Ұлпадағы газ алмасу. Ұлпаларда да газ алмасу процесі газ-
дардың үлес қысым айырмасына сəйкес жүреді.
Торшаларда тотығу процесінің əсерінен көмір қышқыл
газы түзіліп, оның үлес қысымы с.б. 60 мм-ге дейін көтеріледі.
Ұлпа лық сұйықта бұл газдың қысымы 46 мм, ал ағзаға келетін
қанда - 40 мм. Сондықтан диффузия заңдылығына сəйкес СО
2
торша лардан ұлпалық сұйыққа, одан əрі қанға өтеді. Ағзалардан
шығатын қанда көмірқышқыл газының үлес қысымы оның ұлпа
сұйығындағы деңгейіне дейін көтеріледі.
Дене торшалары оттегіні өте қарқынды сіңіреді, сондықтан
оның ұлпадағы үлес қысымы нөлге тең. Ұлпалық сұйықта
оттегінің қысымы 20-40 мм, ал артерия қанында 95-100 мм ша-
масында сақталады. Осыдан оттегі қаннан ұлпалық сұйыққа
толассыз өтеді де, вена қанындағы оның қысымы 40 мм дейін
төмендейді. Ұлпалар қандағы оттегінің 40 пайызын ғана сіңіреді,
демек, вена қанының құрамында 12 көлем пайыз оттегі сақталады.
Ұлпалардың оттегіні сіңіру қабілеті ағзалардың физио
ло-
гиялық күйіне байланысты өзгеріп отырады. Қызмет үстіндегі
ағзалардан шыққан қан құрамында тыныштықтағы орган-
дар қанымен салыстырғанда, оттегінің мөлшері азырақ. Арте-
рия қанындағы оттегінің ұлпаларға өткен пайыздық мөлшерін
оттегіні пайдалану коэффициенті деп атайды. Оны анықтау
үшін артерия қаны мен вена қанындағы оттегі мөлшерінің айыр-
масын тауып, 100-ге көбейтеді де, оттегінің артерия қанындағы
мөлшеріне бөледі. Бұл коэффициент тыныштық жағдайда 30-40
пайызға, ауыр жұмыс атқарғанда 50-60 пайызға дейін жетеді.
Ағзалардың оттегіні сіңіру қабілеті іске қосылған капилляр-
лар санына қарай өзгеріп отырады. Жұмыс үстінде түзілетін
сүт қышқылы, көмір қышқылы сияқты ыдырау өнімдері мен
температураның жоғарылауы ағзалардың оттегіні сіңіру қабілетін
күшейтіп, оттегіні пайдалану коэффициентін жоғарылатады.
Жануарлар бұлшық етінде қызыл түсті ерекше тыныс пигменті-
миоглобин кездеседі. Ол негізінен ұзақ уақыт ырғақты жиыры-
латын еттерде (құстардың қанат еттерінде, жүрек еттерінде,
шайнау еттерінде) жинақталады. Бұл еттер жиырылғанда капил-
лярлар қысылып, қан айналымы нашарлайды. Миоглобиннің
144
оттегі қорын жинауының арқасында жиырылу жағдайындағы ет-
тер оттегі тапшылығына ұшырамайды. Еттер босаңсыған кезде
ұлпаларға өткен оттегі тек биологиялық тотығу процесін жүргізу
үшін ғана емес, миоглобинді қанықтыру үшін де пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |