Оқулық. Алматы: жшс рпбк



Pdf көрінісі
бет162/542
Дата06.01.2022
өлшемі5 Mb.
#15983
түріОқулық
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   542
Байланысты:
[Nes pbaev T.] ZHanuarlar fiziologiyasue(z-lib.org)

92-сурет. Мес қарын бактерияларының мекендеу 

ерекше лік терінің  сызба  сы:

 

А - қарын қабырғасына 



жабысқан уреаза бөлетін бактериялар; Ə - азық 

түйір шікте ріне жабысқан бактериялар; Б-қарында 

еркін жүзіп тіршілік ететін бактериялар

бактериялар); 2-қарындағы азықтың 

түйірлеріне жабысқан бактериялар; 

3-мес қарын жынының сұйығында еркін 

тіршілік ететін бактериялар.

Аталған бактериялардың бірінші 

түрі протеаза, дезаминаза фосфатаза 

ферменттерін бөліп, белоктарды ыды-

ратады, уреа 

за 

лық белсенділік көрсетеді. Бактериялардың бұл 



түрінің құрамы тұрақты, олар азықтың сапасына қарай өзгермейді.

Бактериялардың екінші түрі полисахаридтерді көп жинақ-

тайды, ал еркін жүзген бактериялар ерігіш қанттарды шапшаң 

ыдыратады.

Мес қарын микроорганизмдері тек азық құрамындағы қорек-

тік заттарды ыдыратып қана қоймай, организм тіршілігіне қа-

жетті көптеген биологиялық қосылыстарды түзуде де зор рөл 

ат қара ды. Қазіргі кезде мес қарында К дəрмендəрісі мен В тобын-

дағы дəрмендəрілер (биотин, В

12

 дəрмендəрісі, рибофлавин, ни-



котин жəне пантотен қышқылдары, тағы басқа дəрмендəрілер) 

түзілетіні толық дəлелденді. Осымен байланысты күйісті мал В 

тобындағы дəрмендəрілерге зəру болмайды жəне рацион құрамы 

қарында оларды түзу процесіне айтарлықтай əсер етпейді де-

ген пікірлер айтылып жүр. Дегенмен, мал рационының күрт 



201

өзгеруі қарындағы микроорганизмдердің тіршілігіне қолайсыз 

əсер етіп, биохимиялық процестер сипатын өзгертеді. Мысалы, 

тек пішенмен ғана азықтандырылып жүрген қойды жемнен ғана 

тұратын рационға көшірсе, қарындағы клетчатканы ыдырататын 

бактериялардың саны азаяды да, қарын жынының қышқылдығы 

жоғарылап (рН - 4,1-4,7), ас қорыту процесі бұзылады.

Мал рационы құрамында көлемді азықтар басым болса, 

қарында клетчатканы ашытып, сірке қышқылын түзетін бакте-

риялар саны өседі. Рацион негізінен дəнді дақылдардан құрылса

қарындағы микроорганизмдердің түрлік құрамы өзгеріп, сүт, 

сірке жəне басқа да органикалық қышқылдар түзетін бакте-

риялар көбейеді. Дегенмен, əртүрлі рационда бағылған қойлар-

дың мес қарнындағы бактериялардың түрлік құрамы бірдей 

болмағанымен, жалпы саны жағынан шамалас келеді. 

Мес қарында анаэробты уақ саңырауқұлақтар - ашытқылар, 



зең саңырауқұлақтары жəне сəулелі ұсақ саңырауқұлақтар (ак-

тиномицеттер) да кездеседі. Олар азық талшықтарына жабы-

сып тіршілік етеді. Уақ саңырауқұлақтар клетчатканы ерітіп

қантты ашытады, гликогенді, амин қышқылдарын, В тобындағы 

дəрмендəрілерді синтездейді.

Қарын микроорганизмдерінің саны мен түрлік сипатына ра-

цион құрамындағы крахмалдың сапалық қасиеттері мен белок-

тың мөлшері де зор ықпал етеді. Рацион құрамындағы арпа жар-

ма сын бұршақ жармасымен ауыстырса, қарындағы бактериялар 

саны 2-2,5 есе өсіп, оның домалақ түрі көбейеді. Рационға тым 

көп мөлшерде қышқыл азықтар араластырылса, қарын жынын-

дағы инфузориялар саны азайып, олардың іс-əрекеті нашарлайды.

Баяндалған жайлар қарын микроорганизмдерінің саны мен 

құрамына мал рационының зор ықпалы болатынын байқатады. 

Сондықтан күйіс малының азықты дұрыс қорытуы үшін олар-

ды бір рационнан екінші рационға күрт ауыстырмай, бірте-бірте 

көшірген жөн. Мұндай жағдайда қарын микроорганизмдері азық 

құрамындағы өзгерістерге бейімделіп үлгереді де, ас қорыту 

процесінің дұрыс жүруін қамтамасыз етеді.

Қорыта келгенде, күйіс малының азықты дұрыс қорытып, 

тиімді пайдалануы мес қарындағы микроорганизмдердің құрамы 

мен белсенділігіне тікелей байланысты. Сондықтан да рационды 

дұрыс құру арқылы микроорганизмдердің өніп-өсуіне, тіршілік 

əрекетіне қолайлы жағдайлар туғызып, малдың өнімділігіне 

тиімді бағытта ықпал жасауға болады. Ол үшін мал рационын 

құрғанда оның құрамына кіретін азық түрлерінің қарындағы 

микроорганизмдерге тигізетін əсерін ескере отырып, бактерия-




202

лар мен инфузорияларды қажетті мөлшерде қоректік заттармен, 

əсіресе, жеңіл қорытылатын көмірсулармен қамтамасыз ету ке-

рек. Тек осындай жағдайда ғана қарын микроорганизмдерінің 

түрлік арақатынасы бұзылмай, ас қорыту, қоректік заттардың 

ыдырау өнімдерін сіңіру процестері дұрыс жүреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   542




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет