Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет144/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

76-сурет. 

Сиырдың шықшыт бе-

зінен сілекейдің бөлінуін сипаттай-

тын диаграмма (пайыз). Дөңгелек 

ішіндегі сандар сілекей бөлу қан-

қынын (мл/мин) бейнелейді

12–888



178

жоғары келеді. Бұл сілекей сүтпен араласа келіп қарында ірімтік 

түйірлердің пайда болуын қамтамасыз етеді.

Жұту процесі. Азықты шайнау жəне сілекеймен шылау ке-

зінде оның жұтуға жарамды бөлігі ұсақталып жентектеледі, азық 

түйірі тіл қимылы арқылы таңдайға басылып, жұтқыншаққа қа-

рай жылжиды. Осы кезде жұмсақ таңдай мен тілшік жиырылып, 

көтеріледі де, жұтқыншақтың жоғарғы мұрынмен жалғасатын 

бөлігі жабылады. Тілдің жиырылуына байланысты көмекей 

қақпақшасы иіліп көмекейді жабады да, азық жентегінің тыныс 

жолдарына түспей өңешке қарай өтуіне мүмкіндік жасалады.

Жұту процесі рефлекс түрінде атқарылады. Ол тізбектелген 

бірнеше əрекеттер жиынтығы. Бұл процесс азық жентегінің 

таңдай мен тіл түбіндегі тіл-жұтқыншақ жүйкесінің сезімтал 

ұштарын тітіркендіруінен басталады. Қозу толқыны сопақша 

мидағы жұту орталығына бағытталып, одан тіл асты, үшкіл, 

тіл-жұтқыншақ, кезеген жүйкелердің эфференттік талшықтары 

арқылы ауыз қуысының, жұтқыншақтың, көмекей мен өңештің 

еттеріне беріледі. Тіл мен жұтқыншақ еттерінің үйлесімді 

жиырылуының əсерінен азық жентегі өңеш шанағына өтеді де 

(77-сурет), одан əрі өңеш бойымен қарынға қарай жылжиды.

Өңештің мойын бөлігіне азық жентегі өте баяу өтеді. Оған 



 77-сурет. 

Тыныс алу (А) жəне жұту (Ə) процестері кезіндегі 

жұтқыншақтың жағдайы

өңештің бойлама жəне ішкі сақинаша қабатты еттерінің толқынды 

жиырылуы себеп болады. Өңеш еттерінің жиырылу күшіне қарай 

жұтылған азық жентегі пішінсізденіп (деформацияланып), оның 

кеуде бөлігіне қарай баяу жылжиды. Қарынға өтер алдында 

жұтылған азық бөлігі келесі үлеспен (порциямен) қосылғанға 

дейін аздап аялдайды. Одан əрі өңештің бірыңғай салалы ет-

терінің күшті жиырылуының салдарынан онда жинақталған 

азық жентегінің бір бөлігі қарынға сығылып түседі де, ал қалған 

бөлігі өңештің кеуде бөлігіне қарай кері ығысады. Азықтың 

келесі порциясы жұтылғанда жоғарыда айтылған жағдайлар тағы 

қайталанады. Жұтылған азық үлесінің өңештің кеуде бөлігінде 

аялдауы қарынның тоқтығына байланысты болғанымен, ол аш 

қарын жағдайында да байқалады.




179

Жұтылатын азық үлесінің мөлшері əртүрлі болады. Кіші 

порциялар өңеште көбірек аялдайды да, үлкендері тезірек өтеді. 

Орта есеппен жұтылған азық порциясы өңештен сиырда - 11,7, 

жылқыда - 8-12, шошқада - 2,5-3, итте 4-7 секунд ішінде өтеді. 

Жұтылатын жентектің саны малдың тəбетіне байланысты. Орта-

ша тəбетті жағдайда жылқы 1,5 минутта 10-14 жентек жұтса, 

тəбеті жақсы кезде салмағы 20-100 грамм шамасындағы 30 жен-

текке дейін жұта алады.

Жұтылған сұйық өңеш еттерінің көмегінсіз-ақ оның кеуде 

бөлігіне келіп түседі. Одан əрі сұйық өңештің бірыңғай салалы 

еттерінің жиырылуы арқылы жылжиды. Тек аз мөлшерде жəне 

жекелеп жұтылған сұйық қарынға өтпес бұрын өңештің кеу-

де бөлігінде аз ғана аялдайды, ал сұйықты көп мөлшерде ішкен 

жағдайда ол қарынға үздіксіз сорғалап құйылады. Жұтылған 

сұйық өңештен 1,5-3 секунд ішінде өтеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет