Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет39/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

4.9. Қан топтары

Ұзақ зерттеулердің арқасында кез келген адам қанының 

құрамында басқа адамның эритроциттерін жабыстырып тастай-

тын (агглютинация процесін жүргізетін) ерекше заттардың бола-

тыны анықталған. Австрия ғалымы К. Ландштейнер 1901 жылы 

адам эритроциттерінің құрамында екі түрлі антигендер - агглю-



тиногендер, ал плазмада - екі түрлі антиденелер - агглютининдер 

болатынын дəлелдеді. Агглютиногендер латын əліпбиі бойынша 

А жəне В əріптерімен, ал агглютининдер грек əліпбиі бойынша 

альфа (α) жəне бета (β) əріптерімен белгіленеді. К. Ландштейнер 

агглютиногендік сипатына қарай адам қанының үш тобын ашты. 

Оның жіктеуі бойынша бірінші топта агглютиногендер болмай-

ды (0-тобы), 2-топта А-агглютиногені (А тобы), ал үшінші топта 

В - агглютиногені (В - тобы) болады. 1907 жылы чех ғалымы Ян 

Янский адам қанының А жəне В агглютиногендері бар төртінші 

тобының болатынын ашты (9-кесте).

1918 жылы Ұлттар Лигасының (Біріккен Ұлттар Ұйымының 

бұрынғы атауы) халықаралық гигиена комиссиясы қан топта-

рын əріппен белгілейтін номенклатура қабылдады. Оның не-

гізіне Янскийдің жіктеуі алынған болатын. Бұл қабылданған 

номенклатураның ыңғайлылығы топтың аты қанда қай агглю-

тиноген болатынын көрсетуінде. Тарихи фактіге басымдық бер-




59

гендіктен біздің елде қан тобының қос белгісі көрсетіледі - топты 

белгілейтін əріптің қасында жақша ішінде оның сандық нөмірі 

тұрады.


Айта кетер жайт, бір адамның қанында аттас агглютиноген мен 

агглютинин болмайды (Мысалы, А мен α, немесе, В мен β). Егер 

бір организмнен екінші организмге қан құйғанда аттас агглю-

тиноген мен агглютинин кездессе, эритроциттердің желімдену 

процесі жүреді. Мұндай қанды үйлеспейтін қан деп атайды. Со-

нымен, қан құрамында агглютиногендер мен агглютининдердің 



болуына, не болмауына қарай адам қаны төрт топқа бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет