212
Мес қарында белоктардың ыдырау жылдамдығы азық құра-
мындағы протеиннің ерігіштігіне байланысты. Азықтандыр-
ған соң 3-4 сағат ішінде мес қарындағы азот мөлшері азық құ-
ра мындағы азотпен салыстырғанда 36-42 пайызға көбейеді.
Н.В.Ку
риловтың (1973) зерттеулеріне қарағанда, тек шөп пен
жем нен құралған рациондағы қойлардың мес қарнында тəулігіне
30 грамға дейін бактериялық белоктар түзіледі. Бұл жағдай мес -
қарында белокты түзу процесінің өте қарқынды жүретінінің
айғағы. Мес қарын микроорганизмдері қой организмінің белокқа
деген мұқтаждығының 20-30 пайызын қанағаттандырады.
Күйіс малы азығының құрамында 7-30 пайыз шикі протеин
болады. Ол -қолайлы арақатынасы 4:1 болуға тиісті белок пен
белокқа жатпайтын азотты заттардың қоспасы. Белокқа жатпай-
тын азотты заттар пептидтер, еркін амин қышқылдары, пурин
жəне пиримидин негіздері, холин, глютамин, аспарагин, нитрат-
тар, несепнəр түрінде кездеседі.
Мес қарындағы азоттың жалпы мөлшерінің 50-70 пайы-
зы микроорганизмдер денесі азотының үлесіне тиеді де, қалған
бөлігін жынның сұйық затында еріген жəне азық құрамындағы
азот құрайды. Қарында белокқа жатпайтын азотты заттар микро-
организмдер бөлген амидаза, аминаза, уреаза ферменттерінің
əсерімен оңай ыдырап, аммиак түзіледі.
Өсімдік белоктары қарында баяу қорытылады. Олар протеаза
жəне пептидаза ферменттерінің əсерімен пептидтерге, соңынан
амин қышқылдарына ыдырайды. Одан əрі амин қышқылдары
аминсіздеу процесіне ұшырап, аммиак пен көміртегі қосылыстары
түзіледі. Соңғы қосылыстарды микроорганизмдер өздеріне тəн
көмірсулар түзу үшін пайдаланады немесе олардан тармақ тіз-
бекті май қышқылдары, ҰМҚ түзіледі. Амин қышқылдарының
бір бөлігі биосинтезде пайдаланылып, аз мөлшері өзгеріссіз
қанға сіңеді.
Мес қарында белок алдымен протеаза ферментінің əсерімен
поли - жəне
олигопептидтерге, одан əрі бұл өнімдер
аминопеп-
тидаза, карбоксипептидаза əсерімен
амин қышқылдарына жəне
аминдерге (аспарагин, глютамин) ыдырайды. Бұл процесті əрі
қарай дезаминаза ферменті жалғастырады. Оның əсерімен амин
қышқылдары мен əртүрлі аминдер аммиакқа, май қышқылына
(ацетат, пропионат, бутират), ароматты жəне гетероциклді
қатардағы карбон қышқылдарына (фенол, дефенилпируват, ин-
доксил) ыдырайды.
Мес қарындағы аммиактың өзгерістері аспартаза ферментінің
қатысуымен жүреді. Бауырда несепнəр негізінен аспарагин қыш-
213
қылы арқылы түзіледі. Демек, күйіс малы организмінде аспара-
гин қышқылының жиналуы бауырда несепнəрдің түзілуін жыл-
дамдатып, аммиактың залалсыздануын жақсартады.
Мес қарындағы аммиак концентрациясы азық құрамындағы
протеиннің сапасына байланысты болады. Малға құрамында
қиын қорытылатын белоктар бар азық берсе, мес қарындағы ам-
мак мөлшері азаяды. Мес қарында аммиактың ең жоғары мөлшері
малға беде шөбін, ал ең аз мөлшері жүгері балаусасын бергенде
байқалады (В. А. Каплан, Н. А. Мирошниченко).
Мес қарында белоктың түзілу қарқыны микроорганизмдерді
энергиялық материалдармен - жеңіл қорытылатын көмірсулармен,
қамтамасыз етуге байланысты. Рационға крахмал мен қанттарға
бай азықтарды қосса, мес қарындағы аммиактың мөлшері төмен-
деп, бактериялық белоктарды түзу процесі күшейеді.
Мес қарын микроорганизмдері үшін тек қанттар ғана емес,
крахмал да тамаша энергия көзі. Рациондағы крахмалдың мөлшерін
25 пайызға өсірсе, мес қарындағы бактериялық белоктардың
концентрациясы көбейіп, қандағы амин қышқылдары мен сүт
құрамындағы белоктардың мөлшері артады.
Күйісті мал тек азық құрамындағы белоктарды ғана емес, со-
нымен қатар несепнəр, аммоний тұздары, нитраттар, т.с.с. белокқа
жатпайтын азот түрлерін пайдаланып, олардан белок жəне ал-
мастырылмайтын амин қышқылдарын түзе алады. Осыған бай-
ланысты ауыл шаруашылығы тəжірибесінде күйіс қайыратын
малды азықтандыруда карбамид пен басқа да синтетикалық азот-
ты заттарды кеңінен пайдалануға болады. Рацион құрамында
жетіспейтін протеин мөлшерін толықтыруға бағытталған бұл
шара мал организмінің табиғатына қайшы келмейді, өйткені
несепнəрдің біраз мөлшері малдың қарнына сілекей жəне əртүрлі
ас қорыту сөлдерінің құрамында қайта оралып отырады. Мыса-
лы, қой сілекейі құрамында тəулігіне 4,2-6,0 г несепнəр бөлінеді.
Қойда ас қорыту жолындағы белокқа жатпайтын азот үлесінің 80
пайызы сілекей азотынан тұрады.
Сонымен, мес қарында азотты заттардың негізгі ыдырау өнімі
аммиак болып табылады. Мал қабылданған азоттың 70-80 пайы-
зы амиакқа айналады. Оны микроорганизмдер алмастырылатын
жəне алмастырылмайтын амин қышқылдарын, өз денесінің бе-
логын түзу үшін пайдаланады. Осы күрделі процестерге қажет
кетоқышқылдар қанттар ыдыраған кезде бөлінеді де, күкірт пен
фосфор азық құрамында, немесе сілекеймен келеді.
Күйіс малы организмінде азотты заттардың алмасуындағы
негізгі ерекшеліктің бірі – несепнəр азотының бауыр-мес қа-
214
рын айналымына қатысуы. Мес қарында түзілген аммиак көп
мөлшерде қанға сіңіп, бауырда несепнəрге айналады. Күйіс ма-
лында несепнəрдің тек шамалы бөлігі ғана зəрмен бөлінеді, ал
көп мөлшері сілекей құрамында немесе қаннан тікелей мес
қарынға қайта оралады. Бұл эндогенді несепнəр аммиакқа ай-
налып, қайтадан микроорганизмдер белогын түзуге жұмсалады.
Осы құбылыс күйіс малына организмдегі азот қорын үнемдеп,
тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Демек, күйіс малының күйіс
қайырмайтын малдан ерекшелігінің бірі - олардың несепнəрді
ыдыратып, оның құрамындағы азотты микробтар белогын түзу
мақсатына пайдалана алатынында. Мес қарын микроорганизмдері
несепнəрді аммиак пен көмір қышқыл газына ыдырататын уреа-
за ферментін де бөледі. Қарын бактериялары мен инфузориялары
аммиакты əрі қарай амин қышқылдарын түзу үшін қажет амин
топтарының көзі ретінде пайдаланып, одан өз денесінің белогын
құрайды (8-сызба).
Карбамид құрамында (ГОСТ 2081-63) 45-46 пайыз азот бола-
ды. Азот мөлшері жағынан оның 1 кг 2,6-2,8 кг протеинге пара-
пар. Сондықтан карбамидті рацион құрамындағы протеиннің
жетіспейтін мөлшерін толықтыруға пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: