Оқулық. Алматы: жшс рпбк


Жоғары дəрежелі жүйкелік қызметтің типтері



Pdf көрінісі
бет471/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   467   468   469   470   471   472   473   474   ...   542
20.13. Жоғары дəрежелі жүйкелік қызметтің типтері 

жайлы ілім

Жоғары дəрежелі жүйкелік қызметтің типтері (нұсқалары) 

деп жүйке жүйесінің жеке дарақтарға тəн қасиеттерінің жиынты-

ғын айтады. И. П. Павлов ілімі бойынша жоғары дəрежелі жүйке-

лік қызметтің жеке сипаттары қозу мен тежелу процестері-

нің пайда болып, өршу ерекшеліктеріне байланысты. Бір текті 

тітіркендіргіштер тіркесіне бір түлік мал өкілдері негізінен бірдей 

реакциямен жауап қайтарады. Дегенмен, мұқият бақылағанда 

əрбір дарақтың тек өзіне ғана тəн өзгешеліктері болатынын 

байқауға болады. Мысалы, бір атқорада бағылатын жылқылардың 

жылқышының жем үлестірер кезіндегі əрекеттеріне реакциялары 

əртүрлі келеді: бір жылқы тыныш тұрса, екіншісі жерді тарпып, 

осқырынады, үшіншісі бір орында тұра алмай, əрлі-берлі қозғала 

бастайды, т.с.с. Мал реакциясындағы бұл ерекшеліктер оның 

жүйке жүйесінің қасиеттерімен байланысты. Өз кезегінде жүйке 

жүйесінің қасиеттері ОЖЖ-де пайда болатын қозу жəне теже-

лу процестерінің арақатынасына сəйкес қалыптасады. Əр малда 

қозу жəне тежелу процестері бір деңгейде атқарылмайды. Олар 

күшімен, теңдестігімен жəне жылжымалылығымен ерекшеленеді. 

Осы қасиеттер арақатынасындағы өзгешеліктер жоғары дəрежелі 

жүйкелік қызметтің типтік ерекшеліктерінің негізіне алынады.



Жүйкелік процестердің күші ми қыртысы торшаларының 

жұмыс қабілетімен, олардың ұзақ əрі ауыр жұмыстарға 

төзімділігімен анықталады. Бұл қасиет қыртыс торшаларының 

жұмысқа қабілеттігін сипаттайды да, дұрыс не бұрыс шарт-

ты рефлекстер қалыптастыруға қажет тітіркендіргіштердің ең 

жоғары күшімен бағаланады. Жүйкелік процестер күшті не-

месе  əлсіз болуы мүмкін. Кейбір иттерде шартты рефлекстер 

əлсіз тітіркендіргіштерге де, күшті тітіркендіргіштерге де оңай 

қалыптасады, ал басқа біреулерінде күшті тітіркендіргіштер 

əсерінен, керісінше, шектен тыс тежелу туындайды. Оларда шарт-

ты рефлекстер тек əлсіз жəне орташа күші бар тітіркендіргіштерге 

ғана қалыптасады. Организмге тым күшті тітіркендіргіш əсер 

етсе, онда жүйкелік процестері күшті жануар оған тиісті реак-

циямен жауап береді немесе мұндай тітіркендіргіштің əсерін 

жұмсартып жібереді.



633

Жүйкелік процестердің теңдестігі қозу жəне тежелу про-

цестері күшінің арақатынасымен анықталады. Егер жүй 

ке 

жүйесінде аталған процестер күші бірдей болса, онда ол тең-



ге рілген, ал бірдей болмаса, теңгерілмеген болып табылады. 

Жүйкелік процестері күшті, бірақ қозу процесі басым жануарларға 

күшті қозғыштық тəн болады, оларда оң шартты рефлекстер 

жеңіл қалыптасады, бірақ жіктеу процесі өте нашар жүреді. Егер 

қозу процесі тежелумен салыстырғанда əлсіздеу болса, ондай жа-

нуарларда күшті тітіркендіргіштер көбінесе ми қыртысында те-

желу тудырады.

Жүйкелік процестердің жылжымалылығы қозу мен теже-

лудің бірін-бірі алмастыру жылдамдығымен сипатталады. Бұл 

қасиетпен сыртқы орта жағдайына байланысты жануардың мінез-

қылығының өзгеру шапшаңдығы байланысты. Жүйкелік процес-

тер жылжымалы (лабильді) немесе тоқыраңқы (инертті) болуы 

мүмкін. Жүйкелік процестердің жылжымалылығы жоғары бол-

са, жануар сыртқы ортаның құбылмалы жағдайларына шапшаң 

бейімделеді.

Жүйкелік процестердің қасиеттері жүйке торшаларының 

өзіндік құрылым ерекшеліктерімен байланысты. И. П. Павловтың 

пікірінше, жүйке торшаларының өзіне тəн функционалдық қоры 

болады жəне ол торша əрекетімен байланысты шығындалып оты-

рады. Күшті жүйке торшаларында функционалдық қор мол бола-

ды, сондықтан олар ұзақ мерзім бойына жоғары деңгейде қызмет 

атқара алады. Əлсіз жүйке торшалары ұзақ, күшті жұмысқа шы-

дай алмайды, олар функционалдық қорын тез шығындайды.

Жүйкелік процестердің жылжымалылығы тек жүйке 

торшаларының құрылым ерекшеліктері мен қасиеттеріне ғана 

емес, вегетативтік жүйке жүйесінің тонусына, гуморальдық рет-

теу механизмдерінің деңгейіне байланысты. 

Жоғарыда аталған жүйкелік процестердің үш қасиеті - күші, 

теңдестігі жəне жылжымалылығы жүйке жүйесінің типтік 

ерекшеліктерінің негізінде жатады да, жануардың мінез-

қылықтық реакцияларына, организмнің жалпы тонусына, оның 

жұмыс қабілеті мен өнімділігіне əсер етеді.

Жүйкелік процестердің күшіне, теңдестігіне жəне жылжы- 

 

ма 


лылығына қарай И. П. Павлов жоғары дəрежелі жүйкелік 

қызмет ті төрт типке бөлген. Олардың біреуі əлсіз, ал қалған үшеуі 

- күш ті. Күшті типтерді ол ұстамды жəне ұстамсыз, ал ұстамды 

типтерді ширақ жəне инертті деп бөледі (235-сурет).

Демек, И. П. Павлов жіктеуі бойынша, жоғары дəрежелі 



634

жүйкелік қызмет əлсіз, ұстамсыз, ширақ жəне тоқыраңқы бо-

лып бөлінеді.

Ұстамсыз типке жататын жануарларда қозу мен тежелу про -

цестерінің күші жоғары болады да, қозу процесі тежелуден ба-

сымырақ келеді. Ми қыртысында қозудың күші басым бол ған-

дықтан ол тез жайылады да, ішкі тежелу процесінің туындауы, 

жіктеу процесі қиынға соғады. Бұл типке жататын жануарлар ша-

мадан тыс қозғыш, агрессивті, ұстамсыз, үркек келеді, үйретуге 

қиын көнеді.

Ширақ типке жататын жануарларда қозу мен тежелу про-

цес терінің күші жеткілікті əрі шамалас болады жене бір процесс 

екіншісімен оңай, шапшаң алмасады. Ми қыртысында оң жəне 

теріс индукция айқын байқалады, сондықтан жүйке процестері 

шамадан артық жайыла алмайды. Бұл типке жататын жануар-

лар сыртқы орта жағдайларына шапшаң бейімделеді, əрбір жаңа 

тітіркендіргішті тез аңғарады, оларды оңай қабылдайды.

Тоқыраңқы тип өкілдерінде де жүйке процестерінің күші 

жеткілікті болады, бірақ оларға тоқырау сипаты тəн болғандықтан 

бір-бірімен баяу алмасады. Ми қыртысы торшаларында пайда 

болған қозу не тежелу процесі басқа аймақтарға таралмай, сол 

пайда болған жерінде ұзақ уақыт сақталып қалуы мүмкін. Мұндай 

типке жататын жануарлардың сыртқы əсерге жауабы əлсіз, баяу 

келеді, сондықтан олар қоршаған ортада байқалатын шапшаң 

өзгерістерге нашар бейімделеді.



Əлсіз типке жататын жануарларда қозу жəне тежелу процес-

тері нашар туындайды. Олардың сезімталдығы жоғары болғаны-

мен, жұмыс қабілеті, төзімділігі төмен, сыртқы орта жағдайла-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   467   468   469   470   471   472   473   474   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет