Оқулық. Алматы: жшс рпбк


-сурет. Əрекет  бірлестігінің  схемасы    494



Pdf көрінісі
бет371/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   367   368   369   370   371   372   373   374   ...   542
170-сурет. Əрекет 

бірлестігінің  схемасы   




494

кеңістіктегі жағдайын сақтау үшін) организм негізінен баяу 

əрекетті қызыл талшықтарды, ал жылдам қимыл үшін баяу 

əрекетті ақ талшықтарды пайдаланады. Алғашқы жағдайда бұл-

шық ет қажетті қуатпен тотығу процесінің жоғарылауы жəне 

липидтер алмасуының күшеюі арқылы қамтамасыз етіледі. Ал, 

шапшаң, бірақ қарқынды қимыл əрекет кезінде аэробты гликоге-

нолиз барысында босаған қуат пайдаланылады.

Бұлшық ет жиырылуының: изотониялық, изометриялық жəне 

ауксотониялық деген үш түрі болады.



Изотониялық (грек тілінде іsos - бірдей, тең, tonos - ширығу, 

деген мағына береді) жиырылу (ширықпай жиырылу) кезінде ет 

талшықтарының ширығу деңгейі өзгермей, тек оның ұзындығы 

қысқарады. Тəжірибе жағдайында изотониялық жиырылу оқ шау-

ланған бұлшық етке аз ғана жүк іліп, электр тоғымен тітіркен-

дірген кезде байқалады. 



Изометриялық жиырылу (грек тілінде іsos - бірдей, meros - өл-

шем) жағдайында бұлшық еттің ұзындығы өзгермей, тек ширығу 

деңгейі артады (қысқармай жиырылу). Тəжірибе жағ 

дайында 


жиырылудың бұл түрі оқшауланған бұлшық етке тым ауыр жүк 

іліп, тітіркендіргенде байқалады.

Табиғи жағдайда таза изотониялық немесе таза изометриялық 

жиырылулар кездеспейді. Денеде бұлшық еттің екі ұшы сүйек 

рычагына бекіген, сондықтан ол жиырылған кезде өзі əсер 

ететін мүшенің салмағына тең кедергіні немесе кереғар еттердің 

қарсылығын жеңу керек. Демек, əрекет үстінде ет талшығы əрі 

ширығады əрі қысқарады.

Бұлшық еттің ширығу деңгейі мен ұзындығын өзгерте жиы-

рылуын  ауксотониялық жиырылу деп атайды. Қимыл əрекет 

үстінде еттер ауксотониялық жиырылу жағдайында болады, бірақ 

онда, не изотониялық, не изометриялық жиырылу басымырақ 

келеді. 

Бұлшық еттің жиырылу ырғағы тітіркендіргіш күшіне жəне 

тітіркендіру жиілігіне байланысты. Мысалы, жиілігі 6-8 Гц-тен 

аспайтын тікелей (еттің өзін) немесе жанама (жүйкені) тітір кен-

діруге баяу əрекетті талшықтардан құралған бұлшық ет дара жиы-

рылумен жауап береді. Өйткені тітіркендіру аралығында босанып 

шыққан кальций иондары қайтадан саркоплазмалық торға еніп 

үлгереді. Мұндай дара жиырылулар тітіркендірген соң бірден 

басталмай,  жасырын (латенттік) кезең деп аталатын біршама 

уақыттан кейін басталады. Бақаның балтыр етінде бұл мерзім 0,01 с.

Осыдан кейін еттің 0,04 с созылатын жиырылу сатысы жəне 



495

0,05 с созылатын босаңсу сатысы байқалады. Демек, дара жиы-

рылуды бейнелейтін қисық сызықта үш кезең: жасырын, жиыры-

лу жəне босаңсу кезендері бейнеленеді. Босаңсудан кейін қисық 

сызықта майда толқындар байқалады. Бұл ет талшықтарының 

оралымдығына байланысты құбылыс (171-сурет, І).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   367   368   369   370   371   372   373   374   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет