Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Динамикалық стереотип жайлы ілім жəне болмыстың



Pdf көрінісі
бет470/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   466   467   468   469   470   471   472   473   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

20.12. Динамикалық стереотип жайлы ілім жəне болмыстың 

сигналдық жүйелері

Табиғи жағдайда сыртқы дүние организмге белгілі бір рет-

пен əсер ететін тітіркендіргіштер көзі болып табылады. Де-

мек, тіршілік барысында организм тітіркендіргіштердің белгілі 

стереотипті тіркесімен кездесіп отырады. Осындай стереотипті 

тітіркендіргіштер тіркесі көп мəрте қайталанса, ми қыртысында 

белгілі бір ретпен бірін-бірі алмастырып отыратын қозу жəне 

тежелу ошақтарының өрнегі (мозайкасы) пайда болады. Осы-

дан үлкен ми жарты шарлары қызметінде жүйелілік немесе 



631

И. П. Павлов айтқандай, динамикалық стереотип, қалыптасады. 

Мұның нəтижесінде организм үнемі қайталанып отырылатын 

тітіркендіргіштер жиынтығына белгілі əрекеттер ретімен жа-

уап береді. Сонымен, динамикалық стереотип дегеніміз - ми 

қыртысындағы уақытша байланыстар жүйесі, белгілі бір рет-

пен атқарылатын шартты рефлекстердің жүйелі тізбегі.

Егер жануарда белгілі ретпен қайталанып отыратын бірнеше 

рефлекс қалыптастырылса, онда олар өзара тығыз байланысқан 

жүйеге бірігеді. Мысал ретінде тəжірибесі аз ит үйретушілері жиі 

жіберетін қателікті келтіруге болады. Кейбір жағдайда «отыр!» 

деген бұйрықтан кейін ит отыра қалады да, одан əрі өз бетімен 

жатады, кедергіден əрі-бері қарғи бастайды. Мұндай əрекеттің 

себебі жаттықтырушының кезінде осындай ретпен көп мəрте 

бұйрық қайталағанында. Осының салдарынан динамикалық сте-

реотип қалыптасып, алғашқы берілген бұйрық иттің бірнеше 

тізбекті əрекетінің атқарылуына себепші болады. Динамикалық 

стереотип қалыптастыру ми қыртысының өте күрделі синтез-

деу жұмысымен байланысты жəне жүйке жүйесі үшін ең қиын 

міндет болып табылады. Бірақ бір рет қалыптасқан стереотипті 

сақтау онша қиынға соқпайды, оны жою немесе өзгерту өте 

қиын. Жақсы қалыптасқан стереотипті өзгерту мүмкін болмай-

ды жəне көп жағдайда бұл жоғары дəрежелі жүйке қызметінің 

бұзылуына соқтырады. Сондықтан жас малды белгілі тəртіпке 

үйреткен кезде олардың қойылған талапты толық орындауын 

жүйелі түрде қадағалап отырған жөн. Өйткені малды үйретуде 

жіберілген қателер оларды болашақта тиімді пайдалануға, 

малдың шаруашылыққа пайдалы қасиеттерін қалыптастыруға 

мүмкіндік бермейді.

Болымыстың сигналдау жүйелері. Адам мен жануарлардың 

жоғары дəрежелі жүйкелік қызметі сыртқы немесе ішкі орта-

ның əртүрлі тітіркендіргіштерінің əсерінен қалыптасады. Бұл 

тітіркендіргіштер түрлі сезім мүшелері арқылы əсер етеді. 

Осы сезім мүшелерінің қызметі нəтижесінде жануарлар нақты 

жағ дайды талдап жəне жинақтап отырады, сондықтан сезім 

мүшелері  бірінші сигналдық жүйені құрайды. Бұл жүйе адамға 

да, жануарларға да ортақ, ол болмыстың тікелей сигналдау жүйесі 

болып табылады.

Болмысты сигналдаудың тағы да бір ерекше екінші жүйесі 

болады. Ол əлеуметтік даму процесінің əсерінен адамдарда ғана 

дамыған. Бұл жүйе - сөз. Сөз арқылы сыртқы жəне ішкі ортада бо-

лып жатқан құбылыстар хабарланады. Екінші сигналдық жүйенің 



632

арқасында адамдар ойлау қабілетін иеленеді. Екінші сигналдық 

жүйе бірінші сигналдық жүйе негізінде қалыптасады. Адамда екі 

сигналдық жүйе функционалдық байланыста болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   466   467   468   469   470   471   472   473   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет