Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет116/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

7.5. Тыныстың реттелуі

Тыныс қимылдары дұрыс атқарылу үшін көптеген еттердің 

үйлесімді əрекеті керек. Мысалы, дем алғанда бір мезгілде көк 

ет, көкірек қуысының, танаудың, жұтқыншақтың еттері жиы-

рылады. Олардың жиырылу күшіне қарай тыныстың тереңдігі 

өзгереді. Жоғарыда аталған еттердің босаңсуының нəтижесінде 

дем шығады. Ал енді осы еттердің жиырылу күші мен ырғағы, 

өкпенің желдетілу дəрежесі организмнің мұқтаждығын қамта-

масыз ететіндей деңгейде жүру керек. Бұл күрделі реттеуді талап 

ететін процесс. 

Тыныс алу процесін қамтамасыз ететін еттердің үйлесімді 

қызметі арнаулы тыныс орталығымен реттеледі. Мида тыныс 

орталығының болатыны жайлы алғашқы болжамды 1812 жылы 

Легалуа айтқан. Осыдан отыз жыл өткен соң 1842 жылы Флу-

ранс арнаулы тəжірибе арқылы сопақша миға ине қадап тыны-

сты тоқтатып, малды өлтіруге болатынын дəлелдеген. Сопақша 

мидың осы нүктесі “өмір түйіні” деген атқа ие болған. 1885 жылы 

орыс физиологы Н. А. Миславский тыныс орталығының сопақша 

мидың торлы құрылымының төртінші қарыншасының түбінде 

орналасатынын анықтаған. 

Тыныс орталығы - дем алу (инспирация) жəне дем шығару (экс-

пирация) бөлімдерінен тұратын симметриялы құрылым (61-су-



рет). Кейінгі кездегі зерттеулер дем алу жəне дем шығару орта-

лықтары қызметінің ми көпірінде орналасқан жоғары деңгейдегі 

арнаулы орталықпен реттелетінін дəлелдеді. Оны Лумсденнің 

10–888



146

пневмотаксистік орталығы деп атай-

ды. Ол дем алған кезде дем шығару 

орталығын, ал дем шығарған кезде дем 

алу орталығын қоздырып, дем алу жəне 

дем шығару про 

цестерінің ырғақты 

түрде алмасып отыруына мүмкіндік 

туғызады. 

Тыныс орталығы орталықтан те 

бе 

тін жүйке талшықтары 



арқылы жұ лын ның мотонейрондарымен байланысады. Жұ лын-

ның көкірек бөлігінің төменгі (вентральды) мүйізінде қабыр-

ғааралық еттердің, ал мойын бөлігінің 3-4 омыртқа деңгейінде көк 

еттің қызметін реттейтін нейрондар орналасады. Танау еттерінің 

жиырылуын реттейтін жүйке талшықтары беттік жүйке, ал кө-

мекей еттерінің қызметін реттейтін талшықтар кезеген жүйке 

құрамында болады.

Тыныс орталығы не рефлекстік жолмен - орталыққа тепкіш 

жүйкелер арқылы келген қозу толқындарының əсерінен, не гумо-

ральды жолмен – түрлі химиялық заттардың əсерінен, қозады. Ты-

нысты рефлекстік жолмен реттеуде өкпеден, плеврадан, көкірек 

жəне құрсақ еттерінің механорецепторларынан орталыққа келетін 

қозу толқындарының да маңызы зор.

Өкпе ұлпасынан тыныс орталығына рефлекстік əсер бола-

тынын 1868 жылы Э. Геринг пен И. Брейер дəлелдеді. Кезеген 

жүйке өкпеде екі түрлі механорецепторлар түзеді. Олардың 

бірі өкпе ұлпасы керілгенде, екіншісі – ол солғанда тітіркенеді. 

Дем алу кезеңінде өкпедегі механорецепторлар қозу толқынын 

кезеген жүйке талшықтары арқылы тыныс орталығындағы 

экспирациялық нейрондарға бағыттайды да, инспираторлардың 

əрекеті тоқтап, дем шығару кезеңі басталады. Ал дем шығарған 

кезде механорецеп- торлардың екінші түрі тітіркеніп, қозу 

толқыны инспирациялық нейрондарға бағытталады. Дем алды-

ратын орталықтың қозуына байланысты инспираторлар жиы-

рылып, дем алынады. Сонымен, дем алу рефлекстік жолмен дем 

шығаруды, ал дем шығару – дем алуды тудырады да, тыныс алу 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет