Оқулық. Алматы: жшс рпбк


-кесте. Адам қаны топтарының сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет40/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

9-кесте. Адам қаны топтарының сипаттамасы

Қан сарысуының 

агглютининдік сипаты

Эритроциттердің агглютиногендік сипаты

І(0)

ІІ(А)


ІІІ(В)

ІV(АВ)


І 

α жəне β

ІІ 


β

ІІІ 


α

ІV 


0

-

-



-

-

+



-

+

-



+

+

-



-

+

+



+

-

Ескерту: «+» белгісімен агглютинация процесі жүретін, ал «-» белгісімен – 



агглютинация жүрмейтін жағдайлар көрсетілген.

Агглютинация процесі агглютиноген А мен агглютинин α, 

аглютиноген В мен агглютинин β кездессе ғана жүреді. Демек, 

І топты басқа топтардың барлығына құюға болады. ІІ топты – ІІ 

жəне ІV топқа, ІІІ топты - ІІІ жəне ІV топқа, ал ІV топты тек ІV 

топқа ғана құюға болады (12-сурет). Қан берушіні – донор (бе-



рермен), ал қабылдаушыны – реципиент (аларман) дейді. Осы 

тұрғыдан І топты əмбебап донор, ал ІV топты - əмбебап реципи-



ент деп атайды.

Қан тобының үйлесімдігін айыру үшін донор қанындағы 

агглютиногеннің сипатына көңіл бөлінеді де, ондағы агглюти-

ниндерге мəн бермейді. Себебі, Оттенберг ережесі бойынша ре-

ципиенттің қан айналым жүйесінде тек донор эритроциттері ғана 

желімденеді. 

Қан сарысуының қасиеттерін зерттеу нəтижесінде 1940 жы-

лы К. Ландштейнер мен Винер эритроциттерде А мен В-дан 

бас қа тағы да бір агглютиногеннің болатынын анықтады. Бұл 

агглю 


тиноген алғаш рет Macacus resus маймылының қанында 

табылғандықтан резус фактор деп аталып, Rh деп белгіленген. 

Кейінірек бұл аглютиногеннің адам қанында да болатыны 

анықталды. Дүние жүзіндегі адамдардың 85 пайызының қанында 




60

резус фактор болатын көрінеді де, 15 пайызында ол болмайды 

екен. Сонымен, осы агглютиногеннің болу не болмауына қарай 

адамдар оң (Rh+) жəне теріс (Rh-) резус факторлы болып бөлінеді. 

Теріс резус факторлы адамдарға оң резус факторлы қан құйылса

реципиент организмінде қорғағыш денелер - антирезус фактор 

түзіледі. Осындай реципиентке екінші рет оң резус факторлы қан 

құйылса, организмдегі дайын антирезус фактордың əсерімен эри-

троциттер жабысып, тіршілігін жояды, қан топтары сəйкес келме-

генде байқалатын құбылыс - агглютинация жүреді.

Қан тобы мен резус фактор тұқым қуалайды. Егер ана қаны 

Rh–, ата қаны Rh + болса, ұрық Rh + болуы мүмкін. Бұл жағдайда 

ұрық қанындағы Rh + фактор плацента (жолдас) арқылы 

аналық қанына өтіп, онда қорғағыш денелердің түзілуіне əкеліп 

соқтырады. Кейіннен ана қанындағы қорғағыш денелер жолдас 

арқылы қайтадан ұрыққа өтіп, оның қанындағы эритроциттерді 

жабыстырады, бұзады. Қанда эритроциттің бұзылуынан əртүрлі-

улы заттар, мысалы билирубин жиналып, ұрық уланады. Осы 

себепті ұрық не өліп қалады, не өте ауыр қан ауруы басталады. 

Мұндай аналарға қанында дайын қорғағыш денелер болғандықтан 

оң резус факторлы қан кұюға болмайды.

Резус фактордың тұқым қуалау принципін генетика заңды-

лықтарын пайдалана отырып түсіндіру керек. Қазіргі кезде ор-

ганизмде басым жəне басыңқы гендердің болатыны анықталды. 

Басым ген болған жағдайда басыңқы ген өзін байқата алмайды. 

Демек, əр белгі екі түрлі геннің арақатынасымен анықталады: 

оның бірі аталық арқылы келген хромосомада, ал екіншісі - аналық 

арқылы келген хромосомада орналасады. Əрбір белгіні жəне 

оның ішінде резус-факторды анықтайтын ген жұптарын түзуде 

əке де, шеше де қатысады. Балада əке қанының белгілері болған 

күннің өзінде оның қанының қасиеттерін құрастыратын гендер-

де ана белгілері де болады. Əрине, бұл жағдайдың керісінше де 

қалыптасуы мүмкін.

  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет