жағдайында тек шырыш пен пилорус сөлі бөлінеді. Қарын түбі-
əсерімен бөлінеді. И. П. Павлов зерттеулері қарын бездерінің
көрсетті. Оның тəжірибелерінде көмірсу көзі ретінде нан, белок
болмаған, айырмашылық тек кейінгі сағаттарда ғана байқалған.
183
мөлшері етке, содан кейін нан мен сүтке бөлінген. Ең жоғары
қышқылдық жануарлар белогын, ал төмен қышқылдық өсімдік
белогын бергенде байқалған. Аралас азық берген соң 0,4 - 0,8 л
сөл бөлініп, секрециялау процесі 5-6 сағат бойына жүрген. Етке
сөл бөлу екі сағат ішінде қатты күшейіп, 7-8 сағаттан соң тоқтаған.
Ал нанға 1-сағатта сөл көп бөлінген, содан кейін күрт төмендеп,
10 сағат бойына сөл бөлу төменгі деңгейде жүрген.
Қарын бездерінің қызметі күрделі рефлекстік жəне нейро-
гуморальдық жолдармен реттеледі. Бұл реттеу тетіктерінің əсері
соншалықты айқын байқалатындықтан, сөл бөлу процесін екі
кезеңге бөледі.
Бірінші – күрделі рефлекстік кезең қабылданған азықтың
ауыз қуысының сезімтал жүйке ұштары мен түрлі талдағыштарға
əсерінен басталады. Бұл процесс сілекей бөлу механизміне ұқсас,
айырмасы - қарын сөлі азыққа жатпайтын заттардың əсерінен
(құм, қышқылдар, т.б.) бөлінбейді. Демек, қабылданған азық
ауыз қуысындағы рецепторларды тітіркендіріп, пайда болған
қозу толқыны орталыққа тепкіш жүйкелермен (тіл-жұтқыншақ,
үшкіл, кезеген жүйкелер) сопақша мидағы қарын сөлінің бөлінуін
реттейтін орталыққа беріледі. Орталықтан қарын бездеріне кезе-
ген жүйке арқылы бағытталған импульстердің əсерінен қарын сөлі
бөлінеді. Сөл бөлудің рефлекстік табиғатын кезеген жүйкелерді
қию арқылы дəлелдеуге болады. Кезеген жүйкелерді қиғаннан
кейін қарын сөлі бөлінбей қалады.
Қарын сөлінің рефлекстік жолмен бөлінетінін И. П. Павлов
«Жалған тамақтандыру» тəжірибесімен дəлелдеді
(81-сурет).
Қар нына көбек қойылған иттің хирургиялық операция арқылы
өңешін тесіп қойса (эзофаготомия), ит жеген тамақ қарынға жет-
пей, өңеш тесігінен түсіп қалады. Осыған қарамай 5-8 минуттан
Достарыңызбен бөлісу: