшық ет тонусын қалыптастыруда проприо-



рецепторлар мен орталық жүйке жүйесі де қатысады. Ет тонусы 

сырттай серпінділік түрінде бейнеленеді. Ол бұлшық еттің енжар 

жиырылатын құрылымы - қызыл талшықтардың əрекетіне байла-

нысты.


Еттің қызыл талшықтарының қызмет ерекшеліктері олардың 

баяу жиырылып, баяу босаңсуында. Олар жиырылған кезде актин 

мен миозин жіпшелері арасында мықты молекула аралық байла-

ныс пайда болады да, ет талшықтарының коллоидтық құрылымы 

өзгереді. Қызыл ет талшықтарының тонусы сирек туындайтын 

жүйке импульстерінің əсерімен сақталады. Сирек импульстер 

əсерімен ет талшықтары бір мезгілде қозбай, біртіндеп, кезектесе 

қозады. Сондықтан өте сирек тітіркендірудің өзі бұл талшықтар-

ды ұзақ жиырылу жағдайында ұстайды. Бұл импульстер жұлын-

ның мотонейрондарынан келеді. Өз кезегінде мотонейрондар 

қыз меті орталық жүйке жүйесінің жоғары бөліктерінде орналас-

қан орталықтар мен ет талшықтарының созылуы нəтижесінде 

қозатын бүйірлі торшалардан келетін импульстер арқылы өзгеріп 

отырады.


Бұлшық ет тонусы кеңістікте денені белгілі бір кейіпте ұс-

тауда, қимыл аппаратының қызметін қамтамасыз етуде маңызды 

рөл атқарады. Ет тонусын сақтау үшін онша көп энергия шы-

ғындалмайды, зат алмасу процесі айтарлықтай өзгермейді, 

сондықтан тонус жағдайындағы ет көп қажымайды.

Ет талшықтарының телімді қасиеттерінің бірі - жиырыл-

ғыштық.  Жиырылғыштық деп ет талшықтарының тітіркендір-

гіш əсерімен өзінің ұзындығы мен ширығу (кернеу) деңгейін 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   365   366   367   368   369   370   371   372   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет