184
кейін қарыннан сөл бөліне бастай-
ды.
Қарын сөлі тек азық жегенде
ғана емес,
азықтандыру про
це-
сімен қабаттасатын түрлі шарт-
ты белгілердің (тамақ иісі, ыдыс
сылдыры, күтуші адамның кө-
рінуі, т.б.) əсерінен де бө
лі
не-
ді. Бұл процесс үлкен ми жарты
шарларындағы ас қорыту орталы-
ғынының əсерімен жүреді. Демек, сөл бөлуде шартсыз рефлек-
стерге шартты рефлекстер қосарланады. Осы себепті сөл бөлудің
бірінші кезеңін күрделі рефлекстік кезең деп атайды. Түрлі шарт-
ты белгілер əсерінен бөлінген сөлді И. П. Павлов «Тəбеттік сөл»
деген. Бұл - ас қорыту процесін жақсартатын фактордың бірі.
Сөл бөлудің күрделі рефлекстік кезеңі екі сағаттан кейін
тоқтайды. Бірақ арнаулы тəжірибелер қалыпты жағдайда сөл бөлу
процесі азық сипатына қарай 8-10 сағатқа дейін созылатынын
көрсетті. И. П. Павлов əдісімен оқшауланған қарын қалтасы жа-
салып əрі негізгі қарынына көбек орнатылған иттің қарнына тесік
арқылы тамақ салып қойса, 30 минуттан кейін қарын қалтасынан
сөл бөліне бастайды. Бұл сөл бөлудің екінші – нейро-гуморальдық
кезеңі болатынын дəлелдейді.
Сөл бөлудің екінші кезеңі механикалық жəне химиялық ті-
тіркендіргіштер (ас қорыту өнімдері - қарапайым пептидтер, түрлі
сығынды заттар, гистамин, гастрин, т.б. гормондардың) əсерле-
рінен туындайды. Химиялық заттар қарын бездеріне тіке
лей
ықпал етпейді, олар сөл бөлуді жүйке жүйесі арқылы жанданды-
рады. Егер қарынды атропинмен шайса (атропин кезеген жүйке
ұштарын уақытша істен шығарады), сөл бөлудің екінші кезеңі
тоқтап қалады. Осы себепті сөл бөлудің екінші кезеңі жүйкелі-
гуморальдық кезең деп аталады. И. П. Павлов тəжірибелері ыды-
рау өнімдері мен сығынды заттар қарынның пилорус аймағында
қанға сіңіп, фундальдық бездердің қызметін күшейтетінін
дəлелдеген.
Қарын сөлінің бөлінуін гастрин, энтерогастрин жəне гиста-
мин күшейтеді.
Гастрин - қышқыл сөл бөлінуін арттыратын полипептид.
Ол қарынның пилорус аймағында бұйығы прогастрин түрінде
түзі леді де, тұз қышқылының əсерімен белсенді гастринге айна-
лады. Гастрин фундальдық бездердің қызметін тікелей жандан-
дырады. Ол симпатикалық жəне парасимпатикалық жүйкелерді
Достарыңызбен бөлісу: