Иттің қарны бір бөлімді ағза. Кардиалық аймақ ауданы ша-
лы ғана жіңішке құрылым. Пилорус бөлімі қысыңқы жəне
жар тысын қарын түбі алады. Қарынның жалпы сыйымдылығы
1,2-1,5 л. Өңештің қарынға жалғасқан жерінде кіреберісті жаба-
181
Тұз қышқылының қарындағы ас қорытуда маңызы өте зор. Ол
пепсиногенді белсенді пепсинге айналдырады; қарында белоктар-
ды ыдырататын ферменттерге қажет тиімді сутектік көрсеткіш
деңгейін (рН) сақтауға мүмкіндік береді; бактерицидтік қызмет
атқарады; белоктарды ісіндіріп, олардың құрылысын бұзып (де-
натурациялап), қорытылуын жеңілдетеді; гастриннің бөлінуін
тежеп, секретиннің бөлінуін күшейтеді, пилорус рефлексін
реттейді.
Қарын сөлі құрамында белоктар, полипептидтер, мукопро-
теидтер, несепнəр, несеп қышқылы, амин қышқылдары түрінде
органикалық жəне натрий, калий, магний, НСО
3
–
, НРО
4
2–
, SО
4
2–
түрінде бейорганикалық заттар жəне белоктар мен майларды
ыдырататын ферменттер болады. Белокты ыдырататын фермент-
тер тобына пепсин, катепсин, реннин (химозин) жатады.
Пепсин мен реннин эндопептидаздар класына жатады. Олар-
дың бастапқы түрі молекулалық массасы 72000-ға тең тарам-
далмаған жалғыз полипептидтік тізбектен түзілген пепсиноген
болып табылады. Қышқыл ортада тізбектің N - ұшындағы Лей
44
–
Иле
45
пептидтік байланысының үзілуінің салдарынан пепсино-
геннен молекулалық салмағы 3200 тең басытқы (белокты кешен)
бөлінеді де, пепсин пайда болады. Пепсиноген бірнеше пепти-
даза қосындысы деген де болжам бар, сондықтан одан екі түрлі
пепсин: пепсин - І жəне пепсин-ІІ бөлінеді. Пепсин - І -ге тиімді
рН - 1,8 - 2,2, ал пепсин - ІІ-ге -3 - 3,5.
Пепсин өсімдік белоктарына да, жануарлар белоктарына да
əсер етеді. Ол ароматты амин қышқылдарының (фенилаланин,
триптофан, тирозин) карбоксил тобының пептидті байланыста-
рын өте тез ыдыратады да, басқа амин қышқылдарына баяу əсер
етеді. Оның əрекетінен полипептидтер, кіші молекулалы пеп-
Достарыңызбен бөлісу: