Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет468/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   464   465   466   467   468   469   470   471   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

жарты шарлары қыртысында жайыла таралып, біраз қыртыс 

асты құрылымдарды қамтитын тежелу деп түсіндірді. 

И. П. Павлов пікірінше, ұйқы мен тежелу - бір текті про-

цесс. Əрекет үстіндегі ми қыртысының торшаларында қатты 

қажудың нəтижесінде тежелу процесі туындап, олардың қызметі 

тоқтайды. Осы тежелу жайылып, бүкіл ми қыртысын қамтиды 

да, қыртыс асты орталықтарға тарап, жүйке торшаларының жаңа 

сапалық күйі - ұйқы туындайды. Сырт қарағанда, ұйқы кезінде 

шынында да, организм функцияларында тежелу процесінің 

көріністері байқалады. Мысалы, организмнің қимылы тоқтайды, 

40–888



626

не шектеледі, анализаторлар қызметі бəсеңдеп, сыртқы ортамен 

байланыс нашарлайды, шартты рефлекстер тежеледі, зат алма-

су қарқыны төмендеп, ішкі мүшелер қызметі баяулайды. Ұйқы, 

И. П. Павлов пікірі бойынша, тек жүйке торшаларының əрекет- 

сіз күйі ғана емес, сонымен қатар ол нейрондардың сергектік 

кездегі жұмыс қабілетін қалпына келтіруге қажетті зат алмасу 

деңгейін қамтамасыз ететін процесс.

И. П. Павлов ұйқыны белсенді (активті) жəне ырықсыз (пас-

сивті) түрге бөледі. Белсенді үйқы бүкіл ми қыртысына жайы-

лып, қыртыс асты түйіндерді қамтитын ішкі тежелу болып та-

былады. Ал, ырықсыз ұйқы рецепторлардан ми қыртысына 

ке летін импульстердің күрт азаюының нəтижесінде туындайды. 

И. П. Павлов зертханасында тəжірибе жүзінде ырықсыз ұйқы 

тудырылған. Иттің иіс сезу, көру, есту рецепторларын бұзып тас-

тағаннан соң, ол барлық кезде ұйықтап жатып, тек табиғи мұқ-

таждық əсерімен (тамақ қабылдау, зəр бөлу, нəжіс шығару, т.с.с.) 

оянып отырған.

Ми қыртысында əркез қозу жəне тежелу ошақтары орын 

тебеді. Ұйқы кезінде ішкі не сыртқы орта тітіркендіргіштері осы 

ошақтардың белсенділігін не арттырып, не басып отырады. Терең 

жайылған тежелу жағдайында қозу ошақтары басылып, ұйқы 

үзілмей жалғаса береді. Дегенмен, ұйқы кезінде ми қыртысының 

кейбір аудандарының қозғыштығы сақталып қалады. Мұндай ау-

дандарды И. П. Павлов «сақшы пункттер» деп атаған. Олар жа-

нуарлар өмірі үшін маңызы зор тітіркендіргіштер əсерімен (қатер 

төнгенде) дер кезінде, шапшаң оянуды қамтамасыз етеді.

Ұйқының табиғатында қыртыс асты құрылымдар да маңыз-

ды рөл атқарады. Ояу кезде торлы құрылым ми қыртысына 

белсендіруші импульстер жіберіп отырады да, ұйқыны болдыр-

майды. Ал осы торлы құрылымның белсендіруші əсерін тоқтатса 

(мысалы, зақымдау арқылы), онда мал терең ұйқыға кетеді.

П. К. Анохин концепциясы бойынша ұйқы ми қыртысы, ги-

поталамус жəне таламус-торлы құрылымдық жүйенің өзара 

əрекеттестігіндегі айналымды өзгерістерге байланысты. Ояу, 

сергек кезде ми қыртысы гипоталамустағы ұйқыны тудыратын 

вентромедиальдық ядроны тежеп отырады. Ми қыртысында ішкі 

тежелу жайыла бастағанда оның гипоталамус орталығына əсері 

тоқтайды. Гипоталамус орталығының белсенділігінің күшеюі 

нəтижесінде оның ми сабағының торлы құрылымының қызметіне 

тежеуші əсері күшейеді де, таламус деңгейінде ми қыртысына 

бағытталған белсендіруші импульстердің өтуі тоқтатылады. 

Осының салдарынан ми қыртысының тонусы одан əрі төмендеп, 



627

ұйқы басталады. Сонымен белсенді процесс ретінде басталған 

ұйқы ырықсыз процесс түрінде жалғасады.

Қазіргі кезде ұйқыны реттейтін орталықтың қыртыс-қыр-

тыс асты құрылымдарда шоғырлануы жайлы дəлелдер мол жи-

нақталған. Тіпті, ұйқы сатыларының моноаминэргиялық реттеу 

механизмі жайлы болжам ұсынылған (М. Жуве, 1967). Бұл бол-

жам бойынша сергек ұйқы сопақша мидағы серотонинэргиялық 

ядролар жүйесімен реттелінеді. Ортаңғы ми торлы құрылымның 

катехоламинэргиялық нейрондары терең ұйқы мен ояу күйді 

реттейді.

Ұйқы табиғатында глиялық элементтердің де ерекше рөл 

атқаратыны жайлы деректер бар. Баяу, сергек ұйқының негізгі 

нейрохимиялық маңызы мидың глиялық құрылымдарында бе-

локтар мен РНК-ның алмасуын қалпына келтіру процестерін 

қамтамасыз ету болып табылады. Парадоксальды ұйқы кезінде 

нейрон мембраналарындағы белсенді конформациялық өзгерістер 

осы күйдегі ЭЭГ ерекшеліктерінің туындау себебінің бірі болып 

табылады.

Сонымен, эволюция кезінде ми қызметінің: ояу күй (сергектік), 

шапшаң (терең) ұйқы жəне баяу (сергек) ұйқы деген үш түрлі 

əрекеті қалыптасқан.

Ұйқыдан оянуға организмдегі биохимиялық өзгерістер

ми қыртысы, гипоталамус, торлы құрылым аралығындағы 

функционалдық байланыс өзгерістері жəне сыртқы орта тітір-

кендіргіштерінің организмге əсер етуі себепкер болады. Ояу 

күй анализаторлар қызметі мен қимыл-əрекеттердің күшеюімен 

сипатталады жəне белгілі мерзім аралығында түрлі ішкі жəне 

сыртқы факторлар əсерінің арқасында сақталады.

Гипноз. Ұйқыны зерттеу нəтижесінде И. П. Павлов гип-

ноз құбылысына физиологиялық тұрғыдан түсініктеме берді. 

Гип 

 

ноздың да негізінде тежелу процесінің жайылуы жатады. 



Бірақ терең ұйқы жағдайында тежелу процесі бүкіл ми қырты -

сын қамтып, қыртыс асты түйіндерге дейін таралса, гипноз 

жағ дайында тежелу процесі ми қыртысының тек белгілі бір 

аймақтарына жайылады. Ұйқыдан сергек күйге ауысу барысында 

И. П. Павлов пікірінше, бірнеше жүйелі саты байқалады. Олар па-

рабиоз сатыларына ұқсас жəне гипноздық сатылар деп аталады. 

Гипноз жағдайында үлкен ми жарты шарлары қыртысының көп 

бөлігі тежелу күйінде болады да, гипнозшы берген бұйрықтар 

ми қыртысының тек белгілі бір аймағын қоздыра түседі. Индук-

ция процесімен байланысты тежеулі учаскелер мұндай қозуды 

күшейте түседі, ал қозған аймақтағы теріс индукция басқа 



628

учаскелердегі тежелуді тереңдете береді. Осымен байланысты 

гипнозшының бұйрықтары өте күшті əсер етеді. Гипноз кезінде 

толық тежелмеген ми қыртысы парадоксальдық сатыда бола-

ды да, əлсіз тітіркендіргіштер (гипнозшы сөзі) əсері күшейеді. 

Ультрапародоксальдық сатының туындауымен байланысты гип-

ноздағы адамда нақтылы əсерге қарама-қарсы түйсік тудыруға 

болады.


Жануарларда гипноз қауіп төнген кезде қимылсыз тырып ете 

алмайтын күймен бейнеленеді. Жалпы, гипноз - шала ұйқыдағы 

күй. Бұл кезде ми жарты шарлары қыртысының тек белгілі бір 

аймағында сергектік сақталады да, басқа аймақтары ұйқыда бо-

лады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   464   465   466   467   468   469   470   471   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет