Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет115/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   542
Ұлпалық тыныс - торшалардың оттегіні сіңіріп, көмір қыш-

қылын бөлу процестерімен сипатталады. Ол күрделі химиялық 

реакциялар тізбегі болып табылады да, нəтижесінде торшалар 

мен ұлпаларда қоректік заттар тотығып, соңғы ыдырау өнімдері - 

су мен көмір қышқыл газы бөлінеді.

Органикалық заттардың торшалар мен ұлпаларда тотығу 

процесі көптеген ферменттердің қатысуымен жүреді. Организм 

торшаларында  цитохромдар (оксидазалар) деп аталған фер-

менттер болады. Олар флавин ферменттерінің оттегімен өзара 

əрекеттесуін қамтамасыз етеді. Цитохромдар күрделі пигментті 

белоктар - хромопротеидтерге жататын катализаторлар тобынан 

құралады. Олардың белоксыз құрамасында гемге ұқсас темірлі 

заттар болады. Цитохромдар оттегі мен флавин ферменттерінің 

арасындағы арнаулы дəнекерлер. Олардың əрекетімен əрбір 

молекулаға төрт электрон беріледі де, оттегі төрт протонмен 

60-сурет. Торшалық тыныс сызбасы

қосылып, су түзеді. Бұл процесті мына сызба түрінде бейнелеуге 

болады (60-сурет).

Цитохромдардың қайтарымды тотығуы мен тотықсыздануы 

белоксыз құрамадағы темірдің валенттілігінің өзгерістеріне бай-

ланысты. Тотыққан жағдайда цитохромдағы темір үш валентті 

күйде болады (Ғе

+++


), бірақ электронды қабылдау арқылы темір 

екі валентті күйге көшеді.

Цитохромдардағы темір атомдары валенттілігінің өзгеруі 

сутегі иондарын (протондарды) қосып алу немесе бөлумен қо-

сарланбайды. Сондықтан цитохромдарды сутегінің тасымал-

даушысы ретінде қарамау керек, олар электрондарды тасымал-

даушы болып табылады. Электрондар бір цитохромнан екінші 

цитохромға ауыса отырып, ең соңында цитохромоксидазаға бе-

ріледі. Цитохромоксидазаның қалыпты түрі оттегі молекуласы-



145

мен əрекеттесе отырып, оған электронды береді де, су түзуге 

мүмкіндік туғызады.

Ұлпаларда  көмір қышқыл газы органикалық қышқылдардан 

карбоксил тобын бөлу (карбоксильсіздеу) нəтижесінде түзі-

леді. Бұл реакция декарбоксилаза ферментімен жанданады. 

От те гіні сіңіру мен көмір қышқыл газын бөлу процестерінің 

арасындағы тəуелділік бета–кетоқышқылдарға тіреледі. Олар 

түрлі органикалық заттардың (көмірсулардың, майлардың, амин 

қышқылдарының) тотығуы нəтижесінде пайда болады. Тотығу 

процесі кезінде сутегінің басты қабылдаушысы (акцепторы) 

ауадағы оттегі болып табылады. Сол себепті оттегіні сіңірмей 

көмір қышқыл газының көзі болып табылатын кетоқышқылдар 

түзілмейді. Бұл процестер мына реакция түрінде бейнеленеді: 

R–СО–СООН + Н

2

О – Н



2

 

 СООН+СО



2



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет