180
бөлімді қарынның тек бір ғана бөлімінде құрамында ферменттері
бар қарын сөлі бөлінеді, оны нағыз қарын деп атайды.
Қарын қабырғасы сірлі, етті жəне кілегейлі қабықтардан
құралған. Өз кезегінде етті қабық үш қабаттан - бойлама, сақинаша
жəне қиғаш еттерден түзілген. Жалғыз бөлімді қарынның кілегейлі
қабығында қарын аймақтары мен шұңқырлары болады. Қарын
аймақтары арнаулы түтікше бездері бар кілегейлі қабықтың аз
ғана бөліктерінен құрылған. Қарын шұңқырлары - эпителий ойыс-
тары, онда түтікше бездердің өзектері ашылады (78-сурет).
78-сурет. Қарынның түтікше бездері
құ рылысының схемасы:
1 - беткей эпи-
телий; 2 - қарын шұқыршақтары; 3 - қо-
сым ша торшалар; 4 - көмкерме торшалар;
5 - негізгі торшалар; 6-саңлау; 7 - кілегей
ас ты қабық; 8 - бездің көлденең қиындысы;
9 - эндокриндік торшалар; 10 - кілегейлі
қабықтың табақшасы
Қарынның əртүрлі аймақ
та-
рын да кардиалық, қарын түбі жə не
пилорус бездері орналасады. Бұл
бездер қосымша, негізгі жəне кө-
мкерме торшалардан түзіледі.
Қосымша торшалар қарынның
кардиалық жəне пилорус бөліктерінде орын тебеді, олар шырыш
бөледі. Негізгі торшалар қарын түбі мен пилоруста орналасады,
олар фермент (пепсиноген мен реннин) бөледі. Көмкерме торша-
лар қарын түбінде
ғана болады, олар тұз қышқылын бөледі.
Құстың безді қарнында көмкерме торшалар болмайды, сон-
дықтан негізгі торшалар əрі фермент əрі тұз қышқылын бөледі.
Кейбір түлік қарнында аталған аймақтармен қатар көп қабатты
жалпақ эпителиймен астарланған безсіз аймақ та болады. Осы-
мен байланысты қарынды безді-ішек типтес жəне аралас өңеш-
ішек типтес деп жіктейді.
Достарыңызбен бөлісу: