Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет469/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   465   466   467   468   469   470   471   472   ...   542
20.11. Ес жəне оның түрлері

Ес дегеніміз - мидың тіршілік əрекеті үстінде жинақталған 

тəжірибені сақтап, жаңғыртуды, пайдалануды қамтамасыз ететін 

қасиеті. Ес арқылы организм тəжірибесі байыйды жəне ол пайдаға 

асырылады. Ес арқылы үйрену, жаттығу процесі жетілдіріледі 

жəне сыртқы орта жағдайларына бейімделу нақтылана, жақсара 

түседі.


Естің:  қысқа мерзімдік, аралық жəне ұзақ мерзімдік деген 

үш түрі болады. Жүйке жүйесі қабылдаған хабар алдымен қысқа 



мерзімдік ес түрінде жинақталады. Одан əрі ол шапшаң (бірнеше 

секунд ішінде) жойылады немесе аралық ес түрінде сақталады. 



Аралық ес ақпаратты бірнеше минут немесе сағат сақтауға 

мүмкіндік береді. Егер оқиға маңызды болса жəне нақтылы эмо-

ция тудырса, онда ол көп уақытқа сақталу үшін ұзақ мерзімдік 

еске айналып, тіпті, өмір бойы сақталады.

Есте қалдыру механизмі, оның физиологиялық негізі əлі 

күнге дейін толық анықталған жоқ. Қысқа мерзімдік жəне ұзақ 

мерзімдік есті бекіту, сақтау, қамтамасыз ету механизмі əртүрлі 

болады деген болжам бар. Жоғары сатыда дамыған жануарларда 

жаңа хабарларды «жазып алу», оны бұрынғы мəліметтермен са-

лыстыру жəне ұзақ мерзімдік еске айналдыру процестерін гиппо-

камп атқарады. Ұзақ мерзімдік есті сақтау жəне қайта жаңғырту 

процестерін ми қыртысының самай бөлігі нейрондарының 

қызметімен байланыстырады.

Əсерді қысқа мерзімге сақтап қалу үшін тиісті нейрондарға 

импульстердің бір сериясының келуі жеткілікті болуы мүмкін. 

Осының нəтижесінде иондық арналар қызметін реттеу механизмі 

өзгереді. Мəліметті аралық есте сақтап қалу үшін қозудың біраз 



629

уақыт (оншақты минут бойына) нейрондар тізбегінде айналуы, 

жаңғырығуы (реверберация) қажет. Ал ұзақ мерзімді ес орталық 

нейрондарда жүретін құрылымдық жəне функционалдық өзге-

рістермен, нейронаралық синапстық байланыстың күшеюі-

мен, синапстық беткейдің (жанасу беткейінің) үлкеюімен, 

пост 

си 


напстық потенциал деңгейінің өсуімен, постсинапстық 

мем брананың медиаторға сезімталдығының жоғарылауымен 

бай ланысты. Синапстардың пайда болуы, қалыптасуы белок 

синтезінің, РНК қызметінің күшеюі негізінде жүреді. РНК қыз-

меті мен белоктардың синтезін тежеп тастау ұзақ мерзімдік естің 

қалыптасуына мүмкіндік бермейді.

Ұзақ мерзімдік ес мəліметтің кез келген мерзім аралығында 

сақталуын қамтамасыз ете алады. Мəлімет ізінің уақыт өткен 

сайын нығаюын жəне жаңа ақпараттар қосылғанның өзінде 

жоғалмай сақталуын қамтамасыз ететін процесті, мəліметтің 

қысқа мерзімдік естен ұзақ мерзімдік еске көшуін бекіту (консо-

лидация) деп атайды.

Естің физиологиялық механизмі туралы қазіргі кезде көп-

теген болжамдар мен теориялар бар. Жалпы мида қалыпта-

са 


тын уақытша байланысты естің негізінде жататын күрделі 

физио логиялық процестің бір көрінісі деп алуға болады. Мор-

фологиялық мəліметтерге қарағанда, мида нейрондардың тұйық-

талған тізбегі болады жəне импульстер оны бойлай ұзақ уақыт 

бойына еркін айналып жүре алады. Осы негізде қысқа мерзімдік 

естің физиологиялық мəнін түсіндіру үшін жаңғырығу (ревер-



берация) теориясы ұсынылды. Бұл теорияға сəйкес мəлімет 

тұзақ деп аталатын нейрондар тізбегі қызметі арқылы сақталады. 

Бұл тізбектегі бір нейрон қозса, ол келесі нейронды қоздырып, 

тізбектелген процесс басталады да, осы импульстер аксонның 

бүйір тармақтары немесе аралық нейрондар аксондары арқылы 

алғашқы торшаға қайта оралады. Бұл процесс жалғаса береді де, 

сақина сипатты байланыс түзіліп, қозу импульсі оны бойлай ұзақ 

уақыт айналып жүре береді. Қозу реверберациясын тудыратын 

мұндай əсерлер көп қайталанса, əр айналым сайын есте қалған із 

нығая түседі. Əсердің қайталануы тоқтаса немесе тізбектегі бір 

нейронда тежелу басталса реверберация да тоқтайды.

Қысқа мерзімдік естің механизмін түсіндіру үшін электрондық 



теория да ұсынылған. Бұл теорияға сəйкес жүйке импульстері 

синапстар арқылы өткен кезде өзіндік құбылыстар туындап, 

электрондық потенциал пайда болады. Осының нəтижесінде 

белгілі синапстар арқылы импульстердің өтуі ұзақ мерзімге 

(бірнеше минут, тіпті, сағатқа) жеңілдетіледі.



630

Қазіргі кезде ұзақ мерзімдік естің механизмін түсіндіру үшін 

де бірнеше теория ұсынылған. Олардың бірі синапстарда жүретін 

күрделі морфологиялық өзгерістерді негізге алса, екіншісі, 

биохимиялық өзгерістерге сүйенеді. Анатомиялық теория бойын-

ша мəліметті қабылдап, сақтау процесі нейрондар өсінділерінде 

жаңа терминалдардың пайда болуы арқылы, олардың пішіндері 

мен көлемінің өзгеруі, дендриттер бүршіктерінің - тікенектерінің 

өсуі, көбеюі нəтижесінде жаңа байланыстардың қалыптасуы 

арқылы іске асады. Глиялық теория ұзақ мерзімдік есті нейрон-

дарды қоршай орналасқан глиялық торшалардағы өзгерістермен 

байланыстырады. Глия торшаларында түзілетін ерекше зат-

тар синапстардан қозудың өтуін жеңілдетеді, нейрондардың 

қозғыштығын жоғарылатады, олардың дендриттерінің тарам-

далуын жəне дендриттер бойындағы тікенектердің ұзаруын 

қамтамасыз етеді. Мəлімет ізін сақтау жəне жаңғырту үшін ар-



наулы белоктар қажет деген де болжам бар.

Ес туралы мағлұматтар негізінен маймылдарға немесе ми-

ында патологиялық процесс байқалған адамдарға жүргізілген 

бақылаулар негізінде жинақталған. Үй жануарлары жайлы 

мағлұматтар өте аз жəне оларды приматтармен салыстыру қате 

тұжырымдар туғызуы мүмкін. Дегенмен, сиыр мен жылқыға ұзақ 

мерзімдік естің тəн екені жайлы деректер бар. Олардың жақсы 

қалыптасқан қимыл-қоректік рефлекстерді 6 жылдан астам уақыт 

сақтайтыны белгілі. Жылқы жүрген жерін, жолын есте өте жақсы 

сақтай алады.

Барлық жануарлар уақытты жақсы бағдарлайды, сондықтан 

олар күн тəртібіне тез үйренеді, азықтандыру, сауу мерзіміне оңай 

бейімделеді. Құстарда ұзақ мерзімдік ес нашар дамыған, олар өзі 

жүрген жерді есте ұстай алмайды. Торайларда да ұзақ мерзімдік 

ес нашар дамыған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   465   466   467   468   469   470   471   472   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет