Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет118/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

62-сурет. Дем алу жəне дем шығару 

про  цестеріне жүйкенің əсері: 

1 - пневмо-

г ра м ма; 2 - альвеолалар саңлауының өзге ріс-

тері; 3 - кезеген жүйкенің орталыққа тепкіш 

талшығынан жазылған импульстер жиілігі; 

4 - тыныс шығару орталығының тыныс алу 

орта лығына тежеуші əсері; 5 - тыныс алу орта-

лығынан тыныс еттеріне импульстің жіберілуі 

63-сурет. Кезеген жүйкенің тыныс ырғағына əсері: 

Жүйкені дем шығару 

(1) жəне дем алу (2) кезінде тітіркендіру; 3 - қалыпты тыныс; 

нүсқама жүйкені қиған сəт

жиілейді. Осыған байланысты түрлі эмоция, қызбалану, шағы-

лыстыру процесі тыныс ырғағын өзгертетін факторлар болып та-

былады.

Тынысты рефлекстік жолмен реттеуде күре тамыр мен қол-

қаның рефлексогендік аймақтарындағы хеморецепторлардың да 

маңызы зор. Гейманс деректеріне қарағанда, бұл аймақтардың 

хеморецепторлары көмір қышқыл газының артық мөлшерінің 

əсерінен немесе оттегінің үлес қысымының төмендеп кетуінің 

салдарынан қозса, тыныс жиілейді.

Тынысты рефлекстік жолмен реттеуге қабырға аралық еттер 

мен көк еттің механорецепторлары да қатысады. Бұл еттердің 



148

сезімтал жүйкелерін тітіркендіргенде тыныс алу орталығының 

қызметі тежеліп, дем шығару орталығы қозады. Тыныс ырғағы 

ауырсыну түйсігінің, салқындықтың, жылылықтың əсерінен де 

өзгеріп отырады. Тыныс орталығының тонусын сақтауда мұрын 

қуысынан үштармақ жүйке арқылы келетін қозу толқындарының 

да маңызы зор.

Тыныс орталығының негізгі гуморальды реттеушісі - көмір 

қышқыл газы. Қан құрамында СО

2

 көбейсе, орталықтың қызметі 



күшейіп, тыныс тереңдеп, жиілейді. Керісінше, СО

2

 азайса, ты-



ныс сирейді, кей жағдайда аз уақытқа тоқтап та қалады (апноэ).

Тынысты реттеуде қанның газдық құрамының маңызын 

Л. Фредерик айқас қан айналым жасаған тəжірибесімен дəлелдеген. 

Бұл тəжрибеде арнаулы операция арқылы екі иттің күре тамырла-

ры мен ойыс веналарын айқастырылып жалғастырылады. Оның 

нəтижесінде бірінші иттің денесінен қан екінші иттің басына, 

ал екінші иттің денесінен бірінші иттің басына баратын болады 

(64-сурет). Егер бірінші иттің кеңірдегін қысып, оны тұншықтырса 

(асфиксия), екінші иттің тынысы жиілейді, ол ентіге бастайды 

(диспноэ). Оның себебі, тұншықтырудың əсерінен бірінші иттің 

қанында СО

2

 көбейіп (гиперкапния), оттегі азаяды (гипоксемия)



Осындай құрамды қан екінші иттің тыныс орталығына əсер 

етеді де, оның тынысы жиілейді, өкпенің желдетілуі күшейеді. 

Демек, екінші иттің қанында оттегі көбейіп, көмір қышқыл газы 

азаяды. Бұл қан бірінші иттің басын қоректендіретіндіктен, оның 

тыныс орталығының қозғыштығы төмендеп, тыныс сирейді не-

месе тоқтайды (апноэ). Сонымен, оттегінің жетіспеуі жəне көмір 

қышқыл газының қанда жиналуы тыныс орталығын қоздыратын 

факторлар болып табылады. Тыныс орталығының қозғыштығына 

қандағы сутегі иондарының концентрациясы да əсер етеді.

Тыныс орталығына автоматизм қасиеті де тəн. Сопақша 

миды оқшаулағанның өзінде ор талықта қозу толқындары туын-

дай береді. Бұл қасиетті 1882 

жылы И. М. Сеченов аш 

қан. 


Орталық автоматизмі жүй-

ке торшаларында зат алмасу 

процесінің қарқынды жүруімен 

байланысты. Зат алмасу кезінде 

түзілген СО

2

 сол торшалардың 



өзіне əсер етіп, қозу толқынын 

тудырады. Бұл баяндалған жай-

дан тыныс орталығы өкпеден, 

қабырға аралық еттерден, көк 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет