Оқулық. Алматы: жшс рпбк


өзгертетін қасиетін айтады. Еттің жиырылғыштық қабілетін мио- графия əдісімен зерттейді. 15.3. Бұлшық ет жиырылуының түрлері



Pdf көрінісі
бет370/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   366   367   368   369   370   371   372   373   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

493

өзгертетін қасиетін айтады. Еттің жиырылғыштық қабілетін мио-

графия əдісімен зерттейді.

15.3. Бұлшық ет жиырылуының түрлері

Қалыпты жағдайда бұлшық ет жұлынның вентральдық мүй і- 

зінде немесе ми жүйкелері ядросында орналасқан қозғағыш 

нейрондардан келген импульстердің əсерімен қозады. Жүйке 

талшықтары тармақталу дəрежесіне қарай не көп, не аз ет 

талшықтарымен түйіседі. Мотонейрон, оның ұзын өсіндісі (ак-

сон) жəне осы аксонмен түйісетін ет талшықтарының тобы əре-

кет бірлестігі немесе нейромоторлық бірлестік деп аталады 

(170-сурет).

Бұлшық ет неғұрлым күшті мамандан-

са, соғұрлым ней 

ро 

моторлық бірлестікке 



енетін ет талшықтарының саны аз болады. 

Кіші əрекет бірлестігінің құрамына бар 

болғаны 3 – 5 ет талшығы енсе (мысалы, 

көз алмасы еттері), үлкен əрекет бірлестігі 

құра мында (тұлға мен аяқ еттері) бірнеше 

мың талшық болады. Əре кет бірлестігі тек 

оның құрамына енетін ет талшықтарының 

санымен ғана емес, нейрондар мөлшері мен 

де ерекшеленеді. Үлкен əрекет бірлестігі 

құрамына жуан аксонды ірі нейрон кіреді. 

Нейромоторлық бірлестік біртұтас жүйе 

ретінде қызмет атқарады, ет талшық 

та-

ры мотонейрондардан келген импульстер 



əсерімен іске қосылады.

Жиырылу жылдамдығына қарай ет 

талшықтары шапшаң жəне баяу əрекетті болып бөлінеді. Шапшаң 

əрекетті немесе фазалық талшықтарда саркоплазмалық тор жақсы 

дамиды да, одан кальций иондары оңай, тез шығады. Олардың 

түсі ақ, талшықтары ірі жəне ұзынырақ құрамында миоглобин 

аз, гликоген көп болады. Мұндай талшықтар қан тамырларымен 

нашар жабдықталады, жиырылған соң шапшаң босаңсиды жəне 

оларда тотықтырғыш ферменттердің белсенділігі төмен келеді.  

Баяу əрекетті, немесе тонустық талшықтардың түсі қызыл, 

диаметрі жіңішке, тотықтырғыш ферменттерінің белсенділігі 

жоғары, құрамында миоглобин көп, гликоген аз. Шапшаң 

əрекетті еттер белгілі мерзім ішінде АТФ-ті көп шығындайды 

жəне тонустық жиырылу кезінде қуатты аз үнемдейді. Осыған 

байланысты статикалық жұмыс атқарғанда (мысалы, дененің 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   366   367   368   369   370   371   372   373   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет