58
Қанның ұю жылдамдығы əр түлікте əр түрлі. Ол жылқыда
11,5 мин, сиырда - 6,5, қоянда - 4,5, шошқада - 3,5, қой, ешкі, ит
жəне мысықта - 2,5, құста - 0,5-2 мин.
Қанның ұю жылдамдығы түрлі факторларға қарай өзгеріп
отырады. Салқын ауада қанның ұю жылдамдығы баяулап, жылы
температурада – шапшаңдайды. Ауырсыну түйсігі, симпатикалық
жүйкені тітіркендіру, адреналинді егу қанның ұюын тездетеді.
Қанның ұю процесін реттеу механизмі өте күрделі. Ол екі
кезеңнен: 1-рефлекстік, 2-рефлексті - гуморальдық кезеңнен
тұрады. Алдымен ауырсыну түйсіктері орталық жүйке жүйесінен
қан жасаушы органдар мен деполарға жүйке импульстерін жі-
бертеді. Осының əсерінен деполар жиырылып, қан құрамындағы
тромбоциттер саны көбейеді, қан плазмасындағы ұйытушы фак-
торлардың белсенділігі күшейеді, тромбопластиннің түзілуі
жыл дамдайды. Осыдан кейін гуморальдық кезең басталады да,
қан да ұйытатын жүйенің белсенділігі арта түсіп, ұйытуға қарсы
жүйенің (антикоагулянттардың) белсенділігі төмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: